Презентация: Елін с?йген, елі с?йген Елбасы
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. – Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Штандарт президента РК Орден «Алтын Қыран» Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленеді.Соның бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі. Ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады. Жұлдыздың ортасында алтын әріптермен «ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ» деп айналдыра жазылған медальон бар. Белгі Қазақстанның елтаңбасы түріндегі ілгіш арқылы әрқайсысы қосарлы кішкене шынжыр арқылы біріктірілген жиырма бунақтан тұратын алқаға жалғасады. Жалғасқан бунақтар – көгілдір түсті эмальмен көмкерілген, жиегі ақ түсті, ортасында алтын шаңырақ бейнеленген үш бұрышты элементтер. Қазақстан Республикасының Президенті төсбелгіні ұлықтау рәсімінде, мемлекеттік мерекелерде, әскери парад өткізу және шет мемлекеттердің ресми тұлғаларын қабылдау кезінде тағады.Президент билігінің тағы бір рәмізі – оның дербес жалауы, Президент байрағы. Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Республика Президентінің төсбелгісі сияқты ол да мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Президент байрағы Мемлекет басшысының резиденциясына, сондай-ақ Қазақстан Президентінің көліктеріне орнатылады. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Балалық шағы Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,Назарбай бидің шаңырағындаөмірге келді. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Нұрсұлтан анасы Әлжанмен бірге Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бозбала шағынан сыр 19 жастағы Нұрсұлтанның ақиық арман жетегімен металлургтер қаласы саналатын Теміртауға келуімен басталады. Тәуекелге бас тігіп, Үшқоңырдың жасыл жайлауынан Теміртаудағы комбинаттың қоймалжың балшығына түскен жас жігіт аянбай еңбектенеді 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанныі 1 де тұңғыш рет Қазақстан республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. 1999 ж. қаңтардың 10 да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылыЖелтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді. 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті. Астана. 14 қараша - 2004 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. Халықаралық мойындау Басқа лауазымдары мен мансаптарыЭкономика ғылымдарының докторы (1993)ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигіҚазақстан халқы Ассамблеясының төрағасыҚазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас ҚолбасшысыДүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасыНұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасыДүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасыОрталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасыЕҚЫҰ-нің бас төрағасыБірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқардыҚазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран»орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептелед Тіл жанашыры Шет елдік Беларус Республикасының ғылым академиясының мүшесі Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы Қожа Ахмет Ясауи аттындағы халықаралық сыйлығының лауреаты "Нури Худжанд« атындағы Халық академиясының мәртебелі академигі Окан университетінің құрметті докторы Халықаралық инженерлік академияның сыйлығы Халықаралық инженерлік академияның академигі Халықаралық инженерлік академияның академигі Кембридж университетінің құрметті професоры Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы Румынияның академиясының экономикасының мәртебелі академиг Гумилев сыйлығының лауреаты Платонның алтын медалі Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі академигі Ұмытылмас белгі от МГУ им. М.В.Ломоносова "Нури Худжанд" Халықының академиясының мәртебелі академигі Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі мүшесі Ұмытылмас медаль "мәртебелі профессор" Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин Дәйексөздері“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.” “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),«Тарих толқынында» (А., 1997),«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005). Тарихтың тағлымдары және қазіргі заман Тарихтың тасқынында Тәуелсіздіктің стратегиясы Әлемнің эпицентрі Оңсыз және солсыз Еуразияның жүрегінде Ойлармен халықпен бөлісемін Қазақстанның құрыш профилі Жүз жылға тең, он жас. Н.Ә. Назарбаевтың отбасы Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.Президенттің үш қызы бар:Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар. Хоббиі Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай: толыққанды тұлға үшін демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана.. Н. Ә. Назарбаев тұрақтылықтың және ұлтаралықынтымақтың қорғанының кепілі.