Презентация по предмету С?т ?нерк?сібінде аппараттар мен процесстер на тему С?з?
Сүзупроцесі
Гидромеханикалық процестер.Гидромеханикалық процесс деп – кемінде екі фазалы гетерогенді процесте өтетін гидродинамика заңына бағынатын процестер. Мұндай жүйелер дисперсті фазадан және дисперсиялық ортадан тұрады. Дисперсиялық ортаның агрегатты күйіне байланысты дисперсті бөлшектердің фазалары ажыратылады:- газдық ортаға байланысты: шаң (5-10мкм), бу (0,3-5мкм), тұман (0,3-3мкм);- сұйық ортаға арналған: суспензия (0,1-100мкм), коллоидты қоспа (0,1мкм-ден кем ), эмульсия және көбіктер.Гидромеханикалық процестерге мыналар жатады: тұндыру, фильтрлеу, жалған сұйылту, сұйық фазада араластыру
Сүзу процесі - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату.Сусензияларды с ү з г і- деп аталатын апараттарда ажыратылады. Сүзгілер сүзу бөгеттері арқылы екі бөлікке бөлініп, оның бір бөлігіне суспензия құйылады. Осы екі бөліктің екі жағындағы қысымдар айырмасының әсерінен сұйық сүзу бөгеттерінің кеуктерінен өтіп, олардың бетінде қатты бөлшектер ұсталынып қалады. Сонымен суспензия таза с ү з і н д і және ылғалды т ұ н б а ғ а ажыратылады.
Кейбір кезде қатты бөлшектер сүзу бөгетінің кеуектерінде ұсталынып, тұнба пайда болмайды. Осындай қасиеттерге байланысты сүзу процесі екі түрге бөлінеді:1) Тұнба пайда болу жолымен түсу;2) Сүзу бөгетінің кеуектерін толтыру (бітеу) арқылы сүзу.3) АралықТамақ өнеркәсібінде тұнба пайда болу тәсілі қант заводтарында қанағаттарылған шырынды, сыра заводтарында ірікпені, ашықты зауыттарында ашытқы массаларын сүзуде қолданылады.Сүзу процесінің қозғаушы күші - қысымдар айырмасы болып табылады. Іс жузінде сүзу процесі үш түрлі режимде өткізіледі:1) тұрақты қысымдар айырмасында2) тұрақты жылдамдықта3) процес жылдамдығының және қысымдар айырмасының өзгеруінде .
Өндірісте сүзу процесін төмендегі қысымдар айырмасында өткізеді:1) Суспензияның гидростатикалық қысымы әсерінен МПа2) Вакуум әсерінен МПа3) Қысылған газ (ауа) әсерінен МПа4) Суспензия поршенді немесе ортадан тепкіш насос жәрдемімен берілсе МПаСүзу процесінің өнімділігі және алынатын сүзіндінің тазалығы, көбінесе, сүзу бөгеттерінің қасиеттеріне және олардың дұрыс таңдауына байланысты, Олар мынадай қасиеттерге ие болу керек:1) кеуектерінің өлшемі тұнбаның бөлшектерін ұстап қалатындай;2) гидравликалық кедергісі аз;3) сүзілетін ортаның әсеріне химиялық берікті;4) механикалық және жылулық беріктіктері жеткілікті болу керек.
Сурет 5.8 – Табақшалық вакуумдық сүзгілер: ДУ-100; ДОО-100
Сүзу процесінің қарқындылығы және сүзгілердің өнімділігі сүзу жылдамдығының шамасымен сипатталады – уақыт бірлігінде сүзгі бетінен алынған сүзінді көлемін көрсетеді. (13.1) мұнда: Vc – сүзіндінің көлемі, м3; Fc – сүзі бөгетінің беті, м2; - сүзу уақыты, с.Тұнба және сүзі бөгетінің кеуектерінде сүзінді ағынның қозғалысы Рейнольдстің саның өте төмен мәндерімен сипатталады (Re 35), яғни сүзінді ағыны ламинарлық қозғалыс режимінде өтеді. Сонымен бірге, сүзу жылдамдығы қысымдар айырмасына тура пропорционал, ал сұйықтың тұтқырлық кедергісіне кері пропорционал болады, яғни (13.2)- қысымдар айырмасы, Па; - суспензияның сұйық фазасының тұтқырлығы, Па.с; - тұнба қабатының кедергісі, м-1; - сүзу бөгеттерінің кедергісі, м-1.(13.1) және (13.2) формуларын теңестіріп, сүзу процесінің негізгі дифференциалды теңдеуін төмендегіше жазуға болады: (13.3)
Сүзгілер жұмыс істеу әрекетіне байланысты мерзімді және үздіксіз әрекетті болады. Тұнба пайда болатын процестерге мерзімді және үздіксіз әрекетті, ал сүзгі бөгеттерінің кеуектерін толтыру процесінде тек мерзімді әрекетті сүзгілер пайдаланылады.Қысымдар айырмасын қамтамасыз ету тәсіліне байланысты сүзгілер вакуумда / МПа/және қысым астында / МПа/ жұмыс істейтін болып бөлінеді. Қысым астынды жұмыс істейтін сүзгілердің құрылымының механикалық беріктігі жоғары болуы қажет болғандықтан вакуумды сүзгілерді пайдалану тиімділеу. Дегенмен, тұнбаның гидравликалық кедергісі үлкен болса және көп сығылмайтын тұнба болса, онда қысымдар астында жұмыс істейтін сүзгілерді пайдалану тиімді болады. Технологиялық мақсатқа байланысты сүзгілер: супензияларды ажырататын және өндірістік газдарды тазалайтын болып бөлінеді.Сүзу бөгеттеріне байланысты сүзгілер: маталы бөгетті, сығылмайтын дәнді бөгетті (құмды, көмірлі) және қатты бөгетті (металды тор, кеуекті керамика, т.б.) болып бөлінеді.Сүзу процесінің өтуіне және сүзгілердің тиімді жұмыс істеуіне суспензиядағы қатты бөлшектердің ауырлық күші әсерінен тұнуының көп маңызы бар. Сондықтан, сүзгілер сүзінді қозғалысының және оның ауырлық күшінің өзара бағыттары бойынша: қарама-қарсы бағытты (бұрыш-180), бір бағытты (бұрыш 0) және перпендикуляр бағытты (бұрыш 90) болып бөлінеді.
Сүзгілер Мерзімді әрекеттіНуту сүзгілерФПАКМСүзгі – престерТімсемдіБарабанды Үздіксіз әреккеттіЛенталыТабақшалыДискіліТабақшалыПатронды
Назарларыңызға рахмет