Ашы? саба? Power Point ба?дарламасында презентация ??растыру(10 сынып)


Бекітемін:
Күні: 17.03.17
Сыныбы: 10 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:«Power Point» бағдарламасында презентация құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып
презентация құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық
мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсундіру-көрсету,жобалық қызмет, жұптық жұмыс,
деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сабақтың қолданылатын көрнекілігі:электрондық оқулық,слайд-фильм,
интернеттен алынған суреттер.
Пән-аралық байланысы:қазақ тілі,ағылшын тілі,бенелеу өнері.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі:сыныптың сабаққа дайындығын тексеру,жұптастыру.
II.Үй жұмысын тексеру:
1. сұрақ-жауап арқылы (слайдтарды қолдану)
- Power Point не үшін арналған бағдарлама?
- Power Point-ты іске қалай қосуға болады?
- Power Point меню құрамы неден тұрады?
- Слайд дегеніміз не?
-Слайд-фильм(презентация) деп нені атайды?
-Слайдтарды қалай қосуға болады?
- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
-Графикалық объектілерді орналастыру қалай жүзеге асырылады?
2. 10- сыныпқа арналған электрондық оқулықтан тапсырмаларды орындау:
1-тапсырма:Қандай бағдарлама слайдтарды жасауға және өңдеуге арналған?(Тиісту бағдарламаны таңдау)

2-тапсырма:Тапсырмалар аймағы үстеліндегі Түстер сұлбалары қосымшасын ашып слайдқа түрлі қалыптарды қолданып көріңіз.

3-тапсырма:Мына батырмалардың қайсысы Стандартты үстел құрамына кірмейді?Оларды себетке апарыңыз.

4-тапсырма:Әр түрлі нысандардан тұратын көрменің құрамдас бөлігі қалай аталады?

5-тапсырма:Мына батырмалардың қайсысы пішімдеу үстелінің құрамына кірмейді?оларды себетке апарыңыз.

III.Жаңа сабақ.
1.Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Power Point бағдарламасында презентация құрастыру.
2.Электрондық оқулықпен жұмыс (бейнепроектор арқылы түсіндіру- көрсету).
-Белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына,баяндамашы ескертпелеріне,тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1.Power Point-ті іске қосу.Файл-Создать командасын таңдау.
2. Безендіру шаблонын жасау үшін
Файл-Создать-Шаблон-Оформления командасын қолдану
3.Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.
4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка
менюіне кіріп керекті опцияны тадау.
5.Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін
Анимации-Настройка анимации командасын таңдау.
6.Құрылым тәртібіне өтіп,презентация жоспарын қарап шығу.
7.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,
Вид-Показ слайдов командасын орындау.
8.Презентацияны сақтау үшін Файл-Сохранить командасын
орындап,ат беріп,сақтау.
Презентация жасағанда мына ұсыныстарды ескеру керек:
презентацияны алдын ала жоспарлау-оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;
әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;
слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;
импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;
кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
фотокескінді редакциялау үшін арнайы програмаларды қолдану тиімді;
слайдтарды беендіру үшін үйлесімді түстерді таңдау;
презентацияның кейбір сәттеріне аудиторияның назарын аудару үшін анимациялық өтулерді,бейне,дыбыс және басқа құралдарды пайдалану.
IV.Бекіту. Практикалық жұмыс (презентация құрастыру).
1- деңгейлік тапсырма:
1.Тақырып таңдау.
2.1-10 слайдтар дайындау.
3. Презентацияны сақтау
2- деңгейлік тапсырма:
1.Слайдтарға тақырыпқа сай графикалық объектілер енгізу.
(Компьютерден,интернеттен алынғансуреттер)
2.Слайдтарға анимациялық эффектілер кіргізу.
3. Слайдтарды безендіру.
3- деңгейлік тапсырма:
1.Презентацияны қорғау.
2.Мазмұнын ашу.
3.Уақытты үнемдеу.
Әр топтағы оқушылар өздері жасаған презентацияларын қорғайды.
V. Қорытынды.презентацияның қасиеттеріне кластер жасау.
Мақсатын анықтау

Мазмұнын ашу

Слайдтар ықшам,қарапайым болу керек


Суреттер
Жоспары болу керек

сызбалар

Интернеттке жіберу
Үйлесімділік
Объект фоннан ерекшеленуі
керек
Контрастілік


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ҚАСИЕТТЕРІ
Графикалық объектілермен
көркемдеу


интерактивтілігі


диаграмалар
Эстетикалық талғамға сай
Анимациялық әсерлеу

Дыбыспен сүйемелдеу

VI .Үйге тапсырма беру.
«Менің отбасым» тақырыбына презентация құрастыру.
VII. Бағалау.Бағалау парақтарын толтыру,оқушыларды бағалау.
Благодар орта мектебі.

Ашық сабақ
Тақырыбы: « Pover Point бағдарламасы. Презентация»
10 сынып

Өткізген: Сұлтанова Д.Ш

2016-2017