О?ытуды? Кембридж т?сілімен ?ткізілген саба?тарды? тиімділігі
Оқытудың Кембридж тәсілімен өткізілген сабақтардың тиімділігі
Искакова Бакытканым Амировна
Қаратөбе мектеп - гимназиясы
«Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын
ояту ең маңызды мақсат.»
К.Д.Ушинский.
Педагогикадағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. «Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру» курсының да мақсаты да осыны көздейді. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушы үшін де оң нәтиже беруі тиіс.
Үшінші негізгі деңгейдің курсын аяқтағалы бері өзімнің алдымызда тұрған жаңа білім реформасының қатысушысы ретінде жауапкершілігімнің жоғарлағанын түсіндім.
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
Оқыту дегеніміз – баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады.
Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет етеді.
Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі – тренинг. Тренинг - оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақтарымда осындай тренингтерді өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер берді және ең бастысы, оларға ұнады. Мысалы, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингісін ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сыйластық танытты. Сабақ басталарда оқушылар тарапынан «бүгін қандай тренинг өткізесіз?», «бүгін топқа қалай бөлінеміз?» деген сұрақтарды есту маған жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті.
Топтық жұмыс – бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.
Ал сыни тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқушыларда қызығушылық арта түсті. Әр сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыруға тырыстым. Бұл – менің тәжірибемде енгізген ең басты жаңалық болды.
Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім – нұсқаушы, оқушы – ізденуші екендігі айқындалды.
Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып, парталардың орналасуында өзгерістер болды және оқушыларымның өз сөздерін «Менің пікірім былай», «Менің ойымша...» деп бастауларын талап еттім.
Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың төрт кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім.
Мысалы, бір сабағымның кіріспе бөлімінде үй тапсырмасын «Сұрақты ұтып ал» әдісімен қайталау, тұсаукесер бөлімінде зерттеушілік әңгіме арқылы ойлануға түрткі сұрақтар әдісімен ой қозғау, негізгі бөлімде топтарға тапсырма беру (плакат бет арқылы, слайд арқылы түсіндіру), «Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта «Ойлан–жұптас-бөліс» стратегиясын пайдаланып есептер шығарту, қорытынды бөлімінде «Пифагор» үштігін қолданып есептерді ауызша тез есептей білу тиімділігін анықтадым. Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асты. Себебі, мәтін есептерді шығаруда оқушылардың жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы, әңгімелесуі диалог арқылы орындалды.
Құзырлы оқытудың негізгі идеясы - оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс–тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті. Сондықтан да мен, бұл бағдарламаны барлық ұстаздар меңгеріп, барлық мектептерде қолдау тауып, тиімді қолданылуы керек деп ойлаймын.
Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы
Мақсаты : Пифагор теоремасын меңгерту және теориялық білімді қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер: А: Пифагор теоремасын тұжырымдай алады. В: Пифагор теоремасын пайдаланып есептер шығарады. С: Пифагор теоремасының маңызын түсіндіре алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, флипчарт, маркер, ресурс парақтары, бағалау парағы, АКТ мүмкіндіктері.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Тұлғааралық байланысты орнату. Сыныппен амандасу. Оқушыларды үш топқа бөлу. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Сұрақты ұтып ал» әдісімен қайталау. 1.Қандай кесінділерді пропорционал кесінділер деп атайды?
2.Пропорционал кесінділер жөніндегі теореманы тұжырымдаңдар. 3.Сүйір бұрыштың косинусы деген не? 4.Сүйір бұрыштың синусы деген не?
5.Сүйір бұрыштың тангенсі деген не? 6.Сүйір бұрыштың котангенсі деген не? Қорапшада үй тапсырмасы бойынша есептер берілген:
1-топ: 1.а=3,с=5;в=? 2.а=10, с=12;cosα =?3.а=5,с=13; sinα= ?2-топ: 1.а=5, с=13; в=? 2.а=3, с= 5; cosα =?3.а=3, с=5;sinα= ?3-топ: 1.а=0,5, с=1,3;в=?2.а=1,5,с= 3, cosα =?
