Физика п?нінен саба? жоспары токты? ж?мысы мен ?уаты


Сабақтың тақырыбы: §42. Электр тогының жұмысы мен қуаты
Сынып: 8
Күні: 17.02.15
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: электр тогының жұмысы және қуаты туралы толық ақпарат беру;
Дамытушылық: күнделікті өмірдегі қолданылып жүрген электр тогының қаншалықты маңыздылығын ұғындыру;
Тәрбиелік: электр тогын үнемді пайдалануға, электр тогымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: есептер шығару, эксперименттік тапсырма.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, қатысымын тексеру. Кластың тазалығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: төмендегі сұрақтар бойынша:
Өткізгіштерді жалғаудың неше түрі бар?
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда шамалар қалай өзгереді?
Параллель жалғағанда ше?
Электр тізбектеріндегі элементтерді параллель жалғаудың қандай мысалдарын білесіңдер?
Жаңа сабаққа дайындық.
Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі-ток көзінде және тізбектің сыртқы бөлігі-энергия тұтынушыларында энергияның бірқатар түрленулері болады.
Ток көзінде энергияның табиғаты электрлік емес мысалы, механикалық, химиялық энергияның электр өрісінің энергиясына, басмқаша айтқанда, электр энергиясына алмасуы болып жатады.электр энергиясы сыртқы тізбекте электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түрлеріне: өткізгіштің ішкі энергиясына, сәулелену энергиясына, химиялық реакцияның энергиясына айналады.
Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтардың орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады. Сендерге белгілі
U=Aqформуласынан,
A=q∙Uшығады, мұндағы А- электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы жұмыс, q-заряд. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұмысын да анықтауға болады. t yақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы
q=I·tзаряд өтсін. Сонда
A=I*U*t
болады.
Электр тогының жұмысы- ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
SІ жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді:
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы I=UR және U=I∙R негізінде келесі формулаларды аламыз:
A=I2∙R∙t, A=U2R∙t.Уақыт бірлігінде өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.
Электр техникасында қуат Р әрпімен белгіленеді. Олай болса, қуат мынаған тең:
P=At=I∙U.Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:
Р=U2R, Р=I2∙RХалықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне Ватт алынған: 1Вт
1 ватт қуат бірлігіне 1 В кернеуі бар тізбек бөлігіндегі 1 А ток күшінің қуатын алады.
Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр есептеуіш деп аталады. Электр санауышында ток жұмысының 1 кВт·сағ деген бірлігі қолданылады.