Географиядан олимпиада тапсырмалары 8-11-сыныптар


Геграфиядан аудандық теориялық тур (11 сынып)
1 сұрақ. Қазақстанның батысының табиғат жағдайы қолайсыздау. Адамдардың бұл өңірде өмір сүруі не жағдайларға байланысты. Кейбір елді мекендердің пайда болуын түсіндір. -10ұ
2 сұрақ. Грек тілінде «Климат» дегеніміз не? Ежелгі ғалымдар бұл сөзбен нені меңзеді? Климат қандай себептерге байланысты? -10ұ
3 сұрақ. Қазақстанның басты кластерлік шаруашылық салаларын атап өтіп сипаттама бер. -10ұ
4 сұрақ. Оңтүстік Америка материгінің табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты,өсімдігі және топырақ жамылғысы) -10ұ
5 сұрақ. Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстары. Жетісу өңірі мысалында. -10ұ
Жиынтығы: 50 ұпай
Географиядан аудандық практикалық тур(11 сынып)
Маршруттың азимуты мен масштабын анықта. Масштаб 1см: 100 метр. Маршрутты шартты белгілермен (жер бедеріне байланысты) А.Б.В.Г.Д. өз қалаулары бойынша сал. 20 ұпай
Толық металлургиялық циклды түсіндір. Толық циклді өндірістегі қара металлургияның кәсіпорындарының бөлінісін схема түрінде көрсет.(Мысалы:Қарағанды металлургия комбинаты) 20 ұпай
Карталарды пайдалана отырып Астана қ. экономикалық-географиялық орнын анықтап сипаттама бер. 10 ұпай
Жиынтығы: 50 ұпай
Геграфиядан аудандық теориялық тур (10 сынып)
1 сұрақ. Қазақстанның шаруашылық құрылымы мен оның жетекші салалары. Схема түрінде көрсетіп талда. -10 ұ
2 сұрақ. Қазақстанның қай аумақтарында күн және жел энергиясын пайдалану тиімді. Өз ой пікірінді тұжырымда. -10 ұ
3 сұрақ. Еуразия материгінің табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы) -10ұ
4 сұрақ. Қазақстан және әлемнің ең ірі көмір алаптарын атап,сипаттама бер .
-10ұ
5 сұрақ. П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Ш.Уалихановтың Орталық Азия табиғатын зерттеудегі үлесі қандай? -10ұ
Жиынтығы: 50 ұпай

Географиядан аудандық практикалық тур(10 сынып)
Маршруттың азимуты мен масштабын анықта. Масштаб 1см: 100 метр. Маршрутты шартты белгілермен (жер бедеріне байланысты) А.Б.В.Г.Д. өз қалаулары бойынша сал. 20 ұпай
Толық металлургиялық циклды түсіндір. Толық циклді өндірістегі қара металлургияның кәсіпорындарының бөлінісін схема түрінде көрсет.(Мысалы:Қарағанды металлургия комбинаты) 20 ұпай
Карталарды пайдалана отырып өз ауданының физикалық-географиялық орнын анықтап сипаттама бер. 10 ұпай
Жиынтығы: 50 ұпай
Геграфиядан аудандық теориялық тур (9 сынып)
1 сұрақ. Қазақстанның шаруашылық құрылымы мен оның жетекші салалары. - 10 ұпай
2 сұрақ. Қазақстанның қай аумақтарында күн және жел энергиясын пайдалану тиімді. Өз пікірінді тұжырымда. - 10 ұпай
3 сұрақ. Австралия материгінің табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы)
- 10 ұпай
4 сұрақ. Дүниежүзілік мұхит (жетіспейтін сөздерді жаз)
Гидросфераның негізгі бөлігін ____________________ алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ___________млн шаршы шақырымын алып жатыр. Мұхит суының басты қасиеті ________________ мен ____________________ . Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі _______________________________ метр. - 10 ұпай
5 сұрақ. Климаттың қалыптасуының негізгі факторлары. Эссе жазу. - 10 ұпай
Жиынтығы: 50 ұпай
Геграфиядан аудандық теориялық тур (8 сынып)
1 сұрақ. Эссе жазу. Ұлы саяхатшылар мен теңізде жүзушілер(5-н кем емес)
-10 ұ
2 сұрақ. Төмендегі терминдер мен түсініктерге анықтама бер:
Базальт, Географиялық ендік, Белдеулік уақыт, Табиғат ресурстары, Циклон.
-10ұ
3 сұрақ. Африканың табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал. (климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы) -10ұ
4 сұрақ. Дүниежүзілік мұхит (жетіспейтін сөздерді жаз)
Гидросфераның негізгі бөлігін ____________________ алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ___________млн шаршы шақырымын алып жатыр. Мұхит суының басты қасиеті ________________ мен ____________________ . Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі _______________________________ метр. - 10 ұпай
5 сұрақ. Бірінші қатарға сәйкес жауабын стрелка арқылы көрсет:
Гигрометр А. Жауын шашын мөлшері
Осадкометр Б. Жел жылдамдығы
Барометр В. Атмосфералық қысым
Анемометр Г. Ауа ылғалдығы
Термометр Д. Ауа температурасы
-10ұ
Жиынтығы: 50 ұпай