3 сынып Дара ж?не к?рделі етістік


Қазақ тілі
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік туралы берілген ұғымды бекіте түсу. Етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, сөйлеу тілін байыту.
Дамытушылық: Жаттығу орындауда дара және күрделі етістіктерді салыстыру арқылы ерекшеліктерін байқату. Оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, сурет көрсету арқылы сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Етстіктердің орфоэпиялық және орфографиялық ерекшеліктерін байқату, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын, тіл дамыту т.б.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, гүлдер, плакаттар, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» (оқушылар жүрекшені бере отырып, тілек тілейді).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 452-жаттығу. Суретке қарап шағын әңгіме құрастырып жазу.
ІІІ.Ой қозғау: «Жұлдызды сәт» ойыны.
Сұрақтарға жауап бере отырып, жұлдызша алу.
IV. Дәптермен жұмыс:
Балалар саяхатқа шықты. Олар жалғыз аяқ жолмен жүрді. Әсел ерте оянды. Ол киімдерін кеште даярлап қойды. Аян бояумен сурет салды.
V. Оқулықпен жұмыс:
453 – жаттығу.
Мәтінді түсініп оқу.
Мәтіннен етістікті тап.
454 – жаттығу. Берілген заттардың бәріне ортақ қимылды білдіретін сөзді тап.

Адам
Мал ..........?
Аң
VI. Сергіту сәті
VII. Шығармашылық тапсырма:
А) сурет бойынша эссе жазу. «Көктем келді».
Ә) Бес жолды өлең жазу. (Көктем).
VIII. «Гүл жинау» ойыны.
455 – жаттығу. Кестені толтыру.
456 – жаттығу. Мәтінді оқу. Зат есімдер мен етістікткрді талдау.
IX. Топтастыру.
барды
не істеді?

күрделіЕтістік

дара қайтті? не қылды?
X. Сөзжұмбақ шешу.
1. Ең нашар баға? (екі)
2. Сөз құрамының түрі? (түбір)
3. Сүттен жасалған тағам? (ірімшік)
4. Ең жақсы баға? (бес)
5. «Кім?», «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (зат есім)
6. 7 ондық қандай сан?
7. Екі, үш сөзден құралған етістікті ата. (Күрделі)
XI. Қорыту: топқа бөліну. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
XII. Үй тапсырмасы: 457 – жаттығу.
Бағалау