Абай ??нанбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы


Сабақ жоспары
Күні:
Сыныбы 9Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығыСабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.Міндеттер:1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағыСабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығыСабақ құрылымыI. Қызығушылығын оятуЖүрегіңнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.Абайдың суретін көрген ол:Мына тұрған Абайдың суреті ме?Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.Ақыл, қайрат, білімді тең ұстағанӨр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.II. Мағынаны тануҚазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып
оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.1. «Білімге бастап ел - жұртын»Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)2. Абай – ақын*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.*Абайдың өлеңдері сұралады.*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.3. Абай – аудармашыОқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.4. Абай – қарасөз шебері*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.5. Абай – сазгер.*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.* «Желсіз түнде жарық ай «әні тыңдатылады.III. Ой - толғаныс (Абайдың мұражайы бейнефильм арқылы көрсетіледі)Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т. б. әндері бар.7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.Оқушылар өз жұмыстарын тексереді, бағалайды.Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен аяқтау.Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?Жырымен жан сусынын қандырған кім?Өзіне өзі орнатып ескерткіштіМұра ғып кейінгіге қалдырған кім?Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?Талабын тас қияға өрлеткен кім?Құба жон, құбақан құм құла қырдыӨлеңнің бесігінде тербеткен кім?Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?Арманын аттандырған келешеккеБіздермен осы күнді тербеткен кім?Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?Өзендей құйған барып көк теңізгеЛермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?Көрікті көңілде жыр, қолда қаламӨмірдің өріне өрлей басқан қадамҚазақтың өлеңінің ұлы атасы,Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.IV Үйге тапсырма беру:«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.V БағалауОқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.
Сабақ жоспары
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : СТО
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі : амандасу, түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
Тіл білімінің салалары туралы ойқозғау, және пунктуация туралы білетіндеріңізді ортаға салу
ІІ. Мағынаны ажырату
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі жағдайда, сөйлеу тілінің мақсатына орай (хабарлау, баяндау, сұрап білу, жауап алу, талап ету, екіұшты күйде қалу) әрқилы болып келеді. Осыған орай сөйлем соңына түрлі тыныс белгілері қойылады.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс
белгілер
нүкте (.) Аман үйге келді
Сұрау белгісі (?) Айтарың осы ма?
Леп белгісі (!) Бабаларым, рахмет сендерге!
Көп нүкте (...) Дауыстар естілгендей болды...
Жаттығумен жұмыс: 130-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып,қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңдар.
131-жаттығу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
Сергіту сәті: Сөйлем мағынасына қарай бөлінетіндігі туралы мысалдар ойлап жазыңдарІІІ. Ой толғаныс132-жаттығу. Баласағұни сөздерін пайдалана отырып, «Адами асыл қасиеттер» деген эссе жазыңдар.
Пунктуация нені қарастырады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Үйге тапсырма : Мақал-мәтелдерді қатыстырып,тыныс белгілерін қойып, диалог құрастыру, 133-жаттығу
Сабақ жоспары
Күні:
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері (№6,19,25,29,33,37)
Сабақтың мақсаты: Қарасөздердің мазмұнын меңгерту. Оқушыларды шығармашылыққа,ізденіске баулу,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау. Абай еңбектерін оқу арқылы адамгершілігі мол, ғылым-білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу, елін,жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен материалдарды қайталау.
2798445131445Ақын
00Ақын

379158511493500
495236586360Сазгер
00Сазгер
1180465165735Аудармашы
00Аудармашы

258762519875500423164019875500 Абай
37915859969500
2948305122555Философ
00Философ

ІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі сабақта Абайдың философ екенін дәлелдейтін өмірінің соңғы кездерінде жазылған еңбегі қарасөздерімен танысамыз. Абайдың І-ші сөзін оқи отыра түсіндіру.
Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Қарасөздері арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.Бүгінгі сабағымызда сөз еткелі отырған №6,19,25,29,33,36 қарасөздерін әр топтан жекелеген оқушылар түсіндіріп береді.
І топ - №6,19 сөз
ІІ топ - №25,29 сөз
ІІІ топ - №33,37 сөз
Тапсырма концептуалдық кесте толтыру.
І топқа
Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстары Себебі
ІІ топқа
№ Абайдың сөзі Абайдың айтпақ ойын анықтайтын мағыналас мақал- мәтел табу
1 Жаман дос-көлеңке.
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың. 2 Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,
Адамның баласы- бауырың. ІІІ топқа
Р/с Абай пікірі Сенің пікірің
1. Егерде мал керек болса қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. 2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым , ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсе мен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық. Ортақ тапсырма
І.Тапсырма «Егер мен ақын болсам» (ой толғау)
ІІ.Абайдың нақыл сөзге,мақал-мәтелге арналған қандай сөзін білесің?
Мысалы: Еңбек етсең,ерінбей
Тояды карның тіленбей.
ІІІ. Тест (10 сұрақ)
1.Абай өмір сүрген жылдар?
а)1841-1900ж ә)1842-1901 ж б)1843-1902ж в)1844-1903ж г)1845-1904ж
2.Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып,жаза берейін.... Абайдың нешінші қарасөзі?
а)1 ә) 5 б)10 в) 15 г) 20
3.Әкесі Абайды неше жасында қай қалаға оқуға жіберді?
а) 7 жас Тараз ә) 8 жас Семей б) 9 жас Торғай в) 10 жас Семей г) 11 жас Омбы
4. Ей, жігіт, не қылсаң да ер екенсің,
Көргейсің ерлігіңнің берекесін. Қай поэмасынан үзінді?
а) «Масғұт» ә) «Медғат - Қасым» б) «Мұтылғанның өмірі» в) «Ескендір» г) Еңлік - Кебек»
5.Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?
а) Барлас ә) Байкөкше б) Көкбай в) Жамбыл г) Жанатай
6.Бала болдың, жас болдың,
Жалғандыққа ермедің. Өлеңін кімге арналған?
а) Әбішке ә)Мағашқа б) Шәкәрімге в) Шүкіманға г) Ерболға
7.Абайдың қанша поэмасы бар?
а) 1 ә) 2 б)3 в) 4 г) 5
8. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!»
а) Сағат Әшімбаев ә)Сұлтанмахмұт Торайғыров б) Сәкен Сейфуллин в) Сырбай Мәуленов
г) Сәбит Дөнентаев
9.Абай жеңгелерін кім деп атаған?
а) Шырақ ә) Кенжем б) Сұлу жігіт в) Телқара г) Оқымысты
10 .Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?!
– Абайдың қай поэмасынан үзінді?
а) «Адасқанның алды жөн,артық соқпақ» ә) «Ескендір» б) «Есіңде барма жас күнің»
в) «Бәйшешек бақшасы г) «Еңлік - Кебек»
ІV. Қорытынды
V. Бағалау
Сабақ жоспары
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.
Сілтеме: Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар.
Мақсаты: Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіріп,шығармашылығын шолу.
-оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту
-есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының ой-өрісін дамыту және жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру
-туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларынжүйелеу келе адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты игеру
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау.
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, ән-әуез.
Көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын ұлы Абайдың шығармашылығы мен нақыл сөздерімен толықтыру.
Тірек ойлар: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
Нұрсұлтан Назарбаев.
Уақыты Стратегиялар Ресурстар Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің әрекеті. Оқушының іс-әрекеті.
5 мин. Шақыру
I.Ұйымдастыру бөлімі
-Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару. Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.
Флеш-тренинг:
«Сәлемдесу» Флеш-тренингтің өтуіне ықпал жасайды.
Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі- қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.
Тайвань-бір-бірінің мұрынын уқалап амндасады.
Қазақтар- төс қағысып амандасады.
10
мин Диалог
тік оқыту «Кім жылдам» ойыны II. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1.Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары? (1804-1846 )
2.Махамбеттің туған жері? (Орал облысы, Нарындағы Бекетай мекені)
3.Қандай тілдерді жетік білген? (араб, орысша)
4.Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрді? (Жәңгір хан)
5.Махамбеттің жан досы, ақылшысы. (Исатай Тайманов)
6.Махамбеттің өлеңдерін ата? («Тарланым», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар».
7.Исатай бастаған қандай көтеріліс? (Шаруалар көтерілісі) Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын пысықтайды.Сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.

10 мин
5 мин
10 мин
5 мин
«Топтастыру» стратегиясы.
«Эссе»
жазу
Рефлексия Сергіту бөлімі:
«Желсіз түнде- жарық ай» әні
III. Негізгі бөлім.
« Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!»
-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үніле отырып сезіне- тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше, балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген-білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ ретінде бастаймыз. «Абайды біз кім деп танимыз?» топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
Абай өлеңдері шабыттанған сезімнен туған адам жанын тебірентеді.Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
ІV.Бағалау.Қорытынды. Интерактивті тақтадан Абайға арналған слайдтарды тамашалайды.
Әр топ «Абайды біз кім деп танимыз?» топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
107632512700000 ұлы ақын
144780015684500аудармашы
28575010541000философ
346710040703500657225381000017145094297500153352594234000113347597218500
Күйші,сазгер елбасқарушы
Жаңажазба әдебиетінің негізін салушы
«Желсіз түнде- жарық ай» әнін мәнерлеп айтып, әуенге салып айтады.
«Мен Абайды қаншалықты білдім» эссе жазу.Топ ішінде өте жақсы, мазмұнды жазылған жұмысты класс назарына ұсынады.
Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».
Сабақты талдау Не жақсы болды? Қойылған мақсат пен міндеттер өз мәресіне жетті.
Қандай кемшіліктер болды? Топ жұмысы барысында кейбір оқушылар толық жұмыс жасаған жоқ.
Жұмыс барысында қандай жетістіктер болды? Кластың жұмыс жасау қарқыны өте жақсы.
Нені дамыта аласыз? Сын тұрғысынан ойлау. Топта жұмыс жасау мәдениетін, кластастарын ынтамен тыңдауға.
Сабақтың бағасы.Сабақ
тың өту деңгейі Сабақ «Сын тұрғысынан ойлау», «АКТ қолдану», «Диалог» модулдерін, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлерін қолдану барысында жақсы деңгейде өтті.
Не жақсы өтті? Оқушыларға сабақта дәстүрлі емес жұмыс түрлерін қолданған ұнайды.
Қандай ойдасыз? Жаңа технология бойынша сабақтарды жалғастыру.
Нені дамытар едіңіз? Оқушыларды сапалы білім алуға дағдыландыру, сабақ жоспарына жеті модульді енгізу.
Нені өзгерткіңіз келеді? Оқушылардың қызығушылық қабілетін оятып, дамыту.
Сізге қандай көмек керек? Оқушылардың себебі оларға сапалы білім керек және әріптестер мен мектеп әкімшілігінің қолдауы.