Сар?ылмас ?лылы?ты? бастауысы?. Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!


Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием,
Бастауышым!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 4жыл білім алған бастауыш
сыныппен қоштасып, әр баланың ерекшелігін тагыта отырып, ұстаздары мен
ата-аналарына балалық алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдіру. Өз
отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, гүлдер, шарлармен безендірілген акт залы.
Сабақтың барысы:
Көңілді күн әні мен би. Билеп сахнаны ашу.
Сапқа тұрып оқушылар ортаға шығады.
Альбина
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Әсел
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Ел дәстүрін мәңгі сыйла оқы, деп
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Шұғыла
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай балапанын мәпелер
Бүгін міне бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби еркелер
Назым
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып қошеметтеп шақырамыз
4-сынып оқушыларын ортамызға
Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.
Рахат
Олай болса, құрметті көрермендер
Сүлеймен
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, бастауышым! атты ертеңгілігімізді.
Олжас
Әлия апайдың қырандай ұлдары,
Қызғалдақтай қыздары.
Қайрат
4. 4 В сыныбы
Хор: Біз бастаймыз.
Қайрат: Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Әнмен шашу шашайық
Қоштасу тойын бастайық
Хор: Алтын ұя мектебім
Сүлеймен:
Мектебім – білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санапм
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған
Қайрат:
Сүлеймен, сен дұрыс айтасың! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.
Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Сүлеймен.Олай болса Қайрат, алтын ұя мектебіміздің алғашқы сатысындағы балалық шақ слайдына назар аударайық.
Слайд көрсету. Шуағын төккен 4жыл.
Аружан Т
Аармысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағың
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мағжан
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Азамат
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Дилназ
Мектебім – сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – қайың бүр ашқан.
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Ән. Мереке
Сүлеймен: Балалардың ұстазға арналған ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Қайрат?
Қайрат: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. Батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшсын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісінде ұстаз өсіреді деген екен.
Сүлеймен: Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар.
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жадымызда үні бар.
Мейіржан
Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі
Пернебай Болатұлы – басшымыз
Тәртіп пен мәдениеттің символы.
Шұғыла
Бар баланың сенгені Сәбит ағай өзіңіз
Сол сенімді ақтауменен өрледіңіз
Сарқылмас мәңгі бұлағым – ұстазымсыз
Жана берсін жасампаз еңбегіңіз
Сұлушаш
Несібелі апай ұстазысың балалардың
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңа
Біріде жеткізе алмас бағалардың.
Қасиет
Нұр құйған санасына зейіндінің
Гүлжахан апай сауле шашқан мейірімің
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе
Өмір сырын үйретіп дүниені таныттың
Алтыншаш
Орыс тілін құрметтеп
Сүйеміз шын жүректен
Райса апай анамыздай
Орыс тілін үйреткен.
Анарбек
Өзін тануды үйреткен
Айгүл апай ақылшым
Рахмет ұстазыма дәріс берген
Үйреткен ғылымдарды өнермен
Олжас
Баулыған әрбір өнерді
Тамара, Әлия, Асылхан ағай өнерлі
Әсем әнді, қолөнерді, суретті
Жалықпайды, бізге үйретіп келеді
Жанасыл
Дене тәрбиесі сабақтың сабағы
Ашылса екен Нұрсұлтан ағайдың қабағы
Киініңдер! Дегенін асыға күтеміз
Арманымызға осылай жетеміз
Ән.Әдемі-ай.
Би: Учать в школе.
Сүлеймен
Қайрат, алғалы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, 42
Әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз Әлия апай туралы ерекше жеке дара айтқым келіп отыр.
Қайрат: Олай болса, Сүлеймен алғашқы ұстазымызға арнап арнау айтып берсек
қайтеді.
Қайрат. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бұл мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Сүлеймен:
Енді міне сағымдай өте шықты
4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір бір мықты
Алғашқы ұстазымыз Әлия апайға арналады:
Сымбат
Аттағанда мектептің босағасын
Алғашқы ұстаз жылытты шапағатың
Әліппені үйретіп, әдепті де
Қуандырды әр бала ата анасын.
С Аружан
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Сағына әркез суреттерді парақтап
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Данияр
Біз бәріміз артқа тастап 4жылды
Ұмытпаймыз ұстаздарымызды жаны ізгі
Пана болған, дара болған біз үшін
Жанымыздан артық дер ек біз сізді
Сүлеймен
Білімді бол, оқы, үйрен деп өсірді
Жақсылыққа баулып та жүр неше түрлі
Бала үшін жанын салып күні түні.
Хормен : Құрметтейік Ұстаз деген есімді.
Ән : Ұстазым
Қайрат:
Жарқылдап тойға келген асыл жандар
Гүлдер боп көзімізге басылғандар.
Қол жетпес арманды іске асырғандар
Ата аналар, құрметті асыл жандар.
Сүлеймен:
Дүниеге әкелген ол да сенің анашың
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.
Дей отырып келесі орындалатын ән барлық аналарымызға арналады.Ән:Аяулы анашым.
Вальс.Сагындым Алматымды.Бір топ бишілер.
Қайрат: Ия, Сүлеймен міне сағымдай өте шыққан жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Сүлеймен: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.
Назым
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым
«А» әрпін алғаш сенен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Бағлан
Бірдей біздің ойымыз да сырымыз
Бір мектептің ұлы менен қызымыз
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп ойнап біріміз бен біріміз.
Альбина
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларын
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Нұртуған
Бастауышым – бал бұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Рахат
Бастауышым – балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Сымбат
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Қайрат: Достарымның өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты,
Сыныптасым, құрбыларым әрдайым
Арналады осы әнім сендерге.
Ән.Қазақ халқым-ай.
Болады деп арманда. Көркемсөз. Республикалық Шалқар қазақ радиосының тұлпар байқауының жеңімпазы.
Қайрат:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылықты ешкімнен аямаған
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген – аяулы ардақты адам.
Сүлеймен:
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметтеп өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
1 Сөз кезегі алғашқы ұстазымызға Әлия апайға беріледі.Қошеметпен қол соғып қарсы алайық.
Ән: Өз елім
Сүлеймен:
Жамандықтан сақтандырған
Жақсы істі мақтан қылған
Білім алған мектебінде
Билерімен шаттандырған.
Биші қыздарымызды ортаға шақырамыз:
Қазіргі заман билері.
2 Келесі сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сәбит ағай мен Несібелі апайға сөз беріледі.
3 Келесі сөз кезегін ата-аналарымызға береміз.
Осымен бүгінгі «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым » атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріскенше аман-сау болыңыздар.