?аза? тілінен саба? жоспары О?улы?ым таза (3 сынып)


Мерзімі: 15.11.2016
Сыныбы: 3
Сабақ тақырыбы: Оқулығым таза.
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Оқу құралдарына қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация құру.
Жаңа тақырып аясында берілген қысқа сөйлемдер мен қысқа мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Оқушылардың сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеу арқылы тілдік ортада сөйлеу әдебін қалыптастыру, ұқыптылыққа баулу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығыЖетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден оқу құралдары жайлы негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, қажетті оқу құралдарын сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): өз бетімен диалог құра алады, қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде этикеттік оралымдарды қолданады.
Негізгі түсініктер: Оқулық, ағылшын тілі, қаптаймын.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, оқу құралдары, суреттер, бағалау парағы.
Оқыту әдістері: Түсіндіру, сипаттау, талдау, диалог, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Бас бармақ» тәсілі, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, «Қазақ тілі» оқулығы, тапсырмалар, ғаламтор желісі.
ТапсырмаМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіОқушыларғапсихологиялық
ахуал туғызу(2 мин) Мұғалім сыныппен үш тілде сәлемдеседі, түгендейді. «Жүректен жүрекке» тренингі мұғалім бір оқушыға тілек айтқызады. Бір оқушы тілек айтады:
«Бүгін бәрімізге сәттілік тілеймін, бестік алайық».
Өткен сабақты тексеру(3 мин) Алдыңғы сабақтарға қатысты сұрақтар қояды, сөздік жұмысын тексереді. Сұрақтарға жауап береді.
І.Қызығушылықты ояту(3 мин) Оқушыларға ой шақыру сұрақтарын қояды:
– Балалар сендер күнделікті сабаққа әкелетін сөмкелеріңді ашып қараңдар. Ішінде не бар? Сипаттап айтып беріңдерші! Жаңа тақырып ашылады. Мақсаты міндеті орындалатын тапс.айт-ы. Оқушылар сөмкелерінде қандай оқу құралдары бар екендігіне жауап береді, оларға сипаттама береді.
ІІ. Мағынаны тану(20 мин) 1. Сөздікпен жұмыс.
А) Моноблоктан тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, үш тілде аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
оқулық – учебник – schoolbook
қаптау – обернуть – wrap
ағылшын тілі – английский язык – english language Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.
Сөздік дәптерлеріне жазып алады.
2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
А) «Тыңда. Қайтала. Оқы» айдарында берілген мәтінді аудио арқылы тыңдайды, оқиды, жаңа сөздерді түсіндіреді, қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды. Жаңа сөздерді қайталап айтады.
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Оқылым. Жазылым. «Бұл қандай оқулық?» сұрағына жауап жазады.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындатады. Оқылым. Айтылым. Сөздерді үлгі бойынша айтады, сөмкеде қандай оқулық бар екенін айтады.
Сергіту сәті. Мұғалім қимылмен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасатады (видео).
Мұғаліммен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
ІІІ. Ойтолғаныс(7мин) Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырма-ны орындатады. Тілдесім. Диалог құрайды.
ІV Бекіту (3 мин) «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша бекітеді.
Оқу құралдарын атаңдар.
Сөмкеде не болады?
Сендерде қандай оқулықтар бар?
Сен оқулықтарыңды қаптайсың ба?
Бұл кімнің дәптері?
Сенің дәптерің қандай? Қойылған сұрақтарға жауап береді
V. Бағалау
(3 мин) Бағалау парағына қорытынды баға қояды. Бағалау парағына сабақ бойынша өзіндік және өзара баға қояды.
V. Үйге тапсырма (2 мин) Оқу құралдарының суретін салу. Ол туралы айту. Тапсырманы үйде орындайды.
VI. Рефлексия
(2 мин) Мұғалім тақтаға ілінген «Бас бармақ» тәсілінің суреті бойынша сабақты қорытындылайды.
Сабақ сендерге ұнады ма?
Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша саусақ қимылы арқылы суреттегідей өз әсерін білдіреді.