С.Дат?лы баста?ан Кіші ж?з ?аза?тарыны? к?терілісі (9 класс)
Тақырыбы: § 6.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Білімділік мақсаты: С.Датұлы бастаған азаттық көтерілістің себептері ,
барысы, жеңілу себептері және тарихи маңызын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректерді, құжаттарды және көркем
әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың өз
бетімен іздену дағдысын даымту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжандылыққа, халқымыздың өткеніне құрметпен
қарауға, ерлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Тест, буклет, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ, кескін карта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Мақсатын анықтау: Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып
Қол төңкерер ме екенбіз.
Жалаулы найза қолға алып
Жау қашырар екенбіз. Ақтанберді
2. Сабаққа кіріспе: 1.Кіші жүз Ресейге қашан қосылды?
2. Пугачев көтерілісі қай жылдары болды?
3. Қазақтар бұл көтеріліске не үшін қатысты?
3. Жаңа материалды баяндау.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Көтерілістің алғы шарттары, қозғаушы, күштері.
2. Көтерілістің барысы
3. Көтерілістің басшысы.
4. Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы.
1. Патша өкіметінің отарлау саясаты күшейіп, халыққа зорлық –зормбылық жасауы үдей түсті.
Көтерілістің басты қозғаушы күштері – қарапайым көшпенділер, сонымен бірге патша саясатына наразы би, старшын, батырлар қатысты.
Мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.Қазақтардың қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
2. С.Датұлының Орал қазақ әскерлерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі 1783 жылы күзде басталды.
Сырым Датұлының кескілескен күресі 1784 жылы маусымда болды. Жазалаушы топтар: 17.02.1785 жылы Смирнов тобы, 1785 жылы көктемде Орал қазақ старшиналары Колпаков пен Пономарев Примьер –майор Назаров тобы ауылын шапты.
Көтерілісшілердің ендігі мақсаты: Нұралыны тақтан тайдыру. Кіші жүз старшындары 1786 ж. Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылданды. Барон Игельстром жобасы – Кіші жүзде хандық билікті жойып, әкімшілік билеуді іске асыру.
Д.Донсковтың қатігездігі - көтерілістің қайта өрлеуіне түрткі болды.
Сырым батыр патша үкіметіне қарсы күресті жалғастырды.
1791-1794ж.Ералы хан билік құрды. Сырымның күрестің ауыр азабын бірге көрген Жантөре, Ералы , Қайсары , Жарқыбай, Амандық сияқты батырлар еді.
1795-1797 ж Есімхан сайланды.
3. Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы – (Буклет пайдалану).
4. Көтерілістің әлсіреуі.
Хандық кеңес (4 адам) құрылды.Оның төреағасы Айшуақ Сұлтан болды.
Нұралының жақтастары Қаратайды хан етіп сайлады.Патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.
1783-1797 ж азаттық көтерілістің жеңілу себептерін:
Айқын бағдарламасы болмады:
Ру билері, старшынның жауыздығы:
Көтеріліс күштерінің нашар ұйымдасуы.
Тарихи маңызы:
Жер-су проблемалары шешілді.
Еділ мен Жайық арасындағы жайылым жер қайтарылды.
Казактардың озбырлығы бәсеңдеді.
Бекіту: Сөзжұмбақ.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақтар
2. Тест
3. Карточкамен жұмыс
4. Кескін картамен жұмыс
5. Ол кім ? Бұл не? Сұрақтар
4. Бекіту.
5. Бағалау.