?аза? тілі. Бейнелеу ?нері. 4 «А» сыныпБіріккен с?з.?аза?станны? таби?ат к?рінісі.


Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп
Кабдоллина Ш.О.
Қазақ тілі. Бейнелеу өнері. 4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.Қазақстанның табиғат көрінісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөз туралы алған білім, білік дағдыларын бекіту.Жаттығу жұмыстары арқылы, сөз табына,сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдауға машықтандыру. «Бурабай» көлдері туралы дүниетану, ана тілі піндерінен алған білімдерін пысықтау және толық түсінік беру. Дамытушылық:Өз ойларын дүрыс жеткізе білуге дағдыландыру.Инновациялық әдістерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Рухани – адамгершілігі мол, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,интерактивті тақта,семантикалық карта, реферат , карта т.б.
Сабақтың әдісі:Әңгімелеу, сұрақ-жауап, интеграциялық, түсіндіру,
Пәнаралық байланыс:Ана тілі, дүниетану,бейнелеу.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Керісінше сөзжұмбақ.
Сөзжұмбаққа тапырма-сұрақ жаз.
т а а қ с а қ а л
с қ б а
а б
қ а а қ қ ұ т а н
Көлденеңінен:1.----------------- 2.----------------
Тігінен:1.-------------- 2.-------------
Біріккен сөз дегеніміз не?
Біріккен сөз тобын ата.
Біріккен сөздерАң-құс аттарыӨсімдік аттарыОйын аттарыАдамдардың аттарыЖер-су аттары
Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарын атата отырып картадан көрсету Алатау, Ақтау, Екібастұз, Сарыөзек, Алакөл.т.б.
Картамен жұмыс.
Жаркент, Өсек өзені туралы білімдерін тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кітаппен жұмыс.
38-жаттығу.
Өсек өзенінің шығысындағы жарқабақ үстінде орналасқан қала Жаркент деп аталады. Шекарадан 40-50 шақырым жердегі бұл қаланы халықаралық автожол кесіп өтеді. Қапшағай электр стансасы, Сарыөзек теміржол стансасы осы жолдың бойында.
Біріккен сөздерді тап.Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Жар+қабақ, Жар+кент, халық+аралық, авто+жол, Қап+шағай,
Сары+өзек
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.
40-жаттығу.
Көгорай шалғын жерлерден көптеген әдемі көбелектерді көруге болады. Көкөністер адамдардың денсаулығын сақтап қана қоймай, сырқаттардың тезірек сауығуына да көмектеседі. Халық аққуды киелі құс деп есептейді.
Біріккен сөздердің астын сызғызу.
1-ші сөйлемді сөз табына талдату.
3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
Аққу туралы не білесіңдер?
Қазақстандағы көлдер туралы әңгіме жүргізу.Картамен жұмыс.
Көкшетау туралы әңгіме жүргізу.(Бурабай, шипажай, өсімдігі, жануарлары, таулары.)
Көлдері: Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты,Қотыркөл.
39-жаттығу.
Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады.Бұлар Сарыарқаның Көкшетау тауларының аралығында орналасқан ұсақ көлдер тобы.Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді.
Мәтінг ат қой.
Біріккен сөздерді тауып, қалай жасалғанын түсіндір.
Бура+бай, Қотыр+көл, Сары+арқаның, Көкше+тау.
Көкшетау туралы жазған жазушылармен оны жырға қосқан қандай ақындарды білесіңдер?
Сакен Сейфулин туралы әңгіме жүргізу.
«Көкшетау» туралы қандай өлеңдерді білесіңдер?
Табиғатты суреттеген өлеңдерді оқыта отырып көз алдарына елестету.
Табиғат көрінісінің суретін салғызу.
Пейзаж дегеніміз не?
Перспективті бейнелеу дегеніміз не?
Бейнелеу өнерінің жанырларын ата.
Сен білесің бе?
43-жаттығу. Адамның күтіп-баптауы нәтижесінде көкөністер көп өзгеріске ұшырады.Сәбіз қызыл түске енді.Оның тамыржемісі де мейілінше үлкейді.Жабайы шомырдың жуандығы бұрын егеуқұйрықтың құйрығындай ғана болса, қазіргі жапон шомыры 30 килограм тартады.Оны қолға ұстап тұрудың өзі қиын.Алып асқабақтардың салмағы бұдан да асып түседі.Кейбір асқабақтар 100 килограмға дейін жетеді.Жер шарында асқабақтан үлкен көкөніс жоқ.
Біріккен сөздерді тап.Мағынасын түсіндір.
Семантикалық карта.
Сөздер Жер-су аттары Аң-құс аттары Өсімдік аттары Ойын аттары Адамдардың аттары
Алакөл Бозторғай Итмұрын Майгүл Алатау Алтыбақан Аққұтан Теміртау Айбек Тоғызқұмалақ Жолжелкен ІҮ. Қорытындылай отырып бағалау.
Ү .Үйге тапсырма.42-жаттығу.