Тіл дамыту Су асты патшалы?ы — балы?тар та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары
Тіл дамыту
Тақырыбы: «Су асты патшалығы-балықтар»
Сабақтың мақсаты: Балық туралы алған білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту.
Білімділігі: Балықтың адам ағзасына маңыздылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ойын еркін жеткізе білу, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Балықтарды қорғауға, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Слайд, балықтар суреті.
Пәнаралық байланыс: айналамен танысу, музыка, тіл дамыту, жапсыру.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.( Балаларды көңілдендіріп алу)
-Балалар, бір-бірімізге сабақты бастамас бұрын, жақсы тілек айтайықшы.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Слайд «Көрікті көктем»
Көктем мезгілінде табиғатта болатын өзерістерді сұрау. Көктемнің айлары: наурыз, сәуір, мамыр екенін айттыру. Жан-жануарлардың төлдейтінін, тіршіліктің жаңаратынын айту.
II. Жаңа сабақ.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі. (Балық)
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған. (Сазан)
2. Слайд «Көктерек» өзені ондағы балықтың түрлері, атаулары туралы түсінік беру.
Сазан, Шортан балықтары «Көктерек» өзенін мекендейді.
-Қандай балықтарды білеміз?
-Сазан,Шортан, Желкенді баклық, Ескектұмсық, Белбеубалық, Сауытты балық.
-Балықтарды көбейту үшін қандай қамқорлық қажет?
-Заңсыз аулауға болмайды.
-Өзен, көлдерді ластамау.
-Қыста мұздың бетіне ойық ою.
Балалар іс-әрекеті.
Түрлі- түсті қағаздан балықтың пішінін қиып алып, сурет дәптерге жабыстырады.
Балалар күнделікті тағам құрамында балық өнімдерін пайдалансақ, көру қабілетіміз жақсарып, миымыз жақсы жетіледі.
Қорытынды:
Білімдерін тиянақтай отырып, мақтап мадақтау әдісі арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма: «Алтын балық» ертегісі.