Как мы готовимся к ЕНТ?
Кайролапова Шынар Жанатовна
Ақмола облысы,
Қорғалжын ауданы,
Арықты орта мектебінің
педагог - психолог
ҰБТ-ға сенімділікпен барайық!
(аудандық семинарға дайындалған жұмыс)
Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық дайындық қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болғандықтан, 11-сынып оқушылармен психологиялық дайындық жұмыстары дұрыс жолға қойылу қажет. Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушыларды өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі жіне емтиханда қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтармен кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді ҰБТ-даң өту барысымен таныстыру, стреске жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету, өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет.
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
Өзіндік сенімін болуға баулу.
Өзіндік бағалауын анықтау.
Стресті жеңуге жол көрсету
Оқушыларға ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау
Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: ҰБТ-ға байланысты салынған плакат, шарлар,ақ қағаз, қалам, тест парақшасы.
І. «Менің атым және қасиетім» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір-біріне шарды беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады: әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.
Мұғалым жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушылардың қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеды.
II. Диагностикалық жұмыс.
Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.
Аты-жөні: Өткізілген күні:
Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, дәл осы кезде өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін, оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.
А- Жоқ, олай емес; В- мүмкін, солай; С-дұрыс; Д- өте дұрыс;
№ Пайымдаулар А В С Д
1 Мен байсалдымын 1 2 3 4
2 Маған еш қауіп төнбейді 1 2 3 4
3 Мен мазасызданып отырмын1 2 3 4
4 Мен өкініш сезінемін1 2 3 4
5 Мен өзімді еркін сезінемін1 2 3 4
6 Менің көнілім жоқ 1 2 3 4
7 Болады деген қиыншылдықтарға мазасызданамын1 2 3 4
8 Өзімді сергек сезінемін1 2 3 4
9 Өзіме риза емеспін1 2 3 4
10 Мен өзіме іштей қанағаттанамын 1 2 3 4
11 Мен өзіме сенімдімін1 2 3 4
12 Мен мазасызданамын1 2 3 4
13 Мен орын таппай мазасызданамын 1 2 3 4
14 Мен қатты қобалжып отырмын1 2 3 4
15 Мен еш толқып отырған жоқпын 1 2 3 4
16 Мен ризамын1 2 3 4
17 Мен уайымдап отырмын1 2 3 4
18 Мен қатты қобалжып отырмын1 2 3 4
19 Мен қуаныштымын 1 2 3 4
20 Маған бәрі ұнайды 1 2 3 4
ІІІ. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 10-12 оқушы шығады.
1тапсырма. 1Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда ашулы боласындар?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады.Осы жарылған шармен ашуларын басылсын.
2 тапсырма. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
IV. Ойынды аяқтау
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ-ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ-ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінене бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барық оқушының тілегі бітеді.
Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айтындар.
Рақмет, балалар!