Ашы? саба? Сут та?амдары


3-сынып Сүт тағамдарыАқтау қаласындағы № 1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Нурымова Ботагоз ЖуматовнаСабақтың мақсаты:
Білімділік : қазақ халқының ұлттық тағам атауларын білдіре отырып,сүт тағамдарымен таныстыру,күнделікті қажет сөздерді меңгертіп,баяндай алуға үйрету.
Дамытушылық: Мәтінді оқу,сөйлесулер арқылы тілдерін жаттықтыру, сөздік қорын молайту, сұрақ-жауап арқылы сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік : ұлттық тағамдермен таныстыру, олардың ерекшелігін түсіндіру арқылы елге деген құрмет сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақСабақтың көрнекіліктері: слайдтар, қазақтың ұлттық тағамдары, бүктемелер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.(Сәлемдесу. Әнұран айту. )2. Психологиялық дайындық:
Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз,
Білім шыңына біз шарықтаймыз.
3. Үй тапсырмасын сұрау:
оқушылар нан туралы мақал-мәтелдерді еске түсіреді
Нан болса,ән де болады;
Ас атасы- нан;
Нанды жерге тастама,үстіне басқа зат қойма;
Нанды бір қолмен үзбе;

4. Жаңа сабақ. Кіріспе.
Мұғалім:- Ал, балалар, қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрі көп.
Құрамына қарай 3 – топқа бөлеміз. Олар: ұн тағамдары,
ет тағамдары және сүт тағамдары. Соның ішінде ет және сүт
тағамдарын төрт түлік малдан аламыз. .
2791460-64833500-261620-64706500
2752090000-266700000
Төрт түлікке нелер жатады? (Жылқы,түйе,сиыр,қой)
Төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар? (Төрт түлік малдың сүтін,етін тағам ретінде,жүнін ,терісін киімге тұтынады және көлік ретінде мінеді)
5. Интерактивті тақтамен жұмыс .Топтастыру стратегиясы.



6. Сөздікпен жұмыс :
Шұбат – напиток,приготовленный из верблюжего молока
Қымыз –кумыс,напиток из кобыльего молока
Ірімшік-сыр
Емдік –лечебный
Шөп –трава
Сүйсіне – с удовольствием
Өзгеше –особенный(-ая,-ое)
Жаңа сөздерді дауыстап оқыту, ө,ұ,ү,і дыбыстарына көңіл бөлдіру.
7. Кітаппен жұмыс. Оқушыларға сүт тағамдарын көрсетіп,атауларын айтқызу.
28549975221940053018740527900
71882030988000285496030988000
3464560-43370500336288-30771400
32404055448300033528054483000
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
Жазғы демалыста Асқар інісімен ауылға барды. Ауылда атасы мен әжесі тұрады. Олар түйе,бие,сиыр ұстайды. Асқарға бие сүтінен жасалған қымыз ұнады. Інісі шұбатты сүйсініп ішті.Сиыр сүтінен жасалған тағамдар ірімшік,айран,құрт,сүзбе,қаймақ дәмді болады.Қалада сүт тағамдарын азық –түлік дүкеніне сатып аламыз. Ауылдағы сүт тағамдарының дәмі өзгеше болады екен.
3- тапсырма . Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Жазғы демалыста Асқар інісімен қайда барды?
2. Олардың атасы мен әжесі қандай үй жануарларын ұстайды?
3. Асқарға қымыз ұнады ма?
4. Інісі нені сүйсініп ішті?
5. Сиыр сүтінен қандай тағамдар жасалады?
Интерактивті тақтамен жұмыс (қосымша материалдар)
Қымыз- қазақ халқының сүйікті сусындарының бірі. Ол бие сүтінен жасалады. Қымыздың емдік қасиеті мол. Ол-әсіресе өкпе ауруына шалдыққан адамдарға пайдалы.
Шұбат- түйе сүтінен жасалады.Оның емдік қасиеті мол. Шұбат-асқазан,түрлі ішек ауруларына бірден-бір шипалы сусын.


8. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
Қазақ халқы түйе сүтінен.....жасайды.
Бие сүтінен..... жасайды.
Сүттен ....,....,.....,.... дайындайды.
9. Сабақты бекіту.
-Бүгін тақырыпты қалай меңгергендеріңді жұмбақ,мақалдар арқылы тексереміз. Жұмбақты оқимын, шешуін тауып, мақалдар айтып көрейік. Сонан соң төрт түлік малдың бірі түйеге арналған Сүгірдің күйі «Бозінген» тындалық.
1. Қамыс құлақ, 2. Кезекті бір жануар, Тостаған тұяқ, Үстінде екі тауы бар.
Мінсең қанат, Ол не? ( түйе )
Сүті- дәрі,
еті – тамақ. (жылкы)
Мақалдар айту:
1. Қымызы бар үйдің қызығы бар. 4. Ауырсаң айран іш Сіңірің түйілсе сүт іш.
2. Айран ішкен құтылар 5. Түйесіне қарай –жазысы,
Аяқ жалаған тұтылар. Биесіне қарай-қазысы.
3. Жалғыз шапқан ат жуйрік. 6. Ат-адамның қанаты.
7. Сиырды теппейді, 8. Жері семіздің-малы семіз Сүтті төкпейді.
Бағалау. Оқушылардың жауаптарына қарай жинаған ұпайлары / жұлдызшалар/.