Елін с?йген, елі с?йген елбасы


Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген елбасы
(сыныптан тыс сабақ)
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарынқастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.    
  Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері. Қазақстан картасы. Қанатты сөздер. Мақал-мәтелдер.1. Ұйымдастыру кезеңі.  Мұғалім:  Отан деген ұлы ұғым,Түсін соны ұлығым,Өз жеріңде еңбек етіп,Өз еліңді қорға ұлым.       Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз, үйіміз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.Треннинг «Әрқашан күн сөнбесін» әніне түрлі қимылдар жасау арқылы жүргізу.                                
       «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең»демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – сіздердің қолдарыңызда. сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық:
1- оқушы:Ендеше Қазақстан Республикасы: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты. 2- оқушы:Құлақ түрем елімнің тынысына, Мақтанам, қуанамын табысына, Елбасы мен халқымыз аман болса, Айналар Орта Азия « Барысына»Мұғалім: Барыс – биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттігімен бағаланған аң. Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек.Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.3- оқушы:Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз, Қорғайтын жерді оттан қыранымыз. «Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.                                      
    І. Қызығушылығын ояту.1. Қазақстан туралы мағлұматтар беру.2. Сұрақ - жауап3. Картадан. Қазақстан жерлерін көрсету.                                                                                              
  4- оқушы:Өзіңдікі елің де,Өзіңдікі жерің де.Өзіңді өзің еткен бақ -Тәуелсіздік төрінде. 5- оқушы:Өзіңдікі туың да,От пен ауа суың да.Жаса, Қазақстаным.Белді бекем буын да.6- оқушы:Асқар тау да сенікі, Бақша бау да сенікі. Қалтқысыз дос пененҚатал жау да сенікі.                                                                                                           
  Ұлыдан - ұлағат. 1. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.                           
Отан отбасынан басталады.
Ел - елдің бәрі жақсы,Өз елің бәрінен жақсы.
Аққу көлін аңсайды,Адам туған жерін аңсайды.                                                                                                           
 7- оқушы:Әуелі Отан – Ана алды, оттың басы, Ауыл алды аунаған шөптің қасы,Сағынғанда тым ыстық көрінедіЖаста ойнаған үйшік қып сайдың тасыӘн: «Отан».12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен,Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. 14- оқушы:Отан, Отан !Бәрінен биік екен.Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы елімізді , Отанымызды қадірлей білейік.Қорытындылау:     Міне, егемендігімізді алып, Елбасымыздың ақылдылығы мен көрегендігінің арқасында өз үйім, өлең төсегім деп ардақты елімізде өз шаңырағымызда өмір сүрудеміз. Бұлда болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тәуелсіз балаларына жасалған зор мүмкіндік пен қамқорлық. Өз елің үшін, жерің үшін аянбай еңбек ету керектігін ұмытпа жас ұрпақ деп бүгінгі сабағымды мына салиқалы оймен аяқтағым келіп тұр.Елін сүйген, жерін сүйген елбасы,Құрметпенен қадірлеген данасы.Өз елім деп, өз жерім деп аянбай,Тер төгуде қазақтың бір баласы.