Корея республикасы 11 сынып?а арнал?ан саба? жоспар


Бекітемін 19.10.2015 Сабақ №14
Оқу ісі меңгерушісі Мустафина А.Я.
Пәні: Дүниежүзіне аймақтық шолу
Сыныбы:11 «а», «б»
Күні: 19.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Корея Республикасы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Азияның жаңа индустриялы елдері, соның ішінде Корея Республикасның табиғат жағдайлары, табиғат ресурстарының ерекшеліктері, халқы, шаруашылығы туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушыларды білімін тиянақтауға, өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өзге халықты құрметтеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс, кестемен жұмыс, картамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. саяси картасы, Корея Республикасының экономикалық және физикалық картасы, оқулық, атлас карта, кескін карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Түркияның өнеркәсібі?
2. Түркияның ауыл шаруашылығы?
3. Түркияның көлігі?
4. Түркияның ішкі айырмашылықтары?
5. Түркияның экономикалық байланыстары?
Тапсырма№1
Жер көлемі.........Халқы...............Астанасы............Мемлекеттік құрылымы ................
Тілі....... Ақша бірлігі..........Түркияның құрамында................Ұлттық мереке................
Түріктер халықтың жалпы санының неше пайызын құрайды?
90% 93% 94% 96%
Діни құрамында ....... басым
Христиан Ислам Протестанттар
Түркияда халықтың орташа тығыздығы
Шарша км-ге 90 адам шаршы км-ге 95 адам шаршы км-ге 100 адам
Тапсырма №2 Сәйкестендіру
Болат қорыту зауыты Эргани, Мургуле қалалары
Темір-хром зауытыСамаун, Сейдишехир қалалары
Мұнай айыру және өңдеу зауыттары Измир,Қырықкалледе
Мыс зауытыАнталия мен Элази
Алюминий зауыты Измир Ашага Мерсин
Темір кені Эргани, Моргүл кен орны
Хром кені Кебан, Симав, Девели кен орны
Мыс Давриги, Сивас кен орны
Қорғасын, мырыш Фетхие,Башеррон, Гүлеман кен орны
Тапсырма №3
Жеңіл өнеркәсібінің дамыған саласы........................
Мақта мата өндіретін тоқыма комбинаттары............................................................
Жүннен тоқылатын мата өндіретін комбинаттар.......................................................
Кілем тоқу ісі комбинаттары.................................................................
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
Жерінің ауданы – 99,6 мың км2
Халқы – 50,4 млн адам
Астанасы – Сеул
Мемлекеттік құрылымы – республика
Мемлекет басшысы – президент
Заң шығарушы органы – парламент
Мемлекеттік тілі – корей тілі
Ақша бірлігі – вона
Географиялық орны Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Құрамын Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Ең ірісі-Чеджудо аралы.
Табиғаты және табиғат ресурстары Ел аумағының 70%-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Ел аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән. Жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің д.ж. маңызы бар. Сонымен қатар кварц, каолин, алтын, темір, мырыштың шағын кен орындары кездеседі. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссондар кезінде тасиды.
Халқы Халқы 48,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 99%-ы корейлер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 484 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы ерлерде-72 жас, әйелдерде-79 жас. Халықтың 79%-ы қалаларда тұрады.
Экономикасы Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласы. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Жеңіл автомобиль жасаудан д.ж. 1-ші орында. Жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль шығарады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу», «Киа». Металлургия саласы д.ж. 6-шы орында. Д.ж. өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл салада аса ірі концерні ПОСКО. Қазіргі кезде ел д.ж. мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді. Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы елде 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін «Корея Аэроспейс Индастриз» компаниясы жетекші орын алады.
Сыртқа экономикалық байланыстары Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына енеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Корея Республикасының географиялық орны?
2. Корея Республикасының халқы?
3. Корея Республикасының өнеркәсібі?
4. Корея Республикасының ауыл шаруашылығы?
5. Корея Республикасының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру. §12