Ашы? саба? Ана тілі 4сынып ?айырымдылы?


Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: 1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар: Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Тапсырмалар: 1.«Ой қозғау» Видео.
2.«Ойлан, жұптас, талқыла»«Қамқорлық» сөзін топтастыру.3. Жаңа мағынаны таныту. Оқулықпен жұмыс. «ДЖИКСО» әдісі.4. Сөздік жұмысы. Бәкене – аласа; Қақ – іркіліп қалған жауын суы.5. Топпен жұмыс. «Ой шақыру»1 - топ: Салыстыру кестесін толтырады.2 - топ: «Толықтыру» тестін орындайды.3 - топ: «Еркін жазу» Мұхтарға хат жазады.Кейінгі тапсырмалар:Өзгерістерді бағалау;Басқа әріптестермен ақылдасу.Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау;
Жүргізілетін жұмысымМұғалімнің іс - әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.Пазл құрастыру арқылы топқа бөлу.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.Тренинг « Бақыт шеңбері» Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.Бағалау критерийлері.1. Үй жұмысын орындауы.2. Қосымша сұрақтарға жауап беруі.3. Жаңа сабаққа қатысуы;Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»Видео.Үй тапсырмасын тексеру.«Кубизм» әдісі арқылы тексеріледі.1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіз?2. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?5. Ақбілек деген кім?6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?«Ойлан, жұптас, талқыла»«Қайырымдылық» сөзін топтастыру.ҚайырымдылықПостер қорғалады. Топ бір - бірін бағалайды.Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.
Жаңа мағынаны таныту.Оқулықпен жұмыс. Үнтаспадан мәтін тыңдалады.«ДЖИКСО»I топ: Монтиған құрбыларынан ерекше.II топ: Күшікті құтқарғанына қуанышты.III топ: Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды.Топ бір - бірін бағалайды.Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.Сергіту сәті.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.Бәкене – аласа;Қақ – іркіліп қалған жауын суы.Топпен жұмыс: «Ой шақыру»1 - топ: Салыстыру кестесіӘңгіменің аты«Торғай» « Қайырымдылық»АвторыҰқсастығыАйырмашылығыНегізгі ойы2 - топ: «Толықтыру» тесті.1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.5. Әрине, әр кез солай _____ бол!6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді.Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;баласының.3 - топ: «Еркін жазу»МҰХТАРҒА ХАТРефлексия. «Сиқырлы сандық» ойыны.6. Бағалау.Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.7. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. 251 - 252 бет.