Сыныптан тыс шара ?ажайып химия ?леміне саяхат


Тақырыбы: Ғажайып химия әлеміне саяхат
Мақсаты:
Химия ғылымының алуантүрлі ғажайыптары туралы кеңінен түсінік беру;
Химия ғылымына оқушылардың қызығушылығын ояту;
Ғылыми – материалистик көзқараста тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Зертханалық
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Демонстрациялық, сарамандық тапсырмалар,
жұптық, топтық жұмыстар
Барысы:
«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары деп өте орынды айтылған»Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан, қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те  көретініміз химия ғажайыптары деп өте орынды айтылған. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,  әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты  болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.
Бейтараптану реакциясын жасап корсету
NaOH +HCl=NaCl+H2O
Компьютерден қызықты тәжірибелер қарау.
Қызықты тәжірибелер
Өз беттерімен үйде жасауға болатын тәжірибе жасау
1. Ауыртпай жасалған «операция»
Үстінде ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: «Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалауы да, жазылуы да тез. Бір батылдаудың, осында келуіңді сұраймын» - деп, шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары-бері кескен болады (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таңқалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған «операцияның» жасырын сырын айтады: «Мен оқушыныңбілегін спиртпен тазалаған болып, оған 5 проценттік темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін жақтым да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кескен болдым. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады:

Сүттің суға айналуы
Кальций хлориді ерітіндісінің натрий карбонаты ерітіндісі қосқанда ақ тұнба түзіледі, түзілген ақ тұнбаға 20% - дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап, түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонаты ерітінідісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түседі:
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl
Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (IV) оксиді тұзіледі, көмір қышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
Сараң көмір мен сәнқой жүгері таяқшасы
Қажетті құралдар: белсендірілген көмірдің бірнеше таблеткасы, гуаш немесе акварель бояуы, кішкене банка немесе стакан, бірнеше жүгері таяқшалары және әтір.
Қиындығы: өзбеттерімен орындауға болады.
Белсендірілген көмір адам өзін нашар сезінген кезде көмектеседі. Ал, жүгері таяқшалары өте дәмді болады. Шындығына келсек, көмір әртүрлі түстерді сіңірсе, ал жүгері таяқшасының сәнқойлығы сонша, үнемі әтір пайдаланып жүреді.
Тәжірибе:
Банкага азғана мөлшердегі бояуды суға ерітіп, сосын оған белсендірілген көмір сал.
Нәтиже:
Банкадағы ерітінді тез жойылады. Сараң көмір банкадағы бар бояуды сіңіріп алады.
Тәжірибе:
Жүгері таяқшаларының да қызықты қасиеті бар. Банкаға бірнеше тамшы әтір сеп. Енді банкаға 1-2 жүгері таяқшасын салып, бірнеше минутқа аузын жауып қой.
Нәтиже:
Банканы басқа бөлмеге апарып, қақпағын аш. Әтірдің иісі жоқ болып кетеді.
Қорытынды:
Жүгері таяқшасының әтір иісін және белсендірілген көмірдің бояудың түсін сіңіру құбылысы адсорбция деп аталады.

Қорытындылау.