?ал?анша без, оны? гормондарыны? ?ызметі. ?ал?анша безді? ?ызметі б?зылуыны? аурулары: кретинизм, шырышты? ісік, базед ауруы т.б. ?аза?стан Республикасында ?ал?анша без ауруларыны? алдын алу шаралары.


Бекітемін: _________
Күні: 08.10.2015ж. Пәні: Биология. Сыныбы: 8а
Сабақтың тақырыбы: Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік мақсаты: Қалқанша без, оның гормондарының қызметімен таныстыру.
ІІ. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
ІІІ. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: Ауызша әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер.
Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?
Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?Жаңа сабақты оқып – білу кезеңі.
Жаңа тақырып: Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.
Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасқан. Оның массасы — 15 — 30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс - әрекетінің қозуын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс - әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады Бұл ауру су мен топырақ кұрамында йод жетіспейтін аймақта кездеседі. Сондықтан йодты ауру адам йодты калий және натрий арқылы алады. Адам тәулігіне тамақпен бірге 0,15 — 0,20 мг йод алуы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады. Эндемиялық зоб ауруының белгілері: қалқанша бездің 1 кг - ға дейін ұлғайып өсуі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігіп қалады. Бұл аурумен ауыратын адам балық тағамдарын, теңіз қырыққабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек. Оқушылар мен балабақша балалары йодомарин ішуі керек.
Балаларда калқанша бездің кызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары кыртысының кызметі бұзылады, есу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.
Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де, қатты арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ, қатты терлегіш болады. Көз қарасы: бейжай болса да, көзі бадырақкөз болады. Тироксин бөлінуі мен синтезін гипофиздің алдыңғы бөлігінін гормондарының бірі реттейді. Егер тироксин жеткілікті болса, гипофиз гормонынын мөлшері кемиді де, организмнің қалыпты қызметі қамтамасыз етіледі. Бұл кезде зат алмасу қарқындылыгы, ұлпалар мен мүшелердің оттекті пайдалану денгейі артады.
Жаңа білім және іс – әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.
Қалқанша без қайда орналасқан? Оның массасы қанша?
Тироксин деген не?
Тироксин құрамына не кіреді?
Зоб ауруы қандай аймақта кездеседі?
Жаңа білімді және іс – әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі.
Кретинизмнің белгілерін ата.
Қалқанша бездің қызметі жоғарыласа, гормондар артық мөлшеорде болса қандай өзгеріс болады?
Базедов ауруының белгілері қандай?
Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.
Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.
Сабақты қорытындылау кезеңі.
Жаңа тақырыпты сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
Рефлекция кезеңі.
Мен бүгін сабақтан қандай қызық мәлімет алдым.