Дара ж?не к?рделі етістік ?аза? тілі 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар03.03.2015ж. Тумышева Айнагул Қазақ тілі2- сыныпСабақтың тақырыбы Дара және күрделі етістікСабақтың мақсатыБілімдік: Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі.
Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір-бірінен ажыратады. Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.
СілтемеҚазақ тілі -2 сынып, «Атамұра» баспасы,
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, стикерлер, А-4, кесте, жетондар, тірек сызбалары, плакаттар, монитор.
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, түсіндіру, диалог, АКТ, талдау және СТО технологияларыСабақтың барысыІ.Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
І топ зат есімге қатысты сөзі бойынша жеміс-жидектер тобын таңдайды, ІІ топ киеді сөзі бойынша киімдер тобын таңдайды,ІІІ топ ұшады сөзі бойынша құстар тобын таңдайды.
Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады . Етістік ережесін айтады (үш топ мысалдар келтіреді) Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барысында тірек сызбасы арқылы жұмыстар жүргізу.
Жаңа сабақ (5минут)
Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен үзіндісі бейне таспадан көрсетіледі. Бейне таспа бойынша оқушының ойы тыңдалады.
Оқушылар үзіндіден етістікті табады. Тапқан етістікті күрделі етістікке айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын, ереже шығартамын.
Оқушыларға 375-жаттығуды ауызша орындау арқылы дәлелдетемін.
Бекіту (10 минут) Көркем жазуға «Табиғат» сөзін жаздыртамын.
376- жаттығуды жаңа сабақты бекіту мақсатында тақтаға орындатамын. Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыртамын. Мысалы: Ұшты-ұшып кетті, ұшып барады, ұшып келді.
Сергіту сәті (2 минут) АКТ қолдану «Ква-ква» би ырғағыменОқулық пен тақтамен жұмыс (5 минут) Тақтаға 377- жаттығуды орындатамын. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрауға ұсынамын. Жазылған сөйлем ішінен етістікті тапқызамын. Етістіктің сөйлем ішінде келгенде баяндауыштың қызметін атқаратыны туралы мағлұмат беремін.
Шығармашылық жұмыс(5минут) Топтық жұмыс. Оқушыларға монитор арқылы бейне сюжет көрсетемін. Сол бейне сюжеттің желісі бойынша етістіктерді тапқызамын да, күрделі етістікке айналдыртамын.
Семантикалық карта бойынша жұмыс (5 минут) Оқушының аты-жөні____________________________________
сұрақтар
сөздерЗат есімЖалқы есімЖалпы есімЕтістікДара етістікКүрделі етістікКесе+ +
Қонды + +
Астана + +
Сатып алды + +
Сапырды + +
Шауып болды + +
Қорытындылау БағалауҮйге тапсырма (1 минут)
Сабақты сұрақ- жауап әдісі бойынша қорытындылау. Оқушыларды мақтау-мадақтау әдісі бойынша бағалау. Үйге ереже жаттап келу және 379 жаттығуды орындап келу.
Рефлексия
(2 минут)
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жапырақ стикерлерге жазып,ағашқа іледі.