Саба? жоспары география п?нінен Д?ниеж?зілік шарушылы?. 10 сынып
Сынып: 10
Тақырып: Дүниежүзілік шарушылық.
Мақсаты: Оқушыларды дүниежүзілік шаруашылықтың орналасуындағы ерекшеліктерімен таныстыру барысында, құрылымы мен еңбек бөлінісінің ерекшеліктерін жеткізу.
Міндеттері:
Білімділік: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру
Жаңа тақырыпты меңгеру, территориялық құрылымдарының ерекшеліктерін түсіне отырып құрылымын, топтарын ажырата білу, даму кезеңдерін білу. Дамытушылық: Оқылған мәліметке қорытынды жасай білу икемділіктерін дамыту. Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білуді және өзгелерге құрмет пен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық, танымдылық қабілеттерін шыңдау, яғни қабылдау, ойлану, нақты ойды қорытындылау, өз ойларын ашық айта білуге баулу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Құрал–жабдықтар, көрнекі құралдар: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, ватман, проектор, ноутбук, тақта, тест, карта, карточкалар.
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыт тәртібі
1 Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
2 Мұғалімнің кіріспе сөзі
3 минут
3 Білімнің негізін өзектілей (негіздеу).
Үй тапсырмасын тексеру
25 минут
4 Жаңа тақырыпты түсіндіру
40 минут
5 Жаңа тақырыпты бекіту
10 минут
6 Баға қою
5 минут
7 Үй тапсырмасы
5 минут
Теориялық сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың басында мен сендерден өткен сабақтағы тақырып қандай болғаның сұраймын?
Алғашқы сабағымызды қалай меңгергенімізді қазір біз үй жұмысын тексеру барысында анықтаймыз. Сонымен мен сендерге
1. 11 оқушыға сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер;
2. 6 оқушы тест жұмысын орындайсыңдар;
3 6 оқушы карточкамен жұмыс істейсіңдер.
Жауаптарын бағаланады.
Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап беру
І Сұрақ – жауап
ҒТР дегеніміз не? ( ғылыми - техника үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүние жүзінің көптеген елдер мен шаруашылық салаларын қамтыған құбылыс)
ҒТР заманында өндірістің орналасуына қандай факторлар себепші болады? (дамыған мемлекет пе, дамып келе жатқан немесе мешеу мемлекет пе осы фактор болып табылады , ғылыми –зерттеу жұмыстарына көп қаржы жіберетін мемлекет пе деген факторымыз бар, білім беру жүйесі жоғары дәрежеде болатын факторлар да әсер етеді)
ҒТР- дың ғылыми – техникалық прогресс қандай айырмашылығы бар? (ғылыми –техникалық прогресс ұзаққа созылып тұратын құбылыс, ал ғылыми – техникалық революция бұл қарқынды тез арада дамыған құбылыс)
Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма? (тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда ҒТР бар деп есептеуге толық болады. Білім беру жүйесі уақыт және өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін процесс екенің қазіргі мемлекетіміздің басты ойы)
ҒТР- дың қандай басты белгілері бар? (Әмбебаптық, ауқымдылық, ҒТ өзгерістердің жеделдеуі, өндірісті, ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды дамуы, әскери- техникалық революция)
ҒТР- ның құрылымы қандай (дәстүрлі үлгісі, қазіргі заманғы үлгісі)
ІІ Тест
Ғылыми зерттеулер мен оларды жетілдіруге жұмсалатын шығындардың үлесі
А. ЭволюцияВ. ҒТР С. Жасыл революция
Д. Электрондандыру Е. Ғылымды көп қажет ету
ҒТР тән ерекшеліктердің бірі немен айқындалады?
А. Өндіріс процесі кезінде адам рөлінің өзгеруі
В. ҒТР тек қана әскери өндірістік кешенін қамтиды
С. Ғылыми жаңалықтардың және оларды өндіріске қолданудың арасындағы уақытты қысқарту
Д. ҒТР адамның тіршілік әрекетін және оның барлық салаларын өзгертеді
Е. ҒТР ге мұндай ерекшелік тән емес
Ғылыми техникаға көп көңіл беретін мемлекеттер
А. АҚШ, Жапония, Кения, Ресей
В. Жапония, Германия, Ресей, Мадрид
С. АҚШ, Испания, Жапония, Қазақстан
Д. Ресей, Жапония, Ақш, Бангладеш
Е. Жапония, АҚШ, Германия, Франция
Қазіргі кезеңде ҒТР-дың қандай базасында өзгерістер көп болып жатыр?
