Т?рбие са?аты К?ктем аруы


«Көктем аруы»
Барыс :Армысыздар ,халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылды қарсы алайық.
Еліміздің несібесі көп болсын
Жауын жауып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Қош келдіңіздер!құрметті қонақтар,ұстаздар,бүлдіршіндерНаурыз мерекелеріңіз құтты болсын! «Балбұлақ»шағын орталығының бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Көктем аруы» атты байқаудытамашалауға қош келдіңіздер.Бүгінгі сайысқа қатысушы ару қыздарымызды ортаға шақырамыз:
1.Назар Айбарқызы.
2.Айтолқын Олимпиатқызы.
3.Жанерке Жанғазықызы.
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздер
Тыңдап баға берерге
Шақырайық төрге деп әділқазылар алқасын шақырамыз.
1.Тлеуова.Г.
2.Сиязбаева.Г.
Сайыс жалпы төрт бөлімнен тұрады:
1.Таныстыру.
2.Білім сайысы.
3.Өз-өнерін көрсету.
4.Жұмбақ шешу.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен арулармен кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Бағасын сұраймыз.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп, Қайсар.
Көк шөбі шығып желбіреп
Дүние біткен күлімдеп.
Екінші бөлім «Білім сайысы»
1.Жануарлар нешеге бөлінеді?/дала,үй жануарлары/
2.Тудың түсі қандай?/көк/
3.1ден 10ға дейін санап бер?/1.2.3.4.5.6.7.8.9.10./
Бағасын сұраймыз.
Армысыңдар,халайық,
Бармысыңдар халайық Мәди.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылды қарсы алайық.
Ал,кімнің қнері бар қаншалықты
Би,билеп,ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі арулар сайысында
Қай ару аянбай жан салыпты-дегендей кезекті арулардың өнерін тамашалаймыз.
Бағасын сұраймыз.
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмаңдар
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғаңдар-дей келе сайыс «Жұмбақ шешу»
Бағасын сұраймыз.
Наурыз келсін,құт келгені халайық!
Есік ашып,шашу шашып Мейрамбек.
Ел боп қарсы алайық.
Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Аруларға өнерпаздық жарасады,
Жеңу үшін бәрі де таласады
Жеңіп алған аруға «Көктем аруы» белгісімен бас жүлдені тағамыз.