Презентация: Молекулаларды? ?оз?алысы. Диффузия(7 класс)


§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. ЕСІМІЗГЕ ТҮСІРЕЙІК Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?Молекула дегеніміз не?Заттардың молекулалары бірдей ме?Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады? Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады. Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады. Сұйықтық термометрлер Механикалық термометрлер Электрлік термометрлер Тұрмыстық термометрлер