Открытый урок по теме Электрлік с?згілер
Сабақтың мақсаты: Резистор және реостат туралы жалпы мәлімет алу.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгізаңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру. Білімдік: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.Дамытушылық:Студенттердің ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Студенттерді батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу. Сабақ барысы: І Ұйымдастыру ІІ Үй тапсырмасын тексеруІІІ Жаңа сабақты түсіндіруIV Сабақты қорытуV БағалауVІ Үйге тапсырма Үй тапсырмасын тексеру.Тест1. Электр тізбегіндегі кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?А. Ток күші. В. Кернеу. С. Кедергі. Д. Жұмыс. Е. Қуат.2.Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша қалай өрнектеледі?А. I=ε/R+r . В. Q=I2 RT. С. R=I/U. Д. I=U/R. Е. R=ρS/L. 3. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?А. 0,7 А. В. 700 А. С. 7000 А. Д. 0,007 А. Е. 0,07 А. 4. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?А. R=U/I. В. R=UI. C. R=I/U. Д. R=ρS/L. Е. m=kIt.5.Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?А. 120 В. В. 220 В. С.360 В. Д. 380 В. Е. 36 В. Жауаптары: 1.В2.А3.С4.А5.В Резистор (ағыл. resіstor, лат. resіsto — қарсыласамын) — электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотехникалық немесе электртехникалық бұйым. Реостат(айнымалы резистор) – электр желісіндегі кернеуді немесе токты тежейтін және реттейтін электр құрылғысы. Қолданылуына қарай іске қосу, реттеу, жүктеме және қоздыру реостаты болып; өткізгіш элементтің материалына сәйкес металдық, сұйықтық және көмірлі реостат болып бөлінеді. Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады. Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда: а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне тура пропорционал Өткiзгiштер параллель қосу. Өткiзгiштер параллель қосылғанда: а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Бекіту 1. Есептер шығару 1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең? Берілгені: формуласынан шығатыны U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом т/к: U2-? Шешуі:Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз Жауабы: U2=12B 2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар. Берілгені:R1=R2=R3=6 Ом т/к: Rж-? Шешуі: Бұл сызбада астыңғы екеуі параллель жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз. Жауабы: Rж=9 Ом 1-тапсырма: Топ атауы Суреті Атауы Шартты белгісі Қызметі Өлшем бірлігі 2-тапсырма: Графикке қарап есептерді шығарыңыздар 3-тапсырма: Сұлбаға қарап тізбекті құрастырыңыз Топ Үй тапсырма Бекіту І тапсырма ІІ тапсырма ІІІ тапсырма Қорытынды