?аза? ?дебиетінен М.Дулатовты? Шешені? балаларын с?юіта?ырыбында ?ыс?а мерзімді саба? жоспары 8-сынып


Пәні: қазақ әдебиеті Күні: 22.01.2015 8 – сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі
Мақсаты: 1. Өлеңнің идеясы туралы ұғындыру.
2. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлі оқуға, жүйелі баяндауға, тұжырымдама жасауға дағдыландыру;
3. Ананы сүюге , құрметтеуге ,сыйлауға баулу
Күтілетін нәтижелер:
- Ақынның өмірі және шығармашылық жолын біледі.
Өлеңдерінің тақырыбы туралы білімдерін кеңейтеді.
Оқушылар сабақ кезінде жеке және топта жұмыс жасай алады
Топпен жұмыс істеу барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады;
Жаңа тақырыпқа байланысты мәселелерді топта талқылап, дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырады;
Топта жұмыс істеу барысында бір-біріне үйретуді, бір-бірін оқытуды жүзеге асырады
Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптері, бейнеролик,үнтаспа,ноутбук
Уақыты Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
2-минут І.Қызығушылықты ояту
Үнтаспадан «Ана туралы жыр» әнін тыңдатамын.
Топқа аналардың еркелететін сөздері арқылы бөлемін.
3.Үй жұмысын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеремін.Топтардан кезекпен 1 оқушыдан ыстық орындыққа отырып,сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар әнді тыңдайды.Топқа «Айналайын», «Алтыным», «Еркем», «Балапаным» сөздерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 оқушы ыстық орындыққа отырады. Қалған оқушылар оған сұрақтар қояды. Келесі топтардан да бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырады.
25 минут
ІІ.Мағынаны тану
М.Дулатовтың өмірінен слайдтар арқылы мәлімет беріп өтемін.
1-тапсырма
«Жылдар сөйлейді» оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталатынын түсіндіремін.
2-тапсырма
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқуды тапсырамын.
3-тапсырма
«6 неліктен» стратегиясымен жұмыс.
« Соқыр ана» бейнеролигін көрсетемін.Топтарға бейнероликтегі жазбаға «6 неліктен?»стратегиясымен әр топ бір –біріне сұрақтар қойып,жаууабын тыңдауды тапсырамын.
4-тапсырма
«Еркін жазу» стратегиясымен жұмыс.
«Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазуды тапсырамын. Оқушылар жазушы өмірінен мәлімет тыңдайды.
« Жылдар сөйлейді» тапсырмасы бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталады.
«Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп оқиды.
« Соқыр ана» бейнеролигін көріп,бейнероликтегі жазбаны көріп, «6 неліктен»стратегиясымен сұрақтар береді.Топтардың жауаптарын тыңдайды.

Оқушылар «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» тақырыбында еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазады. Топта оқиды.
10-минут ІІІ.Ой толғаныс.
«Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазуды, топ ішінде тыңдауды тапсырамын.Топта оқитын оқушыны белгілеу керектігін айтамын. Оқушылар «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазады.Топ ішінде тыңдап үздік эссені сыныпқа оқиды.
2-минут Үйге М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп жаттауды тапсырамын. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
3-минут Топтық бағалау.
Кері байланыс. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Кері байланыс парағын толтырады.
Пән мұғалімі: Алтынбекова Г