Саба?ты? та?ырыбы: М. Ж?мабаев «Батыр Баян» дастаны
«Бекітемін» --------- А.Молдабаева Күні:10.01.15ж Сыныбы : 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы М. Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1. «Батыр Баян» дастаны туралы білу;
2. Шығарманы талдау арқылы мазмұнын түсіну;
3. Шығарманы мәнерлеп оқу техникасын қолдану арқылы үйрену;
Күтілетін нәтиже 1.Ақынның өмірі мен шығармалары туралы білетін болады.
2.Шығарманы талдау арқылы түсінеді;
3.Шығарманы кейіпкерлерге талдау жасап және мәнерлеп оқу
техникасын меңгеру арқылы оқып үйренеді;
Негізгі идеялар Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты.
Тапсырмалар Ойқозғау (сұрақ-жауап)
Топтық жұмыс (мәтінді талқылау)
Жеке жұмыс
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу
Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау
3 минут
2 минут
10 минут
1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;
2.Санамақ арқылы сыныпты топқа бөлу
«Айнымалы бекеттер» (топтық жұмыс)
«Ой қозғау» кезеңі
(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру
Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді
Оқушылар М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білетіндерін ортаға салады.
Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.
Түсіну
Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау
13 минут «Мағынаны тану »
1.Оқулықпен жұмыс
Әр топқа мәтінді бөліп беремін:
Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу.
Композициялық құрылысы.
Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Қолдану
Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу
20минут RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен шығармашылық жұмысқа жатады.Үлгі: Бұл тапсырма алдын - ала берілді. Оқушылар үйден дайындалып келуі керек.Роль – қалмақ қызыАудитория – БаянФорма – хатТақырып – кешірім- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді композициясына, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратады,өз ойларын еркін жеткізеді.
Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
Бағалау
Мақсаты: алған білімдерін саралау
Рефлексия 2минут Не үйрендім?
Қайсысы оңай болды?
Қайсысы қиын болды?
Тағы не үйренгім келеді? Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.