День пожилых людей ?арты бар елді? — ?азынасы бар


Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд- шоу, буклеттер.
2. Қанатты сөздер: «Қарты бар елдің - қазынасы бар»,
«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
Жайна: 1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! қадірлі қонақтар!
Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кешіміз ашық деп жариялаймыз.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Ақерке:
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-
Әрқашан үлкендердің міндеті.
-Сөз. Мектебіміздің диретор міндетін атқарушы Садақбаева Рысгүл, Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Надирова Гүлсім
-Көркем сөз. __________________________.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.
ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Қонысқызы Ақерке
Жайна:Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір- біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі- үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.
Ақерке:Ардагерлер ардақты асыл жандарШәкіртімен мерейі тасығандарБілімнің сәулесі мол нұр көшіндеШуақ боп, шапағат боп шашылғандар-Сөз ардагер ұстаздарға беріледіСәтінұлы Едіге, Сеитова Айзада...
ӘН: «Әке туралы жыр»
Жайна:Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілденТағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірденІзгілікті он бойына жинағанШәкірттерге жан жылуын сыйлағанТәрбиелеп жаңа адамын ОтанныңАрдақтысы болған елдің мұғалімАқеркеБи Хавиз: АқеркеБҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр.
Жайна:Дүниеге келер бір ретДария кеуде тау – мүсінҚұрыштай күйген құдіретҚарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанындаЕл іші жомарт, еңселіДән исі сіңген қанындаДаламның бір-бір бөлшегіАқерке-Сөз ауыл имамына беріледі
Жайна:Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.
Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
Ақерке -Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағынЖас сынаға төгіп білім шуағынХат танытып, жол сілтеген өміргеБарша жұртқа құрметті ол мұғалім.- Асыл әжелер, баталы аталар!Жайна:-1.Сіздер арқылы біз мынау балалық сезімнің, ата мен әженің марқайып арамызда отырғанын көріп қызықты қайталанбас сәттердің бірі екенін ұғынудамыз. Кеше сын сағаттың қиындығы мен ащылығына қарамастан бәріне де төзе білдіңіздер. Қазір сол төзімділікті ізбасар ұрпақтың бойында қаншалықты бар деп ойлайсыз?2. Кешегі сіздер оқыған мектеп табалдырығындағы тәлім мен бүгінгі тәрбие арасындағы қашықтыққа қандай баға берер едіңіздер?Жайна:3. Немерелеріңіздің осы мектептен үйге келген кездегі, немесе балабаұшаға барып үйренген кез – келген тәрбиесін немесе әдет болама тәтті қылықтары туралы не айтасыздар?4. Замандастарыңызбен жас күніңіздегі ауыл ішілік болсын, мектепішілік болама ескірген архивтерден сыр шертіп қызықты жастық шағыңыз туралы бөліссеңіздер.Жайна:5. Жаңа дамыған заманның баласына қандай баға бересіздер? Жаңалыққа қаншалықты тиым саласыз? (комьпютер, телефон, планшет...)
Шын көңілмен сыр шертісіп, шаттана әңігімелескендеріңізге алғыс білдіреміз.Осылай мәз майрам, жастық көңіл балбұл жайнап, бала мен бала, келін мен ене, ата мен әже меірімі ешөашан шырағын сөндірмесін дейміз.Қорытынды сөз мектеп директоры: Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлына беріледі.
Жайна:Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!
Өтес орта мектебі
8 «а» сынып оқушыларының 1 - қазан қарттар күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Тақырыбы:

Қарты бар елдің –
қазынасы бар
Сынып жетекші: Ахбайқызы Г.
2015 жыл