Биология п?нінен ашы? саба? Органикалы? заттар н?руыздар


Сынып 10 Пәні: биология Мұғалім: М. Тастанова.
Сабақ жоспары
Жалпы сыныптағы оқушы саны :27 С абаққа қатысқаны.
Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттар нәруыздар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың нәруыздар туралы ойларын толықтыру. Нәруыздардың құрамындағы аминқышқылдардың түрлерімен таныстыру. Шығармашылыққа баулу, Жеке жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақты өткен соң күтілетін нәтиже: Оқушылар нәруыз құрамындағы аминқышқыл түрлерімен танысып шығады. Жеке жұмыс істеуге деген қабілеті артады.
Қолданылатын дидактикалық материалдар немесе көрнекіліктер: Тірек сызба, түрлі кеспе қағаздар, стикер, маркер
Сабақтың түрі: Түсіндіру, Ой қозғау. Сұрақ- жауап
Сабақтың оқыту әдістері: Топтық жұмыс, түсіндірме жалғастыру. Ыстық орындық әдісі.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3м Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Шаттық шеңберге тұрып бір- біріне жылы лебіздерін білдірту . Лента арқылы 2 топқа бөлу.
Оқушы мәдениетін және топ ережесін сақтау, көшбасшылықты дамыту.Лентаның түстерін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.
Өткен сабақты қайталау 12м
Үйге берген тапсырмалардың орындалуын бақылау, бағалау.
«Сен оны білесің» жұмыс түрінде тапсырмалар орындату.
Конвертте әртүрлі А, В, С деңгейлерге байланысты тапсырмалар берілген
Көмірсу деген терминді кім енгізді?
Көмірсулар қандай элменттерден тұрады?
В
Көмірсулар жайлы түсінік?
Не себепті көмірсулар деп аталаады?
С
Көмірсулар қалай жіктеледі?
Полисахаридтерге нелер жатады?
Үй тапсырмасын орындағаны жөнінде деңгейлік сұрақтарға жауап беруі ,топта қорғауы.
Жаңа сабақ 15м Жаңа сабақ барысы. Жалпы сипаттамасы
Нәруыз - тіршілік негізі, аминқышқылдары мономерлерінен тұратын
күрделі биополимерлер. Нәруыз малекулалары негізгі құрылыс материалдары болып табылады. Сонымен қатар организмде тасмалдаушы, жиырылу , қорғаныш , энергетикалық , т . б. қызметтер атқарады.
Жаңа сабақты толықтыру мақсатында екі топқа бірнеше тапсырма беремін.
1-тапсырма
1 . Адам организіміне қажетті заттар
2.Адам организімінде........................... материалы болып табылады ол .......................... құрайтын органикалық заттар қатарына жатады.
3. Жасушадағы аса маңызды процесс .................... .............. болып табылады.
4. тірі организімдердің әрбір оның өзіне ғана тән ............................ жиынтығы бар.
2-тапсырма
1. Аминқышқылдарының негізгі бөлігін ................ ................ .............. азот құрайды
2. ................... ферменттер жасушадағы ................... реакциялардың жүруін тездетеді.
3. Жоғары температурада ..................... бұзылады.
4. .............................. - тіршілік негізі. Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.
Сабақты пысықтау Шапқан озар, жатқан қалар.
Жаңа сабақтан алған білімді қортындылау мақсатында үлестірме материалдармен жұмыс жасаттым. Жұптық, топтық түрде тапсырмаларды орындау.
Бағалау 3 «Білімнің басы бейнет, түбі зейнет.»
Дер кезіңде оқушыларды әділ бағалау;
Өзін-өзі бағалауды бақылау. Оқушылар өзін - өзі қорытынды бағалауы.
Үй тапсырмасы 2 Органикалық заттар нәруыздар. Эссе жазу. Жеке ізденуге баулу.
Кері байланыс жұмыстары 5 Оқушылардың сабақтың барысы туралы пікірін тыңдау, кері байланыс жазбаларын жинақтау. Оқушылар өз ойларын білдіреді (стикер толтырады және т.б.)
Мұғалімнің сабақтан алған әсері Сабақта не сәтті орындалды? Сабақта не сәтсіз орындалды?