Б?л программаны iске ?ос?анда е? алдымен Delphi програмасыны? негiзгi ?ш терезесi экранда к?рiнедi
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi
Ахметова А. - Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
3 курс студенті
Қазіргі кезде көптеген Delphi тілі түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, Delphi тілінде даярланған электрондық құралдар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде Delphi тілінде оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.
Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал Delphi тілі көмегімен даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде Delphi тілі көмегімен дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. Delphi тілі көмегімен оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік электронды құрал пайда болады.
Демек, Delphi тілі көмегімен электрондық құралдар даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды кажет ететін өте күрделі іс, яғни, Delphi тілі көмегімен электрондық құрал даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.
Қазіргі кезде, Delphi тілі көмегімен электрондық құрал даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:
- оқу материалының авторлары;
- компьютерлік әдіскерлер;
- жүйелік программалаушы;
- пайдаланушылар.
Delphi тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал -компьютерлік оқу құралы деп аталынып, білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарына жатады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Компьтермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау. Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 7 ® Delphi 7 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi . Бұл терезелер:
1- шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады.
2-шiсi Delphi ортасының формасы (Form1) деп аталады.
3-шici Delphi ортасының объект инспектор терезесі (Object Inspector)/
Сурет 1. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.Жалпы, ортада программа құруға арналған төртiншi, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген.
Сурет 2.Басты бет
Бұл электронды оқулықтың басты беті. Басты бет тақырыптан және авторлық ұжымнан тұрады.Бұл басты бетте Форма терезесінде Image1, Label1, Label2, Label3компонентері қолданылады.
Label1 компонентінің кілті:
procedure TForm1.lbl1Click(Sender: TObject);
begin Form2.ShowModal
end;
Label2. компонентінің кілті:
procedure TForm1.lbl2Click(Sender: TObject);
begin Form3.ShowModal
end;
Label3. компонентінің кілті:
procedure TForm1.lbl3Click(Sender: TObject);
begin Form14.ShowModal
end;
end.
Сурет-3. Дәрістер бөлімі беті
Бұл бетте мен Image1, Image2, Image3, Image4, Image5, Image6, Image7, Memo1, Memo2, Memo3,Label1, label2,label3,Label4,Label5,Label6,Label7,Label8
Memo4, Memo5, Memo6, Memo7, Memo8,компоненттері қолдандым. компонентіне 10 бетті қостым. Жалпы информатикаға байланысты 7 дәрісті орналастырдым.
Button1 компонентінің кілті:
procedure TForm2.btn1Click(Sender: TObject);
begin
Form1.Show
end;