Топты? саба?: ?аза?стан Республикасыны? ?арулы К?штеріні? Т?ртіптік жар?ысы
Топтық сабақ
О.М. Толеуов
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы
Сабақтың мақсаты: ҚР ҚК Тәртіптік жарғысымен аныстыру. Оқушыларды ҚР ҚК Тәртіптік жарғысының талаптарын қатаң және дәл орындауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Жекелей, жұппен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Көрнекілік: Кітап, АӘД журналы, ҚР ҚК Тәртіптік жарғысы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (сыныпты үш топқа бөлемін)
1. Взводты үш қаиарлы сапқа тұрғызу.
2. Кезекші оқушының взводттың сабаққа дайындығы туралыбаяндауы, түгендеу.
3. Сәлемдесу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы: ҚР ҚК Ішкі Қызмет жарғысы
Үй тапсырмасын «Қар кесегі» стратегиясы бойынша сұрау (әр топ мүшесі бір-біріне қар кесегін лақтырып, сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын пысықтайды).
Қойылған сұрақтар:
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
Бастықтар мен бағыныштыларға және аға щенді және кіші шенділерге кімдер жатады?
Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез- құлқы туралы не білесің?
ҚР ҚК әскери қызметшілер үшін белгіленген әскери атақтарды ата.
Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері,Аэроұтқыр әскерлері, Республикалық гвардия әскерлерінің айырмашылығын ата.
ҚР ҚК не әскери Жарғысы бар?
ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңатақырыпты оқушылар джиксо әдісі арқылы өздері оқып танысады. Оқушыларды білімін толықтырып өтемін.
Тарихқа үңілсек әлемдегі атақты әскери қолбасшылардың барлық жеңістері темірдей тәртіптің арқасында келген.
Оқушыларға Шынғыс ханның, Абылай ханның, Ақсақ темірдің, Суворов пен Н.Бонапард және екінші дүние жүзілік соғыстың атақты қолбасшысы Г.К. Жуков т.б. атақты әскери қолбасшылардың жүргізген тәртібі туралы қысқаша мағлұматтар беріліп, слайдтан фото суреттері көрсетілді.
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық нормаларын қатаң және дәл сақтауы.
ҚР ҚК мерзімді қызметіндегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер.
Көтермелеулер қызметтік істің жоғары бағалануы, әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын айта кету.
Тәртіптік жаза- әскери қызметшілерге қызмет бойынша қолдаылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
Мерзімді әскери қызметтің жауынгерлері мен сержанттарына қолданылатын көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мағлұматты слайдтан көрсетіп, айтып өтемін.
Оқушыларға жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында «Бас қатырғы базары» әдістері арқылы бірнеше мақал-мәтелдер берілді. Оқушылар жалғасын табу керек.
Тәрбиесіз берілген білім,... адамзаттың қас жауы.
Тәртіп жоқжерде...... жеңіс жоқ
Тәртіпке бас иген....... құл болмас.
Бекіту: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында постер беріледі.(Оқушылар алған білімдері бойынша постерді толтырады)
Қорытынды: Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылады.
Әскери тәртіп дегенді қалай түсінесің?
Жауынгерлерге көтермеулеуді өолданудың реті?
Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?
Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
Үйге тапсырма. ҚР ҚК Тәртіптік жарғысы.
Қосымша тапсырма. Ұлы держава әскерлері туралы деректер жинап танысу.
Бағалу. Оқушылар білімі мен сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай бағалаймын