Екі ?рнекті? квадраттарыны? айырымыны? формулалары.
Сынып: 7 Күні: 03.12.2014ж. Пәні: Алгебра Пән мұғалімі: М.Жолымбетова
Сабақтың тақырыбы Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары.
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқулық : Ә.Н.Шыныбеков « Алгебра » 7 сынып
Жалпы мақсаттар: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары танып біледі ;
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары туралы түсінік қалыптасады;
есеп шығару кезіндегі білім дағдыларының қалыптасуына көз жеткізеді;
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс - тәсілдер Тәсілі : жеке,жұппен,топпен Әдісі: АКТ, СТО, диалог
Оқыту нәтижесі: Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
Түйінді идеялар Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин Топқа бөлу – тапсырмалары бар карточкалар таратады, есептерді шешу арқылы топқа бөлінеді, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылар дан: -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды.Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айтады. Оқушылар ұқсас жауаптармен бірігіп 2топ құрайды, әр топ тапсырма бойынша : топ ережесін топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады.
Топтар : Бірмүше. Көпмүше.
Мағынаны ажырату
Жаңа тақырып 20 мин Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді.
І топ: І жағдай
ІІ топ: ІІ жағдай
Топтық жұмыс: постер қорғау.
Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.
І топ: Екі өрнектің айырамасынның олардың қосындысына көбейтіндісі осы өрнектердің квадраттарының айырмасына тең.
(а-в)(а+в)= а2 +ав – ав – в2 = а2 – в2
ІІ топ: Екі өрнектің квадраттарының айырамасы осы өрнектердің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісіне тең. а2 – в2 = (а-в)(а+в)
Бағалау : Басбармақ әдісі арқылы бағалайды.
Ой - толғаныс 10
Мин
5
Мин
Жұптық жұмыс: «Білгір достар».5 ұпай
І топ: №366 (1,9,12),№367 (3,6)
ІІ топ: №366 (1,9,12),№367 (3,6)
Жеке жұмыс:«Жарысты жалғастыр».4 ұпай
«Сиқырлы сандықша» ойыны. 3ұпай
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп ұпай алады.
Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
1.Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтісін табудың ережесін айт.
2.Екі өрнектің квадраттарының айырамасын көбейткіштерге жіктеу ережесін айт.
3. (3) формуланы дәлелде.
4. Көпмүшелерді көбейту ережесін айт.
5. Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін қандай тәсіл қолданады?
Бағалау 1
мин Постерлер астына смайлик жапсыру арқылы топтар ақылдасып,басқа топтарды бағалады.Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Рефлексия Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.
Кейінгі жұмыс 1мин §2 тақырып. №389-390