Презентация на тему «Педагогтарды? ?ылыми е?бектері»


1.Я.А.Коменский “Ана”мектебі.К.Д.Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі2.Н.К.Крупская,А.С.Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері3.В.А.Сухомлинский,Г.С.Виноградовтың педагогикалық көзқарасын талдау К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы. К.Д.Ушинский (1824-1870) Негізгі идеялары: К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы)Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі;Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы;Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою;Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады; Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет»); Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру; Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу; Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты. Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.) Негізгі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демократия” (1915ж) “Еркін мектеп туралы мәселеге” “Семья және мектеп” “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы” «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселесі» «Ер балаларды «әйелдердің ісіне» үйрету қажет пе?». Негізгі идеялары: Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі; Коллектившілдік сезімі отбасынан басталады, сондықтан коллективизмге тәрбиелеуде ата-аналардың ролі ерекше; Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі;Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы.«Халық ағарту ісі және демократия” атты кітапта алдыңғы қатарлы озат педагогикалық ой-пікірдің дамуына зерделі марксистік талдау берілумен қатар, ол кездегі қоғам мен мектеп бір-бірін жатырқай жатсыну, ал мұғалімдердің «кәсіби меңіреулік» (Маркс айтқандай) күйге түсу себептерін тексере зерттеп, одан құтқару жолын қарастырған;Еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған; Оқыту теориясы; Отбасы тәрбиесі; Балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі мен міндеттері. Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері: Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып, айтып беру- зор өнер... Бұл өте – үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес. Балаларды құрметтеу – олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді. Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді. Кітап - еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді Ұйымдастыратын да, қожырататын да кітаптар бар,сондықтан кітаптарды таңдай білу төтенше маңызды. Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы. Білім алуға арналған құралдардың бірі, бірақ өте мәндісі – кітапты пайдалана білу шеберлігі. Көп әрі іштей тез оқу әдетін меңгеру қажет. Оқу механизмі мүлде автоматтанып, ой бөлінбейтіндей болуына күш салу қажет. Бірақ мұның өзі аз. Оқығаныңнан тағы да өзіңе есеп беріп отыруың қажет. Аз болса да, дәйекті оқыған абзал. Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Маманға өзінің белгілі бір білімдер саласын зерттеу қажет. Бірақ қатардағы адамға осынау ұланғайыр білім теңізінен өмірге қажет, оған өзінің жеке өмірін, жеке еңбегін ұйымдастыруға, өзінің басқа адамдармен қарым қатынасын ұйымдастыруға көмектесетін білімдерді алу керек. Сондықтан осы білімдерден нені алуды, білім үшін, оның мақсаттары үшін күресуші адамға нені білуі керегін білу керек. Кітаптар орасан зор мәнге ие бола тұрса да, бірақ олар өздігінен білім алудың бірден бір көзі емес. Кітаптардан ғана емес, сонымен бірге өмірден үйрену де барлық мүмкін болған нәрсені дәл солай алып отыру қажет. Адамдық білімдердің аумағы ұшы-қиырсыз. Бірақ адамға бәрін білудің ешқандай қажеттігі жоқ. Адамдық білімдер теңізінен оған тек ең маңыздысын, тек адамды күшті ететін, оған табиғат пен оқиғаларды бағындырар билік беретін, табиғаттың күші мен оның байлығын қалай пайдалануға, адам қоғамының бүкіл өмірін қалай қайта құруға үйрететін білімдерді ғана таңдап алу қажет. Негізгі еңбектері: «Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма, «Мұнара үстіндегі тулар», «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»«Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері» және т.б.А.С.Макаренконың негізгі идеялары:тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, негізгі принциптері қарастырылған;тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде; ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу; А.С. Макаренко (1888-1939жж.) ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалыптасады: әр түрлі жастағылардан құрылған отрядтар, командирлер советі, өзін-өзі басқару, коллектив өмірінде мажорлық оптимистік тон құру, «адамға неғұрлым көп мөлшерде талап қою және оған неғұрлым жоғары деңгейде құрмет көрсету»; ұжымның өмір сүруінің маңызды заңын анықтаған, ол – ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы; ұжымдағы балаға «параллельді әрекет ету» принципін қолдану;еңбек тәрбиесі – тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі; оқытуды ұйымдастырылған өндірістегі еңбекпен біріктіру идеясы;отбасы алғашқы ұжым болып табылады; отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің белделінің болуы. шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоюы; ата-аналардың бір-біріне қатынасы, олардың қылықтары, еңбекке, затқа қатынастары – осының бәрі балаға әсер етеді де, оның жеке тұлғасын қалыптастырады. Негізгі еңбектері:«Балаға жүрек жылуы» «Павлыш орта мектебі»«Ұжымның құдіретті күші» «Мектептің жас директорымен сырласу» «Ұлыма хат» және т.