Т?рбие са?аты: Мемлекеттік р?міздер — ?лтты? ма?таныш


Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер-рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Отаншылдық , ұлтжандылыққа өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу., ой-өрісін, таңымдық қабілетін жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: Рәміздер сауреттері, сайыс барысы жазылған тақта, кроссворд.
Сабақ түрі: Сайыс
Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім: Балалар, еліміздің рәміздеріне не жатады? (Ту, елтаңба, әнұран)
Қазақ елі ұлан-байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000км, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 км, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып пймақты қалай әсілесе де тұрарлық.
Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол-көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақта әулеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлейді, өз үнімен жар салуды армандайды.
Қазақстан Республикасының Ата заңынның 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттікң рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» - делінген.
Сондай-ақ осы заңның 34-бап, 2-тармағында «Әркім Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеугше міндетті» - делінген. Олай болса бүгінгі 6 сынып оқушыларының өткізгелі отырған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын басталды деп жариялаймын.
Балалар, бүгінгі сабағымызда 3 топқа бөлініп, сайыс ретінде өткіземіз. Сайыса отырып, өз білімдерін мен өнерлерін ортаға салайық.
Ендігі кезекте сайыс сабағымыздың кезеңдермен таныстырып өтейін.
І кезең «Сәлем –сөздің анасы»
ІІ кезең «Бәйге»
ІІІ кезең «Кроссворд шешу»
ІҮ кезең «Топ басшыларының сайысы»
Мұғалім: Кез келген мемлекет өз Ельтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу кезеңіне сөз берейік.
І топ «Ту»
Өзіндікі туыңда
От пен ауа, суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да!
ІІ топ «Елтаңба»
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
ІІІ топ «Әнұран»
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім-сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады
Республика Әнұраны
«Сәлем – сөздің анасы» кезеңі бойынша оқушылардың жинаған ұпайлары хабарланады.
Мұғалім: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Бәйге» кезеңіне кезек берейік
Сайыстың «Бәйге» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.
Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Мемлекетіміздің астанасы қай қала? (Астана)
Мемлекетіміздің президенті? (Назарбаев)
Ата Заңдарын бар ма, ол қашан қабылданды? (30 тамыз)
Сен тұратын облыс қалай аталады? (СҚО)
Облыс орталығы қай қала? (Петропавл)
ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж)
Тудың түсі неге көк? (бүкіл дүниеге көк аспан орт ақ деген мағынаны білдіреді)
Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәліков)
Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, мәненен өзнертулер енгізген Президент)

Оқушылардың ІІ кезең бойынша жинаған ұпайларын хабарландыру

Мұғалім: Келесі сайысымыздың кезеңі «Кроссворд шешу»
Сөзжұмбақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі?
Қазақстан Республикасының президенті
Қай айда Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды?
Елтаңбаның авторы, еңбек сіңірген сәулетші?
«Менің Қазақстаным» әнұранына әнін жазған композитор?
Туымызда қандай құс бейнеленген?
Е Л Т Н А З А Р Б А Е В
Ң Б М А У С Ы М А Қ А Л Д А Я Қ О В
И Х А Қ Ы Р А Н О В Оқушылардың ІІІ кезең бойынша алған ұпайларын хабарландыру
Мұғалім: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Топ басшылары сайысы» деп аталады.
Топ басшыларына тапсырам беріледі. Сұрақ мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер?
Топ басшыларын 1 минут дайындалып жауап береді.
Мұғалім: ҚР-ның Ата заңның 34-бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарына құрметееуге міндетті» делінген. Еліміздің бейнесі – ол рәміздер. Бұл – тәуелсіздіктің жеңісі. Олай болса, рәміздерді құрметтеу - әрбір қазақстандық азматтың міндеті. әсіресе, ел ертеңі, болашағы – сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет. Демек, өз елі үшін шаттанар адам ең алдымен осы рәміздерді құрметтеуі, қадірлеп, қаисеттеу тиіс. Сонда ғана біз өзіміздің Қазақстанның нағыз патриоты, елжанды, оның келешегі үшін бәріне де азаматпыз дей аламыз. Өйткені, елдігіміз бен егемендігіміздің алғашқы белгісі – мемлекеттік нышандар болса, оған баланы жастан қадірлеуге бейімдеп, өзіне үлгі-өнеге болуымыз керек. Бұл - әр азаматтың міндеті мен қасиетті борышы.
Сайыс сабағымыздың жеңімпаздарын анықтап алайық.
Сөзжұмбақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі?
Қазақстан Республикасының президенті
Қай айда Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды?
Елтаңбаның авторы, еңбек сіңірген сәулетші?
«Менің Қазақстаным» әнұранына әнін жазған композитор?
Туымызда қандай құс бейнеленген?
Е Л Т Н А З А Р Б А Е В
Ң Б М А У С Ы М А Қ А Л Д А Я Қ О В
И Х А Қ Ы Р А Н О В