Т?рбие са?аты «Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?таныш»
Сынып жетекшісі: Атейбекова Раушан Талиповна
1 қыркүйек Білім күні
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйіп, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу .
Оқуға, білімге деген ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтада көрсетілетін әртүрлі слайдтар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, түрлі тапсырмалар, ән.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Шаттық шеңбері
Қуанамын
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Арайлап атқан күнге не үшін қуанасыңдар?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Интерактивті тақтамен жұмыс
Біздің Отанымыз қай ел?
Қазақстан.
Қазақстанның ел ордасы қай қала?
Астана қаласы.
Қазақ елінің президенті кім?
1-слайд. Президент суреті
2-слайд. Қазақстан жалауы
Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы.
Бұлт баспасын күнімді, Тарылмасын өрісім, Биік ұстау туымды – Қасиетті борышым.
Отан деген ұлы сөз, Басталады кішіден. Барлық жерде әрбір кез, Кездесер ол кісімен.
3-слайд. Елтаңба
Құт береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігің,
Мұнда да бар жер үнің.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас тұлпар,
Шарықтаған таза күй.
4-слайд. Әнұран
Сәлем, мектеп! Оқуға саған келдік біз! Қоңырау, міне соғылды, Оқу жылы басталды.
Мектеп біздің сияқты Екінші туған үйіміз! Білімді де аламыз, Достықты да танимыз.
Қараңдаршы түріме, Бақыттымын мен бүгін! Оқушымын өйткені, Сыныптан көп дос таптым!
Оқу маған ұнайды, Жауаптан да қашпаймын. Тапсырмадан қорықпай, Орындаймын ерінбей.
Оқимын тек әліппе, Ойыншықты тастаймын, Жиып алып оларды Бақшаға мен сыйлаймын.
Сөмкем толы арқамда Кітап, қалам, дәптерлер, Жай ғана енді бала емес Оқушымын мен енді!
Сәби десін бізді әлі! Баға мейлі қоймасын! Күнделік те жоқ бізде, Оқушымыз бәрібір!
Білеріміз көп алда! Кітаптар көп оқитын! Осы жолмен бізге әлі Жүру керек он бір жыл!
Алақай ау, Алақай! Бұдан былай мен енді Емеспін жай балақай! Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді. Бардым бүгін мектепке, Оқушымын мен енді!
5-слайд. Ойын: Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала бола ма?!
Мектепте ең бастысы мұқият болу керек. Ойын шарты: мен сұрақ қоямын, ал сендер егер келіссеңдер «Бұл мен, бұл мен және менің достарым!», ал келіспесеңдер қол шапалақтайсыңдар.
Жыл сайын көңілді кейіппен
Мектепке қарай беттейтін кім?
Кітап, қалам, дәптерін
Жақсы күтіп ұстайтын кім?
Құлағына дейін кір болып,
Бір жуынбай жүретін кім?
Бағдаршамға қарамай,
Жолға жүгіріп шығатын кім?
Қызыл жанса – жүрмейсің
Дегенді қасысың білмейтін?
Аязда да тоңбайтын,
Конькименен зырлайтын кім?
Ұйқысын қимай көсіліп,
Сабаққа келер кешігіп кім?
Үй сабағын жайғайтын
Сосын барып ойнайтын кім?
Ашуменен қоштасқан
Спортпенен достасқан кім?
Ән салып, би билейтін,
Шаршауды бір білмейтін кім?
6-слайд. Ойын: «Өз орныңды тап»
7-слайд. Өрнектің мәнін тап
8-слайд. Өзіңе ең жақын туыстық атауларды жаз
9-слайд. Жұмбақ жасыру
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
2. Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді.
Бір көзім абайла,
Жан-жағыңа қарайла дейді. (Бағдаршам)
10-слайд. Мақалдың жалғасын тап;
Оқусыз білім жоқ, ... (білімсіз күнің жоқ)
Күш – білімде, білім - ... (кітапта)
Ал қазір, қымбатты менің оқушыларым, салтанатты сәт - ант қабылдау сәті келді.
Фанфар үні
Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын кеуделеріне қойып ант қабылдайды. Мұғалім ант сөзін оқиды, оқушылар қайталайды.
11-слайд. Ант сөзі:
Біз, бірінші сынып оқушылары,
Отанымызды сүюге,
Ақылды болуға, Адал да қайырымды болуға,
Сабақты тек «5» пен «4»-ке оқуға!
Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Оқушылардың орындауында «Ризашылық әні» орындалады.
Сабақты қорытындылау.