Электрлік ж?не магниттік ??былыстар.


Сынып: 5
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Электрлік және магниттік құбылыстар.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға  электрлік және магниттік құбылыстары жайлы түсінік беру.                             
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру.            4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау.                               5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту.                        6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
 
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
1 Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
2 Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Дыбыс дегенәміз не?
2.Дыбыс қайдан шығады?
3.Қатты шу адам организміне қандай әсер етеді?
  Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
 
3 Электрлік және магниттік құбылыстар бір-бірімен байланысқан және алуан түрлі болып келеді.Оларды көру,есту және сезіну арқылы қабылдаймыз.Күнделікті өмірде бұндай құбылыстармен ұдайы кездесіп тұрамыз.Мысалға:Жүннен және синтетикалық киімдерді шешкенде ерекше бір дыбыс шығарады.Ал қараңғы бөлмеде кәдімгідей жалт-жұлт еткен ұшқынды көруге болады. Денедегі электр өрісінің айналымға түсуін электр тоғы деп атайды. Оқушы  тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады.
4 Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды:
1.Қандай денені электрленген деп атайды?
2.Электр тоғы дегеніміз не?
3.Адам өмірінде электр тоғы қандай рөл атқарады?
4.Магнитті құбылыс дегенді қалай түсінесің?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
5 §39 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
6. Сабаққа қатысканы бойынша бағалау.  Мұғалімді тыңдап, бағаланады.