Материктер мен м?хиттарды? зерттелу кезендері
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезендері
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Географиялық білімнің қалыптасу, даму кезеңдерімен таныстыру. Материктер мен мұхиттардың ашылуы мен зерттелуіндегі басты кезеңдермен, ұлы географиялық ашулармен, көрнекті зерттеушілердің маңызды саяхаттары мен олардың ғылыми нәтижелерін оқып үйрену.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Ұлы географиялық ашулар картасы, глобус, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Мұғалім оқушылардың алдыңғы сыныптардан алған білімдеріне негізделіп, ежелгі дәуірдегі географиялық мәліметтердің жинақталуы, алғашқы жер шарын айналып шығу саяхаттары, Ұлы географиялық ашулар, материктер мен мұхиттар тарихындағы маңызды зерттеулер, дүние жүзіне әйгілі атақты саяхатшылар мен зерттеушілер туралы мәліметті береді.
Географиялық мәліметтердің жинақталуы сонау ежелгі дәуірден қазіргі зерттеулерге дейін кезең-кезеңге бөлінген.
Сосын мұғалім балаларды 4 топқа бөліп, бірінші топқа ежелгі заман зерттеулері, екінші топқа орта ғасырлар зерттеулері, үшінші топқа Ұлы географиялық ашулар мен төртінші топқа қазіргі заманғы географиялық зерттеулерді бөліп береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.
ІІІ Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға балалармен бірге сұрақтарды қояды.
1. Ежелгі заман зерттеулері немен ерекшеленді?
2. Орта ғасырлар зерттеулері қандай ғасырларды қамтиды және олардың атақты зерттеушілері нені ашты?
3. Неге үшінші кезең Ұлы географиялық ашулар кезеңі деп аталады?
4. Қазіргі заман зерттеулерінің маңызы неде? Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.
ІV Үй жұмысы:
1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Кескін картаға материктер, мұхитттар мен аралдарды түсіру.
3. Қосымшадағы 1, 2, 3 кестелерді сызу және жаттау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Үйге тапсырма § 2 оқу, Қоштасады.