3.а=9, с=15,sinα= ? 1. -мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу.
2. оқушылар «Сұрақты ұтып ал» әдісімен сұрақтарға жауап бере отырып, сұрақтың қаншалықты дұрыс екені тексеріледі.
Оқушылар қорапшадан үй тапсырмасына берілген есептер бойынша жеке жұмыстанып, өзін-өзі бағалайды.
Тұсаукесер «Пифагор теоремасы» туралы бейнеролик арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау, мақсатын ашу.
Зерттеушілік әңгіме:
Ойлануға түрткі сұрақтар: Бұл бейнероликтен не көрдіңіз, қандай теореманы тұжырымдауға болады? Бейнероликтен көрген теореманы талдап, алгебра курсында квадрат түбірдің геометрияда қолданылуы туралы мәлімет алған болатын, сондықтан тақырыптың мақсатын ашуға өз ойларын қосты.
Негізгі бөлім Мұғалім тақырыпты 3 топқа бөліп береді. «Геометрияның екі қазынасы бар: олардың бірі - Пифагор теоремасы...» Иоганн Кеплер
Подкаст қолдану арқылы топтарға тапсырмалар беру: I топ: Пифагор теоремасын тұжырымдап, оны дәлелдеңдер. II топ:Пифагор теоремасына кері теорема тұжырымдап, оны дәлелдеңдер. IIIтоп:Пифагор теоремасының қолданылуы. Есеп: Квадраттың қабырғасы а-ға тең. Квадраттың диагоналы неге тең?
«Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясын пайдаланып, келесі тапсыр маларды орындаймыз.
І топ: 1.Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5 см, ал катетінің үлкені 4 см-ге тең. Кіші катетін табыңдар. 2.Тікбұрышты үшбұрышқа диаметрі 10дм болатын шеңбер сырттай сызылған. Үшбұрыштың бір катеті 6дм. Екінші катеті неге тең? ІІ топ:1.Катеттері 12 см және 4см-ге тең тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы қандай?
2.Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 3 см және 4 см-ге тең болса, оған сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар. ІІІ топ: 1.Тікбұрышты үшбұрыштың екі қабырғасы 3м және 4м. Оның үшінші қабырғасын табыңдар. 2.Табаны 6см, бүйір қабырғасы 5см-ге тең теңбүйірлі үшбұрыштың биіктігін табыңдар. Алдымен,жеке оқушы өз бетімен мәтінмен танысады, әрбір топ оқып, өзара талдап, бір-біріне түсіндіреді. Әр топ теореманы дәлелдеу бойынша постер құрып, қорғайды.
Бағдаршам әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.
Топтар бір-бірінің алдындағы тапсырмаларды «Айналмалы бекет» әдісімен топтарды айнала отырып орындайды.
Есептерді орындауға қойылатын критерийлер:
Критерий Дескриптор Ұпай
Есептер шығару
(әр есепке) Теореманы дұрыс пайдаланып бірақ есептеуде қате жіберсе 1
Есепті жауабына жеткізіп, дұрыс шығарса 2
Қорытын ды Жеке жұмыс:І топ: Есептеп, дәлелдеңдер.Есепке 1 ұпай 1)(3,4,5); 2)(6,8,10); 3)(0,9; 1,2;1,5).ІІ топ:1)(5,12,13);2) (1;2,4;2,6);3)(15,36,39).ІІІтоп1)( 8,15,17); 2)(16,30,34);3) (3,2;6;6,8).Кері байланыс, бағалау.Үй тапсырмасы: А:№244; В:№260; С:№262. Оқушылар жазбаша орындап, жауап береді. Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Пайдаланылған әдебиеттер: (Мұғалімге арналған нұсқаулық, ©«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012), Үшінші (негізгі) деңгей; «Геометрия» 8 сынып, авторы:Ә.Н.Шыныбеков,Алматы:«Атамұра»2012.