Информатика п?нінен Векторлы? ж?не растрлы? графиктерді ??ру ж?не ??дейтін программалар (7 сынып) та?ырыбы бойынша саба? жоспар
Информатика 7 сынып
Апта - 1 Күні: 1.02.17 ж. № 20-сабақ Пән мұғалімі: Сыздык Еркеназ Сериковна
Сабақтың тақырыбы: 3-сабақ: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдейтін программалар.
Сілтеме: Вьюшкова Е.А., Параскун Н.В., Бекетауов Б.А., Оқулық, Информатика, 7-сынып, «Арман - ПВ» баспасы, 2015 ж.
жоспар, ғаламтор материалдары (www.google.kz, www.sabak.kz, www.45minut.kz, http://bilimland.kz/kk/home#lesson=16407 )
Мақсаты: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканы өңдейтің программаларымен танысу, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже (табыс критерийі): Барлық оқушылар:
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруде, графикалық редакторларда жұмыс жасай алатын болады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау барысында белсенділігі артып, топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады Кейбір оқушылар:
Графика түрлерін ажырата алады, теориялық сипаттамаларын өмірге негіздей алады, мағынансын түсінеді.
Жекелеген оқушылар:
Теориялық алған білімдерін тақырып бойынша нақты деректер келтіреді, графикалық пішімдерді ажырата алады.
Негізгі идеялар: Пәндік құзыреттілік: теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындауда қолдана білу және алынған нәтижелерді негіздей отырып, ұсынылған ақпараттардан векторлық және растрлық графиктер тақырыбын әртүрлі графикалық редакторларда қолдана алу .
Құнды-мағыналық құзыреттілік: өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін баламалы түрде бағалай алу, алған білімдерін одан әрі білім алу жолына қолдану мақсатында ішкі мотивациясын қалыптастыра алу, болашақта өз орнын табуға және одан әрі білімдерінің шыңдалу қажеттілігін түсіну.
Ақпараттық құзыреттілік: қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, өз бетімен ізденуге, қажетті ақпараттарды сараптау және таңдай алу.
Коммуникативтік құзыреттілік: топта жұмыс жасай білу, басқа оқушылармен қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықта бірлесе отырып, көздеген мақсатқа жету, қойылған міндеттерге ортақ шешім табу, орынды әрі дұрыс сұрақ қоя білу.
Өзіндік менеджмент құзыреттілігі: проблемалық сұрақтарды шеше білу, тапсырмалардың күрделілігіне қарай саналы таңдау жасай білу.
Көрнекі құралдар: Компьютер, плакат, слайд, тапсырма қағаздары, оқушыларға ноутбук, оқулық, стикер, бағалау парақтары.
Үй тапсырмасын тексеру.
5мин
683133028575526478527305 ТЕСТ (Слайд арқылы көрсетіледі)
Векторлық кескін дегеніміз не?А) күрделі ақпараттық технологияның бірі.В) сызықтар кескінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. С) әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құрылады.
Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?А) фракталдықВ) векторлық
С) растрлық
3. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады? А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді
526605511811068687951181104. Векторлық графиканың бас элементі - ... А) нүкте В) сызық немесе қисық С) математикалық теңдеу5. Фрактал дегеніміз не? А) күрделі ақпараттық технологияның бірі. В) сызықтар кескінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. С) әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құрылады.
Бағалау парағына оқушылар өздерін бағалайды.
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
2 мин
Сабақтың мақсаты, жоспары
3 мин
Жаңа тақырып
5 мин
Топтық жұмыс
Теориялық бөлім
10 мин
Жеке жұмыс
10 мин
Сергіту сәті
Бекіту. (жаппай жұмыс)
4 мин
Рефлексия
Үй жұмысы
Бағалау
6 мин 1.Сынып оқушыларын түгендейді, психологиялық ахуал жасайды.
2. Оқушыларды тақырып бойынша 3 топқа бөледі.
3. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсатын қояды.
4. Сабақтың жоспарымен таныстырады.
5. Оқушылар видео көреді, жаңа тақырыпты түсінеді.
6. Топтағы оқушыларға теориялық тапсырмалар береді.
1-топ: Растрлық графика
2-топ: Векторлық графика
3- топ: Фракталдық графика
7. Оқушыларға практикалық тапсырмалар береді.
8. Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.
Жаттығуды орындарында отырып орындау.
9. Оқушылар слайдқа қарап жауап береді.
4. Сабақты қорытындылау, рефлексия.
Бағалау, қорытындылау, үйге тапсырма беру. 1. Оқушылар сабаққа дайын екенін байқатады.
2. Оқушылар графикалық негізгі элемент бойынша 3 топқа бөлінеді.
тақырып бойынша топқа бөлінеді, топ басшысы сайланады.
(1-топ: Растрлық, 2-топ: Векторлық, 2-топ: Фракталдық).
Оқушылар сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге қояды: бөлінген қиықтартардағы суреттер арқылы өз ойларын білдіріп, сабақтың мақсатын мұғаліммен бірлесе қояды. Топ аттарының не себепті осылай аталуын түсіндіреді.
4. Сабақтың жоспары таныстырылады.
Ұйымдастыру (5 мин)
Үй жұмысы (жеке жұмыс 5 мин)
Жаңа тақырып (теория 5 мин)
Теориялық бөлім (топтық жұмыс 10 мин)
Практикалық бөлім (жеке жұмыс 10 мин)
Сергіту сәті
Бекіту (жаппай жұмыс 4 мин)
Рефлексия. Үй жұмысы. Бағалау 6 мин
5. http://bilimland.kz/kk/home#lesson=16407сайтынан видео көру.
Теориялық тапсырмалар: Теориялық тапсырмалар қиықтар таратылады, оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді таңдап алып, қиықтарды жапсырады. Топ бағаланады.
1-топ. Растрлық графика
Бағдарламасы
Paint Adobe Photoshop
Gimp Corel Photo Paint
2-топ. Векторлық графика
Бағдарламасы
Inkscape
Corel Draw
3-топ. Фракталдық графика
Бағдарламасы
Chaoscope Ultra Fractal
Топ басшысы топты бағалайды. Бағалау парағына оқушылар өздерін бағалайды.
Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Оқушылар жаппай жұмыс орындайды, мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру.
Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, сабақтан нені үйренгенін, түсінгенін ортаға салады.
Бүгінгі білімім несімен маңызды? Ойларын ортаға салады, талқылайды.
Оқушылар өзіндік бағалау жүргізеді. Өзін-өзі бағалайды.
Бағалау парағы Оқушы аты-жөні: _____________________________________
Рубрикатор Критерий Дескриптор
Үй жұмысы Компьютерлік графика түрлерін білдім. 1 Теория Растрлық, векторлық және фракталдық графиканың түрлерін ажырата алдым. 1 Практика Paint-та жұмыс жасай алдым. 1 Жаппай жұмыс Теориялық сұрақтарға жауап бере алдым. 1 Жеке жұмыс Теориялық алған білімімді практикада қолдана алдым. 1 Жалпы балл 5