Психологический тест на казахском языке
Психологиялық тесттер
Ата-анаға арналған сауалнама (ой-түрткі ретіндегі ақпарат)1. Сіздің балаңыз ең алғаш мектепке барғысы келіп пе еді?2. Оқу барысында сіздің балаңыздың мектепке көзқарасы өзгерді ме? (“иә” десеңіз, онда қашан және неге?)3. Сіздің балаңыз қандай сабақтарға қызығушылық білдіреді?4. Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз тез орындайды?5. Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз жай және еріксіз орындайды?6. Сіз үй тапсырмасын тексересіз бе? а) әрқашан; ә) кейде б) қажет деп есептемеймін7. Сіздің балаңыз таңертең (немесе түсте) сабаққа барады: а) ынтамен ә) еріксіз б) көңілсіз, қызықпайды8. Балаңыздың оқу барысында Сізді не уайымдатады?9. Сіздің ойыңызша, оны қалай түзетуге болады?10. Ұстаздарға Сіздің тілегіңіз бар ма?
Сіз қандай ата-анасыз?Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2 ұпай2. Маған ақылыңды айта қойшы. 13. Мен сенсіз не істер едім! 14. Сонша кімге тартқансың! 25.Сенің достарың қандай тамаша адамдар! 16. Түу, кімге ұқсағансың! 27. Мен сенің кезіңде ... 28. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 19. Сенің достарың өзі қандай адамдар ... 210.Сен тегі не ойлап жүрсің ?! 211. Сен менің ақылшымсың! 112.Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ... 113. Басқаның баласы бала сияқты да, ... 214. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине,Сіздің қандай ата – ана екеніңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.7 – 8 — Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.9 –10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.11 –14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдаймыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Ата-аналарға арналған тестБалаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі.Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).в) қолымнан келмейді (1 ұпай).Тест сұрақтары:1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.
9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.
Тестің кілті:30-39 ұпай аралығында — өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
Қолыңыздан келе ме?)
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймынә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймынб) қолымнан келмейді1. Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?5. Егер баланың қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?8. Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?12. Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілті: а – 3 ұпай; б – 2 ұпай; в – 1 ұпай
16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.16-30 ұпай – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген өте қажет деп ойлаймыз.30-39 ұпай – бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.
Ата-аналарға арналған тест
“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?”1.Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?а) ол өзі маған бұл туралы айттыб) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарладыв) мен ана болғандықтан бұны сездімг) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым2.Сіздің балаңыздың досы Сізді:а) екінші анасы сияқты сезінедіб) Сіз кіргенде үндемей қаладыв) құрметпен, бірақ салқын қарайдыг) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды3.Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?а) кейдеб) жоқ, ешқашанв) шақырды, бірақ мен келіспедімг) олардың жиналатын орны маған ұнамайды4.Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалғанб) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейдів) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келедіг) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқб) балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп сұрайсызв) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемінг) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын6.Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған”:а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймынб) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқв) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймынг) мен бұлай оған айтқан жоқпын
Тестің қорытындысы:
4-6 рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.3 немесе одан аз “а” жауабы — өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.
Ата-аналарға арналған тест
“Сіз қандай тәрбиешісіз?”1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?а) ызалықпен жазалайсызә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсызб) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз:а) ең біріншіден, желкеден бір қоясызә) ашу үстінде: “Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын”-деп айғайлайсызб) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда:а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсізә) кешірім сұрайсызб) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:а) итеріңкіреп: “Бір сәт сенен демалайыншы”ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересізб) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз?а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қаладыә) қатаң айтасыз: “өзің жаз, сонда ғана үйренесің”-депб) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады6.Бала анасына – “аквариум сатып алып, балық ұстайықшы”-дейді. Сіз не деп жауап бересіз?а) бірден: “Ол сенің уақытыңды алады”, -дейсізә) “Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін”-дейсізб) “Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың”-дейсізТестің кілті:
Егер Сіз барлық 6 сұраққа да “б” әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз.Егер Сіздің жауабыңыз “б” әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет-қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес.Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.
1. Психологиялық тест