Ашы? т?рбие са?аты ?ош келді?,?з-Наурыз!


Сыныбы: 5 «Г»
Күні: 18.03.2017
Тақырыбы: «Қош келдің, Әз-Наурыз!»
Мақсаты:
-Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
-Балаларды ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
-Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру.
Барысы:
Көрініс «Күн мен Түн».
Күн мен түн ортаға шығады.Күн: Сәулесі мол Күнмін,Түн: Жұлдызы көп ТүнмінЕкеуі бірігіп: Бірдей болып біздер, Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.Күн: Түн қысқарар бірақ.Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып, Жүрмеңіздер жылап.
Жанарыс: О, жарандар, жарандар!Бәрің мұнда қараңдар.Наурыз тойы басталды,Текке қарап тұрмаңдар.
Әуелесін армандар.Үміті от боп жанғандарБақ дарып, Қызыр қарасын,Мерекеден қалмаңдар.
О, жарандар, жарандарТамашадан қалмаңдар.Құс қанатты көңілменЖер әлемді шарлаңдар.
Оятып шың мен асқарды.Ерітіп мұз бен ақ қарды.Нұрландырған даланыНаурыз көктем басталды.
Хор «Наурыз-Думан»
Дастархан басында оқушылар отырады. Бір топ оқушы кіріп келеді:
Ильяс: Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын!
Ислам: Қош келдіңіздер!
Ақжан: Қадамдарыңызға нұр жаусын! Төрлетіңіздер!
Ильяс: Мал-жан аман?! Біздер сіздің ауылға Наурыз тойлап келіп қалған жайымыз бар! Ұлыс оң болсын!
Ислам: Бірге болсын! Жыл құт береке әкелсін!
Аружан: Бос отырмай астан алдырып отырыңыздар!
Ислам: Ауылдың алты ауызы демекші, біздің қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар!
«Ерке-сылқым» биі

Ильяс: Ә! Бәрекелді! Өркендерің өссін! Бізде құр қол келген жоқпыз! Сіздерге қонақ кәдеміз бар!
Т.Ислам: Әже, қонақ кәде деген не?
Меруерт: Қонақкәде – келген қонақтан өз өнерін көрсетуді сұрау салты.
Ильяс: Тұрсынай қызымыз домбырамен бір күй шертіп жіберсін!
«Келіншек» күйі

Ислам: Өркенің өссін, Айналайын!
Ильяс: Ауылдың жігіттеріне күш сынастырмадық па!
Ислам: Сынастырсақ сынастырайық!
Дархан мен Даурен, Берекет пен Алдияр күш сынастырады.
Ислам: Ал, сіздер құтты қонақ болдыңыздар! Қос тойға қатар келдіңіздер! Немерем Назардың тұсауын кесу салтанатын бүгінге туралап отыр едік!

Әже: Қаз-қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін!
Тұсауыңды кесейін!
Қадамың құтты болсын!
Ислам: Ал ақсақал бата беріңіз!

Ильяс: Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын.Қайда барсақ жол болсын!Ұлыс бақты болсын,Төрт – түлік ақты болсын!Ұлыс береке берсін,Бәле – жала жерге енсін»Ұлы халқым тоқ болсын»Көйлектерің көк болсын!Қайғы – уайым жоқ болсын!Қуаныштарың көп болсын!
Ислам: Ал енді үлкен асқа отырып, Ақ түйенің қарны жарылған күнді тойлайық!