«Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, Ол к?ндер м??гі есте са?талады» презентация
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» Өткізілу барысы:1. Кіріспе. «Ұлы Жеңіске 70 жыл»2. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (Жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)3. Бауыржан Момышұлы туралы шағын көрініс және видео көру4. Қазақстанның батырлары туралы видеоны қорғау5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)6. Менің батыр ата бабам /сынып оқушыларының ардагер аталары туралы/7. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)8. «Майданнан хат»/сұрақтарға жауап беру/. «Майданға хат». 9. «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)10.Қорытынды Аз емес зар жылаған, егілген жан,Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.Қирады талай арман көңілге алған Ұлы Жеңіске мың тағзым! «Отан үшін отқа түс» Бауыржан Момышұлы Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды.Қорғап өткен намысын Бауыржанның,Туған халқы жырламайкім жырлайды... Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет) “Менің батыр ата –бабам” Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы) «Майданнан хат»/сұрақтарға жауап беру/. «Майданға хат». «28 шілде» 1941ж. Сәлем хат, менің сағынышыма айналған үй ішім, асыл жарым! Сендерді қатты құшақтап, беттеріңнен сүйдім... құдайға шүкір мен әлі тірімін. Денсаулығым да жақсы. Осы хатым саған жетер жетпесін білмеймін. Бірақ, бұл менің соңғы хатым екендігін сеземін. Аса қауіпті де, қатерлі соғыс жүруде. Күні бойы шабуылды басудамыз. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: айнала қара түнек, қираған үйлер мен өртенген ғимараттар. Бірақ біз мойымаймыз. Біз жау жүрек жауынгерміз, отанымыз, еліміз үшін жан қиюға дайынбыз. Отан үшін өлуден қорықпаймыз, керісінше немістердің біздің қыршыннан қиылған өміріміз үшін қатты жазаланғанын қалаймыз... Сендерден өтінерім, мені еш уайымдамаңдар. Білемін, сендерге жеңіл емес. Маған да оңай емес, бірақ мен жалғыз емес екендігімді білемін: қасымда майдандас достарым, ал туған жерімде өз ошағым бар. Аяулы жарым, өткен өміріміздегі бір бірімізге деген ренішімізді санамыздан өшірейік; сенің бейнең, қуанышты сәттеріміз, сәбилеріміздің болашағы маған рух пен күш береді.Сендерді қатты сағындым, құшағыма алғым келеді! Ондай сәт болар болмасын кім білсін??? Бұл соғыс қой... біздің танк немістермен алғаш кездескенде, менде бір елеулі күш пайда болып, пулеметтер барымша оқ жаудырдым, барымша жаудың көзін көп құртып, жеңіс күнін жақындатуға тырыстым. Сендерді бір сәт болса да көру үшін асықтым, бірақ менің арманымның орындалар түрі жоқ.... Әлі де соғысудамыз. Ешкімде әл қалмады. Командир бізді ұмытып кетті ау деймін, өлілер қатарына қосып та үлгерген болар... бірақ біздің кеудеміздегі үміт сәулесін сөне қоймады. Алыста өз ошағымда күтіп отырған жаныма жақын адамдарым бар, әрі мені ешқашан ұмытпайтындарына сенемін. Сендердің болашақтарың жарқын әрі бақытты болады! Сәбилерім тәуелсіз елде күн кешеді! Оқушыларға сұрақ: 1) Бұл хатты оқыған кезде қандай күйде болдыңыз?2) Сіздің ойыңызша бұл әскер ерлік жасады ма?3) Ерлік жасау үшін әскерге қандай қасиеттер көмектесті? 3) Хат кімге арналған? Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін Барша халық жеңіс күнін тойлайды,Жас сәбилер думандатып ойнайды.Ардагерлер көздеріне жас алып,Ұрпақтардың амандығын ойлайды.