Открытый урок по географий 8 класс


www.themegallery.comСабақтың тақырыбы:Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырық түрлерінің қасиеттері мен топырықтың негізгі түрлеріне анықтама беруді үйрету Дамытушылық: оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктілерін және дағдыларын қалыптастыруТәрбиелік: оқушыларды Отанын сүюге, өз халқының жетістіктерін қорғау ісіне даяр болуға,экологиялық тәрбие беру.Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы,интербелсенді тақта. Сабақтың барысы:1.Үй жұмысын тексеру (тест арқылы)2. Фронталды сұрақтар3. Жаңа тақырыпты түсіндіру4. Бекіту сұрақтары5.Үй тапсырмасы6.Бағалау Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер?а) Арыс,Келес, Обаған, Нұра,Ор, Жем,Сағыз.ә)Терісаққан, Шідерті, Шар,Қызылөзен, Шоған, Ай, Таңсықб)Ақсу, Көксу,Тентек,Үржар, Берел,Талас.в) Сырдария, Жайық,Шу,Іле, Тобыл,Есіл.Қостанай қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?а) Ертіс ә) Тобыл б)Есіл в)Обаған3. Балқаш көліне құятын өзендера)Іле,Қаратал, ә)Сырдария, Арыс,б)Обаған,Есіл в)Ертіс,Нұра4. Жетісу өлкесінде ағатын өзендер?а)Сырдария,Талас,Аса,Доңыртау,Сайрансу,Тоғыс,Бөгенә)Үлкен Жыланшық, Сарысу,Ырғыз,Ойыл,Сағыз,Орб)Іле, Қаратал,Лепсі,Ақсу,Көксу,Аягөз,Тентекв)Нұра,Мойынты, Шідерті,Шоған, Қызылсу, Қарағайлы5.Үлбі қандай өзеннің саласы?а)Сырдария ә)Есіл б)Ертіс в)Шу6.Астана мен Петропавл қаласын қандай өзеннің жағасында орналасқан?А)Ертіс ә)Ақсу б)Есіл в)Обаған 7. Шардар су қоймасы қандай өзенге салынған?А)Арыс ә)Шу б)Сарысу в) Сырдария8. Шарын мен Қаскелең қандай өзеннің саласы?А)Іле ә)Тобыл б)Жем в)Жайық9. Қазақстанда қандай өзенде бірнеше СЭС салынған?А) Сырдария ә)Ертіс б)Есіл в)Торғай10. Қорғалжын қорығы орналасқан көл?а)Арал ә)Теңіз б)Алакөл в)Зайсан Тестің жауаптары:ВӘАБББВАӘӘ Фронтальды сұрақтар:1.Қазақстандағы өзендердің саны қанша мың?2. Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады?3. 1000 км ден асатын неше өзендер бар?4. Артезиан суы дегеніміз не?5. Тектоникалық көлдерге қандай көлдер жатады?6. Өзендердің қоректену типтері?7. Мұздықтар дегеніміз не?Олар қайда орналасады?8. Минералды сулар дегеніміз не?Олардың маңызы неде?9. Еспе сулар дегеніміз не?10. Қазақстанда неше мың көлдер бар? Есть на земле чудесная кладовая. Положите в нее весной мешок зерна, а осенью, смотришь - вместо одного мешка в кладовой - двадцать. Ведро картошки в чудесной кладовой превращается в двадцать ведер. Горстка семян делается большой грудой огурцов, редисок, помидоров, морковок. Сказка это или не сказка? Это не сказка. Чудесная кладовая есть на самом деле. Вы, должно быть, догадались, как она называется?Сегодня объектом нашего изучения будет ПОЧВАТОПЫРАҚSOIL
Жаңа тақырып:Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҒЫ1. Қара топырақ2. Күрең (каштан)3. Тақырлар, құмдар Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы алуан турлі, құрамы жағынан күрделі болып келеді. Топырақ түрлерінің таралуында жер бедеріне сәйкес зоналық заңдылық айқын байқалады. Жазықтарда топырақтар ендік зоналар түрінде, ал тауларда биіктік белдеулер бойынша таралған. Топырақ жамылғысының қалыптасуъіна жергілікті табиғат жағдайлары күшті ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан жеріндегі топырақ түрлері көршілес аумақтардағы топырақтардан едәуір айырмашылық жасайды.Қазақстан аумағында топырақтың үш типі: қара топырақ (52°с.е. солтүстікке қарай), күрең (каштан) топырақтар (52-48°с.е. аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақтар (52-48° с.е.-тен оңтүстікке қарай) таралған Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көпшілік бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігін қамтиды. Қара топырақты алаптың жалпы ауданы 25,5 млн. гектар, бұл республика аумағының 9,5%-ын құрайды. Қара топырақ үш түрге бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала зонасының оңтүстігін алып жатыр; кәдімгі қара топырак, пен оңтүстік қара топырағы дала зонасына тән болады. Құнарлылығына қарай топырақтың алғашқы екі түрі гумусты (құрамындағы гумус мөлшері 6-9%), қара түсті болады, ал соңғысында қарашірік мөлшері аз (4-6%). Қара топырақтар республиканың басты астықты өңірі болып табылатын жақсы ылғалданған далалы жазықтарда таралған. Жер бедерінің ойпаңдау жерлерінде сор мен сортандар кездеседі. Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған. Бұл алап Орталық Қазақстанның басым бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстанның жазықтарын қамтиды. Топырақтың бұл типі республиканың қуаң далалары мен шөлейттеріне тән. Күрең топырақты алқаптар ауданы 90,6 млн. гектар, бұл республика аумағының 34%-ын құрайды. Күрең топырақтар қуаң даланың куңгірт күрең және күрең топырағына, шөлейттердің ашық күрең топырағына жіктеледі. Күрең топырақтардың құнарлылығы оңтүстікке қарай азаяды. Күңгірт күрең және күрең топырақтардың құрамында гумус мөлшері 4,5-3% болады, ал ашық күрең топырақта гумус өте аз (3-2%). Қуаң даланың күңгірт күрең және күрең топырақтары астық пенімал шаруашылығына жарамды. Ашық күрең топырақ таралған аумақтарды жайылымдар алып жатыр. Тақырлар, құмдарШөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққа ауысады. Таулы топырақтар Қазақстан аумағының 12,5%-ын алып жатыр. Олар таудың географиялық орнына, биіктігі мен жоталарының орналасу бағытына қарай әркелкі тараған. Топырақты қорғауТопырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған ортада барлық қолайлы жағдай болғанның өзінде қалыңдығы 18 см ғана болатын құнарлы қабаттың түзілуі үшін 1500 жылдан артық мерзім қажет болады екен. Ал бұл қабат тозып, жойылуы үшін кей жағдайда бірнеше ондаған жылдар жеткілікті болады. Оған ең алдымен топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) ықпал етеді. Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұшыраған. Оның 3/4-і жел эрозиясына бейім келеді. Мұны біріншіден, Қазақстанның жазық жөне ашық болып келуімен, екіншіден, күшті желдердің ұдайы соғуымен, үшіншіден, борпылдақ құрылымсыз немесе құмды, құмшауыт жеңіл топырақтардың таралуымен түсіндіріледі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысында эрозияға бейім аудандар да жыртылып тасталды, соның нәтижесінде олар жел эрозиясына ұшырады. Қазақстандағы эрозияға бейім аудандардың 1/4-і су эрозиясынан зардап шеккен. Бұған шамадан тыс суару және нөсер жаңбырлар себепші болады. Бастапқыда ұсақ жыралар пайда болып, суарған сайын олар тереғдеп сайға айналады, топырақтың құнарлы қабаты сумен шайылып кетеді.Біздің елімізде топырақты зерттеу мен оны қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми мекеме - Топырақтану институты жұмыс істейді. Институт ғалымдары солтүстік аудандардағы жел эрозиясы мен оңтүстіктегі су эрозиясымен күресу жөнінде нақты ұсыныстар жасайды:1) агротехникалық шаралар: тік беткейлерде су ағысы бағытына көлденең жырту; қар тоқтату шараларын жүргізу;2) мелиорациялық шаралар: жыра мен сай, өзен жағаларына ағаштар мен бұталар отырғызу;3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу; каналдар түбін су өткізбейтін бетондалған тақталармен қаптау т.б.Бұл шаралар жүйесі топырақ эрозиясын кемітетіні сөзсіз. Эрозия – топырақтың нашарлануыЖел эрозиясыСу эрозиясы Дұрыс қолданылмаған агротехникаАгротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде келмеуінен гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығы бірітіндеп азаюыТехногенді шөлденуАдамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесі
Урбанизация процесіМалдың жайылымда шамадан тыс жайылуыТопырақтың қышқылдануыСілтісізденуіХимиялық, радиациялық ластануӨндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі
Топырақ деградациясы шөлейттенуді алып келеді, бұл Қазақстандағы басты проблема. Деградация қарқынды жүруде, соңғы жылдары  30 есеге өсті.
Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн га жайылым әртүрлі деградацияға ұшыраған, жалпы 10 млн га деградацияға ұшыраған. Қазақстан Республикасының топырағының деградациялануының ең басты проблемасы жердің жеке меншікке өтуі. Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық –ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы Қорытынды Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді интенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады.
style.rotationppt_wppt_y
style.rotationppt_wppt_y
style.rotationppt_wppt_y
style.rotationppt_wppt_y Қорытынды сұрақтар:1. Топырақ дегеніміз не?2. Топырық түзетін факторлар?3.Топырықтың құрылымы неге байланысты?4. Топырақта шіріндіні қалай көбейтуге болады?5. Елімізде неше топырақ зонасы бар?6. Топырақ эрозиясы және су эрозиясы дегенміз не?7. Топырақ жамылғысын қалай қорғауға болады? Үйге тапсырма§32-33Бағалау