Презентация по предмету специалит спец на тему Электрлік до?алы? д?некерлеу


Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.1. Доғалық дәнекерлеудiң негiзгi түрлерi:1) Петров тәсiлi бойынша2) Бенардос тәсiлi бойынша3) Славянов әдiсi бойынша4) Үш фазалы доғамен пiсiру2. Дәнекерлеу доғасы және оның қасиеттерiПiсiру доғасы деп көп жылу мен жарық шығаратын газдағы қуатты электрлiк жалындауды айтады. Ол 3 бөлiктен тұрады: катод аумағы, анод аумағы жане доға дiңгегi. Барлық аумақты доға дiңгегi 1 алады, онда ионизациялау процесi мен катод аумағындағы тегiс бөлшектер анодқа қарай ауысады. Доға дiңгегiнiң температурасы 6000-70000С-қа жетедi. Ол қатты қызған электрод пен пiсiрiлетiн металдардың бу қоспаларынан және сол булардың қоршалған газдармен реакция нәтижесiндегi өнiмдерден тұратын ортамен 2 қоршалған.q=0,24 JU кал/с3. Электр доғалық дәнекерлеудiң ток көздерiЭлектр доғалық дәнекерлеу үшiн тұрақты және айнымалы ток қолданылады. Тұрақты ток көзi ретiнде тұрақты ток генераторлары және пiсiру түзеткiштерi - селендi, германилi және кремнилi қолданылады. Тұрақты ток генераторлары электроқозғалтқышпен және iштен жанатын қозғалтқышпен жетектелетiн боп жасалады. Айнымалы токпен дәнекерлеуде дәнекерлеу трансформаторларын пайдаланады. Доғалық дәнекерлеудiң тұрақты ток көзi бiрпосталы және көппосталы етiп жасалады, ал айнымалы ток көзi тек қана - бiрпосталы болады.4. Қолмен доғалық дәнекерлеу5. Автоматты және жартылай автоматты доғалық дәнекерлеуде барлық негiзгi процестер доғаның жануы, пiсiру сымының берiлуi, доға ұзындығының тұрақтылығы және пiсiру жылдамдығы механизацияланған және бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүргiзiледi.6. Электр шлагымен дәнекерлеу әдiсiнде негiзгi металл мен электрод балқытылған шлак арқылы өтетiн электр тогының қызуымен балқиды. Бұл әдiспен ауыр машинажасау, кемежасау және машинажасау өндiрiсiндегi күрделi қалың детальдарды пiсiредi.39. Плазмалық дәнекерлеуДәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.Плазмалы электр доғасымен дәнекерлеуде шамалы немесе толық ионданған газдардың плазма ағысы қолданылады. Плазманың температурасы 103-2030С-қа жетедi. Сығылған доға дiңгегi арқылы газ өткiзiп, плазма шiлтелерiнде плазма алынады. Шiлтенiң газ үрiлетiн тар каналында электр доғасы жанады. Сол кезде доға қысылып оның тығыздығы мен температурасы артады. Ток мөлшерi көбейгенде доға дiңгегiнен өтетiн газ қысып, ионданып жоғары температуралы плазма болып сыртқа қарай бағытталады. Плазмаға айналатын газдар ретiнде азот, аргон, сутегi, гелий, ауа және олардың қоспалары қолданылады.Плазмалық доғаның тура және жанама әсер ететiн түрлерi болады. Тура әсер ететiн доға вольфрам электроды мен бұйым аралығында жанып 20000-300000С температурадай жылу бередi.Жанама әсер етушi доға вольфрам электроды мен шiлтенiң мыс каналы аралығында жанады.Плазмалық доғамен көмiртегi және тот баспайтын болаттарды баяу балқитын және түстi металдарды дәнекерлейдi.Плазмалық доғаның вольфрамды электродпен аргондоғалық дәнекерлеумен салыстырғанда бiраз артықшылықтары бар.1-шiден ол жылулықтың топталған көзi болып, балқыту қабiлетi жоғары болады. Плазмалық доғамен жиектерiн өңдемей-ақ қалыңдығы 10 мм-ге дейiнгi металдарды, қосымша материал қолданбай дәнекерлеуге болады.2-шiден плазма доғасының жану тұрақтылығы жоғары болғандықтан дәнекерлеу жiктерiнiң сапасы жоғары болады. Қалыңдығы 0,025-0,8 мм аралығындағы металдарды 0,5-10 А ток күшiмен микроплазмалық дәнекерлеу мүмкiндiгi болады.3-шiден ток мөлшерi мен газ шығынының арттыру арқылы бойлай өтетiн деп аталатын плазмалық доға алуға болады. Ондай доғалармен металды кесуге болады. Плазмалық дәнекерлеудiң кемшiлiгi - каналдары мен электродтардың iстен жиi шығуына байланысты, оның шiлтелерiнiң жұмыс атқару уақыты да қысқарақ болады.