Сынып са?аты та?ырыбы: Таби?ат-тіршілік к?зі 1 сынып
Сынып сағаты 1 «В» сынып
Тақырыбы: «Табиғат - тіршілік көзі»Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев Жүру барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.Кіріспе. Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!Сен – күнсің!Көтерілген күліп қырдан .Сен – көлсің! Сен – орман!Сен – бұлақсың!Адамды сұлулыққа құнықтырған!
* Адам өміріне не қажет?* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?* Тірі табиғатты ата.Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен - құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғымдар. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат - адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер. Ертеден қалған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған. Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та: «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым - жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сол кезде-ақ қазақ «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Сол тәрбие, бабалар салған игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр. Дегенмен, табиғат Анаға бүгінгі күннің көзімен қарайын болсақ, қоршаған ортамыздың шынымен де жетімдік тартып отырған тұстары бар. Оған,әрине, бүгінгі заман қажеттілігі, өмір талабы себеп болып отыр. Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды. Өйткені, адамзат болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек, ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,Жазда ырысқа бөленеді.Күзде пісіп марқаяды,Қыста бірден қартаяды. (Жер)- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
Жалпы білім беретін №6 орта мектеп
Сынып сағаты 1 «В»
Тақырыбы:
«Табиғат - тіршілік көзі»
Сынып жетекшісі: Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы