Елбасы-ел тірегі, ел намысы! т?рбие са?аты


Балалар мен жасөспірімдер орталығы
1202056-4445Елбасы-ел тірегі,
ел намысы!
00Елбасы-ел тірегі,
ел намысы!

Ашық тәрбие сағаты
Өткізген: «Вокал» үйірмесінің мұғалімі Л.Қ.Кашкенова
30 қараша 2016 жыл
Елбасы-ел тірегі, ел намысы!
тәрбие сағаты 30 қараша 2016 жыл
Мақсаты: Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Президент суреттері, кітаптарыБарысы:Кіріспе.Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.Мұғалім: оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
Негізгі бөлім.1-жүргізуші:Мұғалім: Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған. Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген.
2-жүргізуші:Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Президенті
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
2-жүргізуші:1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1-жүргізуші:1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
2-жүргізуші:Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1-жүргізуші:1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
2-жүргізуші:1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1-жүргізуші:1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
2-жүргізуші:1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1-жүргізуші:1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
2-жүргізуші:1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1-жүргізуші:1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
2-жүргізуші:1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1-жүргізуші:1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
2-жүргізуші:1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
1-жүргізуші:2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2-жүргізуші:2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.
1-жүргізуші:2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.
2-жүргізуші:Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
1-жүргізуші:Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
2-жүргізуші:Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы.
1-жүргізуші:
ІІ бөлім – Елбасына арналған жыр шұмақтары
Оқушы:
Асқақтай бер Нұр аға алып таудай.
Көш басшысын елімнің арыстандай,
Қүрметтемей тұра ма мына халқым.
Өзіңіздей асқар тау, алып жанды-ай,
Оқушы:Халқымызға жолдаған.
жолдауыңыз Нұрлы-жол,
Дүние жүзі қолдаған.
Мәртебеңіз сіздің ол.
Оқушы:Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Жасыл жайлау, көк алқапты далам бар.
Ел басқарған Нұрсұлтандай атамды,
Сыйлай тұғын халық деген данам бар.
Оқушы:Өзіңіздей патшам барға қуанамын.
Туған жерді әлпештеп аялаған,
Қазақ жері мәңгілік жайнасын деп.
Бар білімін елі үшін аямаған.
Оқушы:Дақ түсірме ата- баба арына.
Үлгі бізге батырлардың ерлігі,
Тәуелсіздік туын ұста жоғары.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді.
Оқушы:Тәуелсіздік туы міне желбіреді.
Қазақпенен басқа ұлт өкілдері,
Бір шаңырақ астына жиналғаны
Елбасы Нұр ағаның зор еңбегі
Оқушы:Ең бастысы білім дейді Нұр аға,
Елбасының сөзі ұрандай жастарға.
Үміт артқан біз жалынды жастармыз,
Қазақ елін жетелейтін тек алға!
Қазақстаным, кең далам.
Бүгінде бас иеді бар ғалам,
Нұр ағаның арқасында бүгінде
Оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
2-жүргізуші:
ІІІ бөлім – «Әнге кезек берейік»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
«Нұр Отан» әні орындайтын хор
1-жүргізуші:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
«Қазақ елі» әні орындайтын дуэт Аманқұл Данияр мен Шохан Мерей
1-жүргізуші:Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші:
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.Қорытынды.Мұғалім: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен.
Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Ән: «Атамекен» орындайтын хор