?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен емтихан билеттері (8-сынып)


1 – билет
1.Қазақтың әдеби тілі
2.Ежелгі дәуір әдебиеті
3.Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Аталған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен.
2 – билет
1.Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
2. «Алып-Ер Тұңға» жыры
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Ашыққан жылқы кетпендей тұяғымен қалың қарды бұрқ-бұрқ лақтырады.
3 – билет
1.Нормадан жөнімен ауытқу, инверсия дегеніміз не?
2.Орхон ескерткіштері
3.Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Қар есіліп кетті, жер дүрілдеп ерте көктей бастады.
4 – билет
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Қорқыт ата кітабы
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас та едім ғой.
5 – билет
1.Сөйлемге тән белгілер
2.Қорқыттың нақыл сөздері
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Амантайды Балтабек танығанымен, Ботакөз танымайтын еді.
6 – билет
1.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2.Оғыз қаған жыры.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әдеті бойынша далаға шығып отырған секілді.
7 – билет
1.Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Сұрақ түрлері.
2.Әбунасыр әл-Фараби, өлеңдері.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойым тік тұрды.
8 – билет
1.Лепті сөйлем, жасалу жолдары.
2.Ахмет Йассауи, хикметтерінің мазмұны.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын
сабалап қаша берді.
9 – билет
1.Бұйрықты сөйлем, жасалуы
2.Ахмет Иүгінеки шығармашылығы
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
10 – билет
1.Сөйлем мүшелері, Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай жіктелуі.
2.Жүсіп Баласағұн туралы, «Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкер туралы.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Тағы бір пьеса жайында айта кетуге болатын шығар.
11– билет
1.Сөйлем мүшелеріне тән белгілер, сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай жіктелуі.
2.Махмұт Қашқари «Түркі сөздерінің жинағы». Сөздіктегі мақал-мәтелдер.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Қаракөздің аулына амандасып қайтқалы Әзімхан келген.
12 – билет
1.Бастауыш, құрылысына қарай жіктелуі.
2.Рабғузи қиссалары.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Жағалауда жарқыраған күн сәулесі мен мал жайылған шалғындар, егін даласы мен кішкентай қайың тоғайлар көрініп тұрды.
13 – билет
1.Бастауыш, бастауыш болатын сөз таптары.
2.Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан».
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Дала өркениетінің төл перзенті – қазақ халқы эпостарға бай.
14 – билет
1.Баяндауыш, құрылысына қарай жіктелуі.
2.Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Екі адамның оңаша әңгімесі бір-біріне аманат саналады және әңгімелескен сырын ашу – арамдық.
15 – билет
1. Баяндауыш, баяндауыш болатын сөз таптары.
2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа жазыңыз.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Тәуелсіздігіміздің негізгі рухани тірегі, болашағымыздың негізгі рухани кепілі – байырғы халқымыз.
16 – билет
1.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
2. «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңінің мазмұны.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз
Қолға түсірдік дегендері ішіне сабан толтырылған фуфайка болып шықты.
17 – билет
1.Толықтауыш, құрылысына қарай жіктелуі.
2. М.Өтемісұлының бір өлеңін жатқа жазыңыз.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз
Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі, болашағымыздың басты экономикалық кепілі – табиғи байлықтарымыз.
18 – билет
1.Толықтауышқа тән негізгі белгілер, тура және жанама толықтауыштар
2.Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы. «Зар заман» толғауы.
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Бақыттың кіндігі – Отан.
19 – билет
1.Анықтауыш, анықтауыш болатын сөз таптары.
2.Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы. «Ілімге толса көкірек» толғауы.
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
ХХ ғасыр аяқталды.
20 – билет
1.Анықтауыш, құрылысына қарай жіктелуі.
2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді.
21 – билет
1.Пысықтауыш, негізгі белгілері, құрылысына қарай жіктелуі.
2. Абай Құнанбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Кішкентай қызды бала да, үлкен де жақсы көреді.
22 – билет
1.Пысықтауыштың мағыналық түрлері.
2.Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері.
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Ынтымақ түбі – бақ-дәулет.
23 – билет
1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.
2.Абайдың қара сөздері.
3. Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Мен Сәкеннің қасында жүр едім.
24 – билет
1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
2.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.
3. Сөз тіркестеріне талдау жасаңыз.
Жұмысы жоқтық, бағалы бұйым, Абаймен ақылдасты.
25 – билет
1.Оқшау сөздер және оның түрлері.
2.Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы.
3. Сөз тіркестеріне талдау жасаңыз.
Экономикалық кепілі, сен үшін келіпті, рухани тірегі.
26 – билет
1.Жай сөйлем, түрлері. Атаулы сөйлем.
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы.
3. Сөз тіркестеріне талдау жасаңыз.
Қысқа жіп, күміс жүзік, үйде қалды.
27 – билет
1.Жақты және жақсыз сөйлемдер.
2.Жамбылдың бір өлеңін жатқа жазыңыз.
3. Сөз тіркестеріне талдау жасаңыз.
Әдейі кірді, талапты жігіт, беспен бітірді.
28 – билет
1.Жақсыз сөйлемнің жасалуы.
2. Абайдың бір өлеңін жатқа жазыңыз.
3. Сөз тіркестеріне талдау жасаңыз.
Жүгіре-жүгіре шаршады, шыршаның қабығы, күштіден озды.
29 – билет
1.Жалаң және жайылма сөйлемдер.
2. Махамбеттің бір өлеңін жатқа жазыңыз.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Жасау дегеннен көз тұнады.
30 – билет
1.Толымды және толымсыз сөйлемдер, толымсыз сөйлемнің жасалуы.
2. «Жамбыл – жыр алыбы» тақырыбына эссе жазыңыз.
3. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Бұл соншалық сенімді айтылған байлау үй ішіне мақұл көрінеді.