Саба? жоспары ?аза?стан тарихы 9-сынып То?ырау жылдарыны? идеологиясы ж?не КОКП-ны? ?лтты? саясаты 
Сабақтың жоспары
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тоқырау жылдарындағы және КОКП-ның ұлттық саясатының Қазақстанға тигізген ықпалы мен түпкі мәнін түсіндіру. 
Дамытушылық:Оқушыларды тарихи фактілерді талдап қорытынды жасауға, тірек-сызба сызу арқылы тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу. 
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың әдісі: тірек-сызбаларын пайдалана отырып түсіндіру, топтық жұмыстар және оқушылардың өзара белсенділігін арттыру әдісі. 
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, тақырыпқа қатысты материалдар. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті. Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
§23. Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары 
1. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:
а. «Ұжымдастыру жылдары»              в. «Тоқырау жылдары»             с. «Индустрияландыру жылдары»
д. «Қуғын-сүргін жылдары»         е. «Ұлы нәубет жылдары» 
2. 1960 жылы Каз/н КП ОК Бірінші хатшысы болып тағайындалды:
а. Ж.Шаяхметов                  в. Н.Ә.Назарбаев            с. Д.А.Қонаев             д. Н.С.Хрущев          е. Л.И.Брежнев 
3. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясы ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды:
а. Д.А.Қонаев           в. В.Г.Колбин          с. П.К.Пономаренко           д. Н.Ә.Назарбаев         е. Н.С.Хрущев 
4. 1964-1986 жылдары аралығында Қазақстанды басқарған:
а. Н.Ә. Назарбаев              в. Н.С.Хрущев             с. Д.А.Қонаев            д. В.Г.Колбин         е. П.К.Пономаренко 
5. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:
а. 1977 ж.            в. 1980 ж.             с. 1979 ж.         д. 1978 ж.        е. 1960 ж.   
6. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қабылданды:
а. 1975 жылы            в. 1970 жылы            с. 1977 жылы            д. 1978 жылы          е. 1979 жылы 
Жылдар қозғалысы. 
(оқушылар болған оқиғамен жылдарды салыстырады)
Тоқырау жылдары  1960 ж. ортасы - 1980 ж. ортасы 
Дінмұхамед Қонаев қай жылдары Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарды?  1960-1962 жж., 1964-1986 жж. 
Дінмұхамед Қонаев қай жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды? 1962-1964 жж. 
КСРО-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды?  1977 ж. 
Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды?  1978 ж. 
ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар төрт топқа бөлініп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 
Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі 
Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты 
          Ұлт        Олжас 
зиялыларының Сүлейменовтың 
    наразалығы«Аз и Я» кітабы
Целиноград оқиғалары 
Жылдам жауап ойыны:
1. 1960-1962, 1964-1986 жылдары аралығында Қазақстанды басқарған:Д.А.Қонаев   
2. 1960 жылдардың ішінде құрылған, айнласына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым:
«Жас тұлпар» 
3. 1970 жж. әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:«Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»         
4. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы:М.Әуезов    
5. 1960 жж. құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары:
А.Қадыржанов, Б.Тайжанов                     
6. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым:«Жас қазақ»     
7. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар» 
8. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды:1960 ж. ішінде           
9.1970 жж. кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны:О.Сүлейменов   
10. Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: «Аз и Я» 
11. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді:1975 ж. 
12. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:1978 ж.     
13. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына іргелес аудандағы енгізілмек болған облыстар:
Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола        
14. 1979 жылы «Неміс автономиясын» құруға қарсы жастар қозғалысы болған қала:Целиноград        
15. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы:Ерейментау      
16. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті:А.Коркин  
ІV. Бекіту сұрақтары.
1. «Ұлттарды қосу» дегенді қалай түсінесіңдер? 
2. Мемлекеттердің жойылуы кімге тиімді еді?
3. Коммунистік әкімшілік қандай ұрандарды жүзеге асырды?
4. «Жас тұлпар» ұлттық-ждемократиялық бейрисми ұйымының негізгі мақсаты қандай?
5. «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен құрылған ансамбльдерді атаңдар?
6. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы кітапханалардан аластатылып, басылымына тыйым салуын немен түсіндіруге болады?
7. 1979 ж. Целиноград оқиғаларына қандай баға беруге болады?
Оқушыларды бағалау. 
Үй тапсырмасы. 
§23-24. Тест құрастыру, тірек-сызба жасау. 
«Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері туралы мәліметтер жинастыру.