б. Негізгі көзқарастары:«Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді;балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «кластың интеллектуалдық фоны»; дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды;балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін. В.А.Сухомлинский (1918-1970жж.) Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т.б.) болып табылады. ↓ - бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуын, адамның үйлесімді дамуын дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді; - ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі үшін адал қызмет ету, «қасық қаны қалғанша» күресу, халқының бірлігін сақтап, елдігін жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін өтейтін, халқына қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу мақсатына бағытталады; ↓ - ескерткіштерде тәрбиенің мазмұнын адамгершілік, патриоттық, еңбек және ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды. ↓ Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді. 5.Қорқыт тағылымдары Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысы XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: . «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық Білім «Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас!», т.б. Білік «Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті, екеуі ұлы етер, қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның құнары»; «Білік мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б. Дағды «Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер – білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»; «Біліп сөйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл бастағы ақыл-піріңді», т.б. Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, көптеген әндер сақталған. Халық зұлымдық, басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы әндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы күрескен, ел қорғаған батырларды жырлаған:Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды.Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады.Ел ішінде кең тараған батырлар жырларының бірі «Ер -Тарғында» Сыпыра – жырау былай суреттеледі: Ноғайлы ханы Зада көрші руға көптеген зиян келтіреді. Сол руда жас батыр Ер-Тарғын дүниеге келеді. Хан Зада одан кек алуға қорқады, не істерін білмейді, оған Сыпыра – жырауға жолығуға кеңес береді. Сыпыра – жырау ханның зұлымдығын, екі жақтылығын қатты сынай отырып, бұрынғы зұлымдығын ұмытуға және достасуға шақырады. Екі жақты татуластыруға жұмыстанады. Сыпыра-жырау Ер-Тарғынның артықшылығын, оның ержүректігін, тазалығын айта отырып, ханды ойланбай істелген әрекеттен сақтандырады. Сонымен, ең соңында екі жақты да келісімге келуге көндіреді.Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін – көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады. Оны ХҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халықымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көне басшысы бола білген Асан Қайғы шығармашылығынан байқауға болады. Асан қайғы – қазақ даласынан шыққан ойшыл-философ, аты аңызға айналған, ел қамын ойлаған данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты» іздеп желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік өмір мен рахат өмір болатын. Оны философтар қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп атайды.Халқының сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен Асан Қайғы, заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов айтқандай, халық мұңын арман етіп, алысты меңзеген, өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген ел қамқоры…Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды. "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.1) Істің болар қайырыБастасаңыз алдалап.Оқымаған жүредіҚараңғыны қармалап.2) Надандықтың белгісі-Еш ақылға жарымас...Жөн білмеген адамғаҚыдыр ата дарымас...Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б. Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б. Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Әрине Абайдың тәрбие жөнінде айтқандары жалғыз бұл емес. Басқа өлеңдерін былай қойғанда, осы «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің өзі де тәрбиелік мәні зор үлкен-үлкен мәселелерді жастардың алдына қояды. Байға, ақсақалға бас имеу, шыннан өтірікті айыра білу, не болса да ақылға салып айту сияқты ақылдар айтып, жастарды адамгершілікке үйретіп, олардың мінез-құлқын, көзқарасын дұрыс жолға салатын кеңес береді. Абай ғылым мен еңбекті еш уақытта бөліп қарамайды. Қызмет қылып, мал таппай, Ғылым оқып, ой таппай - Құр үйінде жатады, - Абайдың халықты ғылымға үндеуі - тек бір ғана ғылым мәселесін қозғаған бір жақты үндеу емес, ол өз халқының тіршілігіне, оның келешегіне, өз елінің алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарына қосылуына байланысты сан алуан келелі мәселелерді қозғаған, тереңнен толғаған, қиынға сермеген ақыл-ойдың, өз халқын жанындай жақсы көрген асыл жүректің жалынды үндеуі сияқты. Абай адам деген ардақты атты тек талапты болса, еңбек етсе, терең ойлы болса, ғылым тапса, рақымды болса ғана ақтауға болады деп ұғады. Абай адамның адамшылық қасиетін осылай белгілейді. Демек, ақын оларға ақылды, ойлы бол, ғылымды меңгер, еңбек ет, рақымды бол, ел қамын ойла, Салтыков пен Толстой сияқты талапты бол дегенде, адамзаттың бір керегіне жара, қоғамда өзіңе лайықты орын тап: Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар, қалан! - деді. Қазақ халқында искусствоның архитектура, скульптура, живопись тәрізді салалары кейін қалды. Олардың кейбір элементтері туралы болмаса, мынандай архитектура, не живописіміз бар деп ешкім айта алмайды. Егер искусствоның негізгі бір саласы ән мен өнер десек, бұл соңғы екеуін алдыңғылармен салыстырғанда, анағұрлым өскен, қанатын кең жайған түрлері деуге А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.  А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу тәрбие жұмысын жетіліру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді.    «Әліпби», « Тіл құралы», « Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты.    Ол туған халқының ғылым –білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. « Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш  мектепте үйренетін білім сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты.    А. Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. « Бұлардың кемшілігі сол, -деді ол- бала оқыту ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік». Осылайша оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.    Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын « Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі « Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914  жылы, ал синтаксиске арналған 3 бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді.   «Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс еді. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер ұсынды  Оқулықтың  тағы бір құндылығы – қазақ грамматикасының басты салалары: Фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, « Тіл жұмсату» деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып,  М. Жұмабаевтың этнопедагогика  жөніндегі көзқарасы.    М.Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына  төңкерістен кейін тұңғыш  терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы « Пелагогика» атты ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялылардың бірі - белгілі ғалым – педагог, публицист   М.Жұмабаев тағы да былай дейді:  « Тәрбие ғалымдарының пікірлерін  таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстардарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Ж. Аймаутовтың этнопедагогика   жөніндегі көзқарасы.                                                          Ұзақ жылдар бойы « Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға.   Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,-дейді. Ол  тәрбиенің екі түрлі болатынын дене тәрбиесі және жан тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді. Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми  саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов « Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: "Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы", - деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылды [1]. Ал 1990 жылы "Тіл туралы" Заң қабылданған соң ғана қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту мәселесіне көңіл бөлініп, өрістетуге жол ашылды. Қазіргі таңда тіл үйренушілерге қазақ тілінен арнайы мұғалімдер сабақ жүргізіп, бүлдіршіндерді қазақ тілінің мөлдір бұлағынан сусындатып, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, ұлттық тәрбиемізді дамытуға зор үлес қосып жүргенін мақтаныш етеміз [2]. "Кез келген өркениетті елде көп тіл білу - басты мақсат екенін балабақшаның даярлық тобы да, мектеп оқушылары да жақсы біледі. Жаңа қалыптасып келе жатқан өмірде жақсы тұру үшін, қоғамның дамуына зор үлес қосу үшін көп тіл, (соның ішінде қазақ тілін) білмеген баласының ертеңі бұлыңғыр болатынын әрбір ата-ана сезінуі керек. Бұдан артық қандай қажеттілік (стимул) болуы мүмкін",-деп филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек айтқандай, біздің Республикамыздағы мектептерде ұлттық тәрбиені мемлекеттік тілдің негізінде оқытудың жандана бастауы - қуанарлық жай. Тіл үйренушілер белсенді түрде, бағытта әсер ету үшін педагог өзін жан-жақты, терең зерттеп, өзгелермен араласу жолдарын меңгеруі керек. Өзіне балалардың көзімен қарап, мен қандаймын деген сұрақтан бастап ұстаздың кәсіптік әрекетіндегі жеке жұмыс істеу ерекшелігі қалыптаса бастайды. Тіл үйренушілерге ұжымдық қауымдастық негiзiнде жан-жақты ұлттық тәрбие беру жөнiндегi: тіл үйренетін ұжымда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемелері мен ерекшеліктерін Болдырев Н.И, Сластенин В.А, Болотина Л.Р және басқа да ғалымдар зерттеді. В.Лебединский зерттеуінде тіл үйренушілер ұжымындағы ұлттық тәрбие мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Н.Болдырев тіл үйренушілер ұйымының негізгі көрсеткіші - жалпы идеялық ортақ әрекет, тіл үйренушілер арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар болмақ деді. В.Коротовтың ойынша ұжымдық ынтымақтастықтың негізгі күші тіл үйренушілер арасындағы саналы тәртіп делінген. В.Галузинский: "... тіл үйренушілер ұжымындағы қоғамдық пікірдің қалыптасуы - ұжым, топтар арасындағы көсемдер (лидерлер) қарым-қатынасына байланысты деген. Ә.Жұмахановтың пікірінше ұлттық тәрбие мектептегі тәрбие жұмысында жетекші орынға айналуы шарт деп санайды. З.Жақыпов тіл үйренушілер ұжымы арқылы қазақ тілі сабақтарында ұлттық тәрбиеге бағытталған педагогикалық іс-шаралар жан-жақты дамыған жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың кепілі болмақ дейді.