Биология. Та?ырыбы: Б?рша? т??ымдастар


Сабақтың тақырыбы: Бұршақ тұқымдастар Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің көп түрлілігімен таныстыру. Бұршақ тұқымдасына тән белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, оқыған өсімдіктерді ажырата білу дағдыларын дамыту , олардың белгілі бір тұқымдасқа жататындығын дәлелдеп, салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Білімділігі: Оқушыларды бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойын элементтері арқылы интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру. Тәрбиелілігі: Оқушыларға бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың әдісі : сұрақ – жауап, тест жұмысы, биологиялық диктант. Құрал жабдықтармен көрнекілік: гербарий, сабаққа таратпа материал, итерактивті тақта , презентация,слайд Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту (интерактивті тақта арқылы )
1.Тес жұмысы
Қазір бақша өсімдіктерінің қанша түрі белгілі? А) 900 Ә) 800 Б) 650
Қазақстанда соның ішінде қанша түрі кездеседі? А) 10 Ә)15 Б) 9
Жемісі ең ірі өсімдік А)қауын Ә)қарбыз Б) асқабақ
Асқабақ қай қалада мәдени дақыл ретінде алғаш өсіріле бастаған? А) мексика Ә) бразилия Б) куба
Асқабақтың сабағы неше метрге дейін жетеді? А) 5 Ә) 7 Б)9
Орамжапырақгүлділердің ғаламшарда неше мыңға дейін түрлері бар? А) 2000 Ә)3000 Б) 4000
Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланатын өсімдік? А) құтырған қияр Ә) итжүзім Б) чайот
Ғаламшарымызда қаншадан астам раушангүлділер бар? А)3000 Ә) 3500 Б) 4500
Аула сәнін келтіретін нағыз сәндік гүл бұл – а) шетен ә) беже ағашы б) раушан
Раушан гүлінен не алады? А) иод Ә) бағалы май Б) сабын
Раушанның қанша іріктемесі бар? а) 2 500 ә) 25 000 б)25 000
Раушангүлділер тұқымдасы қазақстанда қанша түрі өсіріледі? А) 27 Ә)35 Б) 370
2. Кім жылдам ? «иа» және «жоқ»
Ғаламшарда раушангүлділердің 3000 түрі бар (иа)
Мойыл, шетен, алмұрт раушангүлділер тұқымдасына жатады? (иа)
Шыршай, байғұт, қойбүлдірген – біржылдық өсімдік? (жоқ)
Раушангүлділердің жапырақтары бірдей? (жоқ)
Итмұрын, долана раушанның сабақтары тікенекті емес? (жоқ)
Раушангүлділердің гүлшоғырлары бірдей? (жоқ)
Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған? (иа)
Итмұрынның саны 100 – ге жетеді? (иа)
Раушан майы бағалы емес? (жоқ)
Аула сәнін келтіретін раушан ? (иа)
Раушан гүлінің іріктемесі 35000 мың? (жоқ) 25
Итмұрын гүлінің аталықтар өте көп? (иа)
Раушангүлділер қосжынысты? (иа)
ІІ. Мағананы ашу (слайдтар арқылы жаңа сабақты түсіндіру ) Бұршақ тұқымдастар 12000/650 түр ҚР-да Гүлшоғыры-шоғырбас, шатырша, масақ, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақшасы 1 «желкен», 2«ескек», 2«қайықша», аталығы 1+(9), аналық саны -Жемісі –құрғақ бұршаққап. Гүл формуласы Т(5) К 3+(2) А 1+(9)Ж1 Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді
9525102870
Соя өсімдігі Бұл өсімдіктің 100г-ында и45г нәруыз, 27г өсімдік майы, 20г крахмал бар.Сояның қоректік тұқымынан 100-ге жуық азық-түлікпен, тәтті тағамдар: кәмпит,май,печенье, сүт,сыр, ірімшік т.б дайындауға болады
ІІІ. Ой толғаныс : 1.«Биологиялық диктант» Бұршақ тұқымдастардың .......................... түрі бар деп есептеледі. Оның ..............-ге жуық түрі ...................... өседі. Сөйтіп тамырда .....................пайда болады. Жапырақтарында ...........................бөбешік жапырақтар болады. Гүлі біріккен бес .......... жапырақшалар , бес ....................... күлтежапырақшалардан құралады. Ең ірі күлтежапырақша - «..........................» күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша «..........................» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі – «....................» . қайықшаның ішінде .......... аналық бар, оны ........... аталық қоршап тұрады. Бұрщақ тұқымдастарының көпшілігінде .......... аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі ............ қалады. 2. Сәйкестендіру тест ( интерактивті тақтадан ) 3. №25 зертханалық жұмыс
VI . Үйге тапсырма беру §28. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер (мазмұндау) және дәрілік маңызы туралы қосымша іздену