А. Өндірістік-техникалық
В. Өндірістік - металлургиялық
С. Өндірістік – ауыл шаруашылық
Д. Өндірістік – сауда базасында
Е. Өндірістік - энергетикалық
Қай мемлекетте «Білім беру – ғылым - өндіріс» жүйесі жоғары қалыптасқан?
А. АҚШВ. Жапония С. Ұлыбритания
Д. Германия Е. Ресей
ХХ ғ басында ҒТР- дың шаруашылық құрылымы қалай аталады?
А. Өндірістің салалық құрылымы
В. Өндірістің аумақтық құрылымы
С. Постиндустриялық
Д. Қазіргі заманғы
Е. Ақпараттық экономикалық
ҒТР – дың жетістігі
А. Интернет
В. Радио
С. Ұялы телефон
Д. Велосипед
Е. Пышақ
ІІІ Карточкамен жұмыс
ҒТР мешеу елдерде қарқынды дамыған жоқ. Себебін түсіндір. (ҒТР мешеу елдерде дамыған жоқ, себебі мешеу елдердің басты мақсаты – халықтың ең басты мәселелері – тамақ өнеркәсібі мен, денсаулық сақтау бағыттарды қаржыландыру. Мешеу мемлекеттердің ақша қоры аз болғандықтан – олар ғылымға жіберетін капитал деген ұғымды қарастырмайды. Әлеуметтік салаларға көңіл бөліп, ҒТР –ды ең ақырғы орынға қояды деуге де болады. Басқа мемлекеттер мешеу елдерге инвестиция беруге асықпайды, себебі ол қаржыны бостан босқа желге шашу деген ойға келеді, осындай пікір бар).
ҒТР - дың адамға кері әсері. ( атомдық уақытта өмір сүру өте ауыр, себебі – адамның денсаулығына өте көп зияны бар. Генетикалық бөлікте адамның құрылысы өзгеріске ұшырайды, мысалы адамның ағзасына атом бомбасының әсері және де ұялы телефондар да көптеген зиян әкеледі)
ІҮ Сұрақтарымызға жауап алдық, тесттің қорытындысы шықты, карточкамен де жұмыс бітті. Келесі сабағымыздың бөлімі - ҒТР туралы, мен мынадай қорытынды жасағым келіп отыр. Бәріміз біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз, осы ғасырымыз – атомдық, ғылыми – техникалық заман деп аталады. Қай жерге қарамасақ та, бізді қоршап отырған ғылымымыздың туындылары өте көп.
Ал енді кішкене тарихқа назар аударып сендерге дайындаған менің презентациям бар. Оның атауы – ЭКСПО көрмесі. Неге ЭКСПО- ға мен назар аудардым?
Дұрыс, себебі ЭКСПО көрмесі, Нобель сыйлығы сияқты – бұл ҒТР - дың көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Презентацияны көрсету.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Үй жұмысын аяқтадық, енді бүгінгі сабағымызда жаңа тақырып өтеміз. Тақырыптың атауы – Дүниежүзілік шаруашылығы.
Әрбір елдің ұзақ тарихының уақыт аралығында қалыптасқан, өзіндік сипаты бар ұлттық шарушылық болатыны белгілі. Жалпы алғанда, дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шарушылық жүйесін дүниежүзілік шарушылық деп атайды. Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуына өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік қатынасының қарқынды дамуы нәтижесінде елдер арасындағы өзара шаруашылық байланыстарының туындауы себепші болды.
Дүниежүзілік шаруашылық анықтамасын жазамыз – Дүниежүзілік шаруашылық - дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі.
Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуы адамзат қоғамының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Бұған ежелгі мемлекеттер арасындағы қарапайым өнім айырбасы дәлел болады. Біртіндеп шаруашылық құрылымының күрделенуі елдер арасындағы қарым қатынастар сипатында жаңа сатыға көтерді.
Бүгінгі тақырыпқа бірнеше білім алушы тарихқа назар аударып баяндама дайындап әкелді:
Қарапайым еңбек
Мануфактура
Қазіргі кезең шаруашылығы.
Мен сендерге мынадай кесте таратып беремін: СТО әдістемесі бойынша
Не білемін Не білгім келеді Не білдім
Оқушылар өздері толтырады.
Даму кезенінің сипаты
Индустриялануға дейінгі кезең - қол еңбегі, мануфактура
Индустриялану кезеңі - Бірінші өнекәсіптік революция: Механикаландыру, Еркін бәсекелестік; жеке меншік фирма, акционерлік қоғам. Екінші өнекәсіптік революция: Кешенді механикаландырудан автоматтындыруға көшу, Монополизм, зауыт фабрикалар, мемлекеттік монополия, конвейер
Қазіргі кезең - Жүйелі автоматтандыру, Ұлтаралық корпорациялар, шағын фирмалар
Енді қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттарын жазып алайық
Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың
ерекшеліктері мен даму бағыттары
Басты даму факторлары
Елдер арасындағы интеграцияның күшеюі
Дүниежүзілік шаруашылық құрылымындағы өзгерістер
Дүниежүзілік шаруашылық
Негізгі географиялық ғаламдық өзгерістер
ҒТР
Дүниежүзілік шаруашылықтың орналасуындағы өзгерістер
Ғаламдану
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі географиялық өзгерістер
Адамзаттың әлеуметтік рөлінің артуы
Интеграция – аймақтық экономикалық ынтымақтастық.
( Еркін сауда аймағы – АПЭК, 1989 ж, - Аустралия, АҚШ, Ресей, Жапония, Жаңа Зеландия, Қытай, Мексика, Бруней, Чили және тб 14 мемлекет, және НАФТА, 1994 ж АҚШ, Канада, Мексика; Экономикалық Одақ - 1993 ж – Еуропа мемлекеттері; ТМД – 1992 ж – Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Украина және тб. )
Ғаламдану – ұлтаралық бірлестіктердің белсенді әрекет етуі және дүниежүзілік шаруашылықты біртұтас жүйеге айналдыруын жүзеге асыру.
Шаруашылықтың салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері.
Дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізін бір – бірімен тығыз байланысқан ұлттық шаруашылықтар мен салалық құрылымдар құрайды. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы 4 сектордан тұрады
Шаруашылық жүйесі
4 сектор
3 сектор
Балық шаруашылығы
Орман шаруашылығы
Ақпараттық қызмет
Ғылыми зерттеулер
Қызмет көрсету
Көлік
1 сектор
Өндеуші өнеркәсіп
Құрылыс
Өндірістік емес сала
Тау – кен өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
2 сектор
Өндірістік саласы
Осының ішінде
1 сектор индустриялануға дейінгі кезеңге жетекші саласы болып табылды Жыл сайын бұл сектордың үлесі экономикаға азайып келеді.
2 сектор – индустриялық кезеңге жатқызамыз
ХХ ғ соңында жетекші орында өнеркәсіп жетекші орында болды
3 – 4 секторларды - постиндустриялық даму кезеңіне жатқызамыз немесе қазіргі кезеңге.
Дамыған елдерде қызмет көрсету саласы жақсы дамыды, аса дамушы елдерде өндірістік саланың оның ішінде ауыл шаруашылығы жақсы дамыды.
Осыдан мынадай қорытынды шығып отыр – дүние жүзінде салалық құрылымы бойынша елдер әр түрлі сатыларында тұр деуге болады.
Картаға қарап осы 4 секторға елдерді бөліп көрейік
1 сектор: АҚШ, Ресей, Канада, Қытай, Үндістан
2 сектор: ТМД елдері, Парсы шығанағы елдері
3 сектор: Дамыған мемлекеттер, АҚШ, Канада, Жапония, Италия,
4 сектор: Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония
Сонымен қатар Біздің Шығыс Қазақстан обылысын айта кетсек
Қандай шаруашылық жүйесі бізде бар:
ауыл шаруашылығы : мал шаруашылық - Ірі қара мал, Қой,
Жылқы, Марал, Ара шаруашылықтарына бөлінеді. Егіншілік-
дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, бақша және жеміс-
жидек дақылдары 1 сектор
шаруашылығы
- балық шаруашылығы
- орман шаруашылығы
- тау кең өндірісі,
- өндеуші өнеркәсіп (химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ
өнеркәсібі)2 сектор
- құрылыс,
- көлік
- қызмет көрсету3 сектор
- ақпараттық қызмет
- ғылыми зерттеулер4 сектор
Ал енді бүкіл дүние жүзін, алсақ мынадай көрсеткіштер көруге болады:
Шаруашылық ұйымдасуының типтері.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа аумақтық айырмашылықтар тән болады.
Байырғы типі : табиғи (натуралды) шаруашылық жатады; оның негізінде тұрғын халық өзін – өзі азық –түлікпен және бірінші кезектегі тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді. Мамандану мен еңбек бөлінісі баяу дамиды.
Нарықтық экономика: қоғамның дамуына байланысты шаруашылықтың жаңа типі. Еңбек бөлінісіне негізделіп отырып, өнім мен тұтыну үшін қалыптаспайды, сыртқы сұранысқа бағытталған.
Бұрынғы социалистік жүйеде шаруашылық мемлекеттік деп аталады, себебі басқару орталықтанған және жоспарланған.
Өтпелі экономика - ХХ ғ соңына қарай бұрынғы Кеңес одағының елдерінде және Шығыс Еуропа елдерінде кездескен, бұл жаңа мен ескі бағыттардың ортасындағы жүйе.
Қазіргі Қазақстан – нарықтық қатынастарға көштік.
Оқулық пен жұмыс
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.
Дүниежүзілік шаруашылықпен бірге халықаралық географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келеді . Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі деп жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын атайды. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылық аясында дами отырып, жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығын өзара байланыстырады.
Географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің арасындағы экономикалық – географиялық және әлеуметтік – экономикалық айырмашылықтардың болуынан туындайды. Сонымен қатар ол елдердің шаруашылық құрылымы мен тарихи дәстүрлерімен тығыз байланысты. Өйткені әрбір елге тарихи кезең аралығында қалыптасқан өзіндік дәстүрлі өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығының маманданған бағыттарына тән. Әдетте, маманданған салалар өнімдері сапалығымен ерекшеленеді, сондықтан дүниежүзілік нарықта оларға сұраныс өте жоғары. Әр елдің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және қызмет көрсетудің жекелеген салаларына мамандануы себепті ішкі нарық сұранысынан асып кеткен жағдайда ол өнімдерді сыртқа шығару қажеттілігі туындайды. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнінен дүние жүзінде 1 орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің тең жартысы басқа елдерге экспортқа шығарылады. Демек, автомобиль жасау – Жапонияның халықаралық дәрежеде маманданған саласы. Сонымен қатар, соңғы жылдары, Жапония кеме жасау, радиоэлектроника және роботтар жасауға мамандану жөнінен халықаралық деңгейге көтерілді.
Жалпы алғанда, халықаралық еңбек бөлінісі, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық жағдайында сөзсіз болатын құбылыс, ол елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, бәсекелестік жағдайында елдердің бейбіт өмір сүруіне негіз болады.
ХХІ ғ дүниежүзілік шаруашылық түбегейлі өзгерістер алдында тұр. Болашақта электроника, лазерлік техника, биотехнология жетекші салаларға айналып, атом энергиясы мен химия саласындағы ең соңғы жетістіктермен қаруланған жаңа өндіріс салалары дамытылатын болады.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не, және оның алғышарттары?
Белгілері?
Шаруашылықтың салалық құрылымы
Өндірістік емес салаларға нені жатқызамыз?
Өндірістік салаларға нені жатқызамыз?
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы елдерге қандай пайда әкеледі?
Сабағымызды бекіту үшін кластер пайдаланамыз
Дүниежүзілік шаруашылық
Ауыл шаруашылығы
Өндірісітікөндірістік емес салалар
Қызмет көрсету
Нарықтық экономика
Еңбек бөлінісі
ҒТР
Баға қою
Үй тапсырмасы. Дүниежүзілік шарушылық
Оқытушыға арналған әдебиеттер: География: Дүние жүзіне жалпы шолу». ТМД елдері Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова
Суммативтік бағалау
Кластерді бағалауға арналған
РУБРИКАТОР
критерийлері дескрипторлары ұпайлары
А Дүниежүзілік шаруашылықтың анықтамасын біледі 1
С Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдеріне сипаттама бере алады 3
С Дүниежүзілік шаруашылықтың секторларын ажыратады 3
С Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына әсер ететін факторларына талдау жасау 2
Д Кластер бойынша түсініктерін тыңдаушыларға өз сөзімен жалпылап, сипаттап жеткізе білді 4
Барлығы 13
ұпай баға
12-13 5
9-11 4
6-8 3
1-5 2
Формативтік бағалау
Сабақ барысында пайдаланған кері байланыс
Не білемін Не білгім келеді Не білдім
Оқушылар өздері толтырады.