Т?рбие са?аты Елбасы — ел тірегі
Тәрбие сабақтың тақырыбы: ЕЛБАСЫ-ЕЛ ТІРЕГІ
Сабақтың мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту.Еліміздің тұңғыш президенті, Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі екендігін , құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту.Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері,рәміздер, «Астана және біздің Президентіміз» презентация,Қазақстан картасы
Сабақтың барысы: «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, қолдарына жалау ұстап топқа кіреді. Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.
Мұғалім: -Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады.Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз еліміздің әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.Осы жетістіктердің бәрі елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі.
Мұғалім:1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев болып сайланды, қазақ елі өз басшысын сайлады. Қазір біз-бақытты елміз.Елбасымыз өз елінің қамы үшін,тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырып,атқарып келеді.
Біздің республикамыздың президенті-Нұрсұлтан Назарбаев.
-Балалар, мынау біздің еліміз-Қазақстан Республикасының Туы, көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Тудың ортасында күннің шұғыласы,оның астында қалықтаған қыран құс бейнеленген.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн,арай,қыран және ою-өрнек -алтын түсті
Мұғалім: Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды. -Балалар тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
-Күн,құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз. -Иә,өте дұрыс айтасыңдар. -Ал ,енді, балалар,мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен? -Туымыздың түсі: көк,көгілдір. -Аспанға ұқсайды Балалардың жаттаған өлең жолдары тыңдалады.
Мөлдір:Туға мойын бұрамыз, Нұрсаит: Желбірейді шалықтап Елтаңба деп тұрамыз. Қазақстан жалауы
Әнұран боп асқақтап тұр Көкте қыран қалықтап
Біздің елдің рәмізі. Қанат қағып барады
-Балалар, мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.
-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері.
–Иә,өте дұрыс айттыңдар
Мұғалім:-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі.Ал бес бұрышты жұлдық елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы. -Балалармен әңгіме жүргізіліп,балалардың тақпақтары айтылады.
«Елтаңбасы елімнің»
Елтаңбасы елімнің Құт,береке-шаңырақ Неткен әйбат, әдемі Орын алған ол төрденТұнығындай көңілді Қанатты қос арғымақ Ортада-аспан әлемі Екі жақтан көмкерген
Сергіту сәті
Мұғалім: -Балалар, біз қандай республикада тұрамыз?
Балалар: - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Иә, дұрыс айтасыңдар.Оның астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы
Балалардың «Астана» туралы тақпақтары айтылады.
Алтынай:Жаса,жаса Астанам
Перизат: Астана арман қала Өркен жая бастаған Бағы бір жанған қала Болашақтың есігін Тұрады ол жап-жас болып Өз қолыңмен аш мағанМен үлкен болғанда да
Айкерім: Отанымның төрінде Ту ұстаған Астанам
Сарыарқаның өрінде Әсем қалам,бас қалам
Аружан: Заман жаңа,ел жаңа Өз Астанам-өз Ордам Күлімдейді кең дала Сүйенерім сен ғана!
«Астанаға саяхат шолу» Фотосюжет
Мұғалім: -Балаларға Астана жайлы, Н.Назарбаев жайлы суреттер арқылы әңгімелеп береді. Тәрбиеші: -Астана-ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп,өркендеп келеді.Көшелері кең,онымен көп машиналар,тролебустар,автобустар жүреді. – Астанада Президенттің сарайы бар. Президент Н.Назарбаев сло жерде қызмет істейді,шет ел басшыларын қабылдайды.Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп келеді.– Тәрбиеші: Қазақстан біздің Отанымыз дедік.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар,Отан үшін еңбек етесіңдер.
Отан туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтылады.
1.Отан-оттан да ыстық
4.Отан-елдің анасы
2.Туған жердей жер болмас
Ел-ердің анасы
Туған елдей ел болмас
5.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
3.Отанды сүю от басынан басталады
«Туған жерді гүлдендір» ойыны
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)
–Балалар,Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.
«Туған жер-алтын бесік» демекші,балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,қадірлеуді мақсат етейік.Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында көрсетілген
«Қортынды сөзімді жас ұрпақа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен балаларыңыз үшін қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»
«Қазақстан-бақытты ел ,Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға –елдің тұтқасы.Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға –деп бүгінгі сынып саұатымызды аяқтаймыз.
«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін
Мектеп директоры
___________Р.Мауленова
атты сынып сағаты
Сынып жетекші: Р.Орынбаева
2014-2015 оқу жылы