Та?ырыбы: Молекулаларды? ?оз?алысы. Диффузия. Дене температурасыны? молекулалар жылдамды?ына т?уелділігі.
Сабақ жоспары
Сабақ реті _10 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________
Сабақтың тақырыбы: § 9. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Молекулалардың қозғалысы, диффузия туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсінік қалыптастыру, дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігін анықтауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге деген құштарлығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, тексеру және бағалау.
Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен,
жаттығулар орындау, сынақ жүргізу.
Сабақтың кӨрнекіліктері:
Проектор, интерактивті тақта, 7 сыныпқа арналған электронды оқулық, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:
Қандай ғылымдар тәжірибе көмегімен білім алады (дамиды) ?
Қандай ғылымдар бақылаулар көмегімен білім алады (дамиды) ?
Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы не?
ІV. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты молекулалардың қозғалысымен, Диффузия құбылысымен танысу. Оларды өлшеуді үйрену.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Электронды оқулықтан мәтін.
Денені құрайтын бөлшектер үзіліссіз қозғалыста болады. Заттың бөлшектері қозғалыста болатын онша күрделі емес тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотияйынның ерітіндісін құйып, оның үстіне таза суды жайлап құйып қоялық. Бірнеше күннен кейін сұйықтардың арасындағы шекара жойылады да ыдыста бір түсті ерітінді түзіледі. Бұл жағдай сүйықтардың молекулалары үздіксіз және ретсіз қозғалыста болады деп айтуға болатындығын білдіреді.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір – біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.
Электронды оқулықтан көрсетілім.
Диффузия сұйықтарда, газдарда және қатты денелерде жүреді.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір – бірінен белгілі бір қашықтықта орналасы және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.
Денелердеің температурасын термометрмен өлшейді.
Дене молекулаларының қозңалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
сұйықтық термометр, механикалық термометр.
электронды термометр. тұрмыстық термометрлер.
VI. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:
Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?
Диффузия деген не?
Диффузияның пайдасы қандай?
Диффузия құбылысынан қандай қорытынды туындайды?
VII. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:
7 тапсырма
VIII. Үй тапсырмасын беру: § 9 оқуға
IX. Баға